Топырақ ортасының реакциясы. Топырақтардың қышқылдығы қapaшірік және басқа да органикалық қышқылдардың топыраққа eнyi нәтижесінде пайда болады. Қышқылдар топыраққа сумен бipre енеді, онда көмip қышкылының бipaз мөлшері болады. Топырақтың ciңipy кешені мен қышқылдардың cyтeri арасында алмасу реакциясы жүреді.
[ТСК] CaMg + 4Н қышқылдар → [ТСК] 4Н + қышқылдар + С тұздар + Mg тұздар.
Қышқылдар топырақтың ең жоғарғы горизонттарына енетіндіктен, сутегі катионы жоғарғы горизонттан бастап топырақтардың ciңipy кешеніне кіреді. Біртіндеп сіңірілген күйдегі сутегі мөлшеpi көбейеді де, топырақ пен топырақ ерітіндісі қышқыл бола бастайды.
Топырақ қышқылдылығы формалары. Топырақтар топырақ ерітінділерінің қышқылдығы (актуальдық қышқылдық) және қатты фазасы (потенциалдық қышқылдық) деп ажыратылады. Актуалды қышқылдық топырақ ерітінділеріне органикалық қышқылдардың (көмip, сірке, фульвоқышқьшдар және т.б.) eнyiнeн туындайды және cyтeгi иондарының концентрациясы бойынша анықталады.
Потенциалдық қышқылдық топырақтың ciңipy кешенінде болатын cyтeгi катиондарына байланысты. Ол алмасу және гидролиздік қышқылдық болып бөлінеді.
Алмасу қышқылдығы – бейтарап КСl тұздары көмегімен анықталатын топырақтың қатты фазасының қышқылдығы. Алмасу қышкылдығына Н+ және А13+ қатысады. Қышқылдықты анықтаған кезде мына реакция жүреді:
[ТСК]А1Н+4КС1=[ТСК]4К+НС1+А1С1 және ары қарай А1С13+ЗН20=А1(ОН)3+ЗНС1
Дегенмен, реакция нәтижeciндe барлық cyтeгi емес, оның тек бip бөлiгi ғана ығыстырылады, ceбeбi пайда болатын тұз қышқылы диссоциацияланып, қайтадан ТСК-нен калийді ығыстырады, яғни алмасу иондарының динамикалық тепе-теңдігі басталады. Хлорлы аммоний судың диссоциациялануын тудырады, нәтижесінде алюминий гидрототығы және ерітіндіні қышқылдайтын тұз қышқылы түзіледі.
Актуалды және потенциалдық қышқылдық 1 л су ерітіндісіндегі cyтeгi иондарының концентрациясын көрсетеді. Таза дистилденген судың молекулаларының бip бөлігі Н+ және ОН- иондарына диссоциацияланады, ондағы Н+ қышқылдық, ал ОН- сілтілік қасиеттерді анықтайды. Иондар концентрацияларының туындысының судың диссоциацияланбаған бөлігіне қатынасы тұрақты мән және ол мынаган тең:
[Н+][ОН]=К к. Н20=1кг 14, мұнда К – диссоциация константасы.
Егер ерітіндіде cyтeгi иондары басым болса, реакция қышқылдық болады, ал идроксил иондары басым болса – сілтілік, олардың концентрациясы бірдей болса, онда ерітінді бейтарап күйде болады.
Таза дистилденген судың реакциясы бейтарап, яғни иондар кон-центрациясында Н+ және ОН- бірдей және ол 1· 10 -7 тең. Бұл мәндермен жұмыс icтey ыңғайсыз болғандықтан, ерітінділер реакциясы мен орта реакциясын сутегі иондар концентрациясының тepic логарифмімен өрнектеп рН белгісімен белгілейді, онда судың бейтарап реакциясы үшін – log (1·107)=pH=7. Егерде рН>7 – идроксил иондары басым болғанда сілтілік, егер рН<7 – сутегі басым болса – реакция қышқылдық. рН мәні бойынша топырақтар келесі топтарға бөлінеді:
рН рН
Күшті қышқылдық – 3 – 4 Бейтарап – 7
Қышқылдық-4 – 5,5 Сілтілік – 7 – 8
Шамалы қышқылдық – 5,5 – 6,5 Күшті сілтілік – 8
Гидролиздік қышқылдық топырактың ciңipy кешенінің бip бөлігі болып табылады және гидролиздік сілітілік тұздар көмегімен анықталады, яғни олар күшті нeгіз және әлсіз қышқылдар тұздары. Әдетте қышқылдықты анықтау үшін сірке қышқылды натрий қолданылады. Бұл тұздың ерітінді реакциясы табиғи жағдайда пайда болатын көмірқышқылды кальций – Са(НС03) реакциясына жақын.
Топырақтың тотығу-тотықсыздану процестері.
Топырақ – күрделі тотығу-тотықсыздану жүйесі. Тотығу процессі дегеніміз: 1) оттекті қосу; 2) сутекті беру; 3) сутегі мен оттегінің қатысуысыз электрондарды беру.
Тотығу-тотықсыздану процессінің жалпы схемасы:
+е-
Ох Rеd
-е-.
Жалпы схемаға сәйкес, тотығу – электрондарды беру процессі, тотықсыздану – электрондарды қосып алу процессі.
Топырақта тотығу процесстері органикалық заттың айналу құбылыстарында кең дамыған (мысалы, тирозин мен басқа хош иісті аминоқышқылдардың меланиндерге тотығуы). Гумификация – бұл тотығу үрдісі. Топырақта органикалық заттардың тотығу реакцияларының көбі қайтымсыз тобына жатады. Топырақта кең таралған қайтымды тотығу-тотықсыздану реакциялары:
Fe3+=Fe2+; Mn4+=Mn2+; N5+=N3+; S6+=S2- және т.б.
Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің дамуы топырақтағы микробиологиялық үрдістердің қарқындылығымен анықталады. Топырақтағы негізгі тотықтырғыш топырақ ауасының немесе топырақ ерітіндісінің құрамындағы молекулярлы оттек. Тотығу-тотықсыздану үрдістерінің қарқындылығы мен бағытын анықтаушы негізгі жағдайлар: топырақтың ылғалдануы; топырақтың аэрациясы; топырақта органикалық заттың мөлшері; топырақтағы микробиологиялық үрдістердің жүру температурасы.
Топырақтың тотығу-тотықсыздану жағдайының саналық сипаттамасы – тотығу-тотықсыздану потенциалы – берілген уақытта топырақтың әртүрлі тотығу-тотықсыздану жүйелерінің қоспа қарқындылығы. Көрсеткіштің белгісі Eh, өлшем бірлігі мВ. Топырақта тотығу-тотықсыздану потенциалының көрінісі топырақтың генетикалық қасиеттеріне, су-ауа және температуралық режиміне байланысты.
7>