1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет64/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Сұр топырақтар
Бұл тау бөктеріндегі шөл далалар топырақтары, олар 34 млн. га, немесе ТМД территориясының 1,5 % қамтиды. Сұр топырақтар республика аумағының оңтүстік бөлігінде орналасқан, сондықтан қыста тоң толық қатпайды. Бұнда жауын-шашын мөлшері біршама көбірек, ал тау бөктepi жазықтарында 400-500 мм-ге жетеді.
Сұр топырақтар кескіні горизонттарға нашар бөлінген, А гори­зонты бояуы бойынша аналық жыныстан шамалы ғана ерекшеленеді, өтпелі В горизонтының түci шамалы сұрғылт болады, астында карбонаттар көп жинақталған иллювиалды карбонатты В горизонты орналасқан, сондықтан оның түci құқыл болып келеді. 150-180 см-де гипстің ұсақ кристалдары жинақталады, одан төмен суда еритін тұздар орналасқан.
Топырақ кескінінің қалыптасуына әсер ететін маңызды факторлар ылғалдылық пен кебу. Ашық сұр топырақтар көктемде 1 м тереңдікке дейін, ал нақты сұр топырақтар 2 метрге дейін ылғалдана­ды. Ылғалдану үрдісінде суда еритін тұздардың бірталайы жоғарғы қабаттарға қайтып келеді, жазда топырақ неғұрлым тереңге ылғалданған сайын, соғұрлым аз тұз қайта көтepiлeдi.
Сұр топырақтардың ылғалдану дәрежесі жоғары болғандығынан эфемерлер дамуына жақсы жағдай туындайды, олар тұтас өсімдік жамылғысын құрай алады. Жоғары температура, топырақтың жақсы жылу режимі, өсімдік қалдықтарының күлділігі жоғары екендігі топырақта органикалық заттардың толық ыдырауына қажетті жағдайды қамтамасыз етеді. Өсімдік қалдықтары мен шірінді заттардың тез ыдырауы мен минералдануы нәтижесінде сұр топырақтарда аз ғана қарашірік қалады. Босаған қоректік элементтер сумен шайылып кетпей, топырақтың беткі 1-4 м қабатында қалады. Осыған бай­ланысты қарашірігі аз болғанымен сұр топырақтардың өнімділігі жоғары. Олардың құрамында бірталай мөлшерде азот пен калий болады, фосфор қосылыстары epyi қиын үшкальцийлік фосфат Саз(Р04)2 түрінде кездеседі. Жазғытұрым ылғалдың аздығына бай­ланысты сұр топырақтардағы биологиялық үрдістер келесі көктемге дейін тоқтайды.
Жоғарғы горизонттары құрамындағы қарашірік мөлшеріне қарай сұр топырақтарды келесі тип тармақтарына бөледі: ашық сұр то­пырақ - қарашірік мөлшері 0,5 - 3,5 %, сұр топырақтар - қарашірік мөлшері 1,5 - 3,5 % және нақты сұр топырақтар – қарашірік мөлшері 3,5-5,0 %. (А + В) горизонттары қалыңдығына байланысты сұр топырақтар­ды жұқа қабатты (А + В 40 см-ден аз), орташа қабатты (40—80 см), және қалың қабатты (80 см-ден көп) деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет