1 -дәріс кіріспе: курстың мақсаты мен міндеттері, топырақтану ғылымының ҚЫСҚаша даму тарихы



бет68/72
Дата14.03.2023
өлшемі0,89 Mb.
#74403
түріҚұрамы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72
Байланысты:
Дәріс топыр 1-15-3

Кебірлер
Кебірлер қалыптасуы. Кебірлер деп, сіңіруші кешені натрий катиондарымен қаныққан, ал суда еритін тұздары астынғы горизон­ттарға шайылып кеткен топырақтарды айтады. Кебірлерге құрамындағы сіңірілген натрий мөлшері 20 %-тен асатын топырақтар жата­ды. Егер сортаңдарда тұздар А горизонтында шоғырланған болса, кебірлерде олар төменгі, В горизонтында болады.
Кебірлер пайда болуының негізгі ceбeбi, натрийдің судағы ерітіндісінің төменгі горизонттардан капиллярлармен көтерілуі. Натрий тұздары топырақта биологиялық жолмен де жинақталуы мүмкін. Сонымен қатар натрий тұздары жусан, сораң өсімдіктер қалдықтарының органикалық заттарының ыдырауы кезінде де жи­нақталады.
Кебірлердің пайда болу жолы мынадай: топырақ ерітіндісінде натрий тұздары көбейген сайын, ciңipy кешенінен кальций мен маг­ний ығыстырылып, олардың орнын натрий басады. Топырақтың нашар коагулятор болып табылатын натриймен қанығуына байла­нысты, органикалық және минералдық коллоидтар гель күйінен золь күйіне ауысады, жылжымалы болып жоғарғы горизонттардан төменге шайылады да тығыз иллювиалды немесе кебірлі горизонт түзеді. Жоғарғы горизонтта лайлы тұнба фракциясы азайып, төменгі горизонтта көбейеді, структурасы бұзылады, топырақ күшті ciлтiлiк реакцияға ие болады.
Жер асты сулары кейбір себептермен тартылып кеткен жағдайда, Са мен Mg еритін тұздары жауын-шашынмен топырақтан оқтын-оқтын шайылып отырады, ал топырақтың ciңipyшi кешені натрий катиондарымен қанығып, кебірлер түзеді.
Кебірлер құрылымы. Кебірлердің топырақ кескіні генетикалық горизонттарға жақсы бөлінеді. Онда үш горизонт бар: А - элювиалдық горизонт, В - иллювиалдық горизонт, С горизонты - аналық немесе топырақ түзуші горизонт.
Төменде кебірдің топырақ кескінінің мысалы берілген:
А0 - 10 см - элювиалдық горизонт, ашық-сұр, структурасыз, кейде қабыршақты структуралы, тұзда еритін тұздар мүлде жоқ не­месе аздап болады, кейде бетінде үлбір түзіледі;
Ві 10-23 см — иллювиалдық-кебірлі горизонт, күңгірт-сұр, біржарымдық тотықтармен, қарашірік және лайлы тұнбамен қанықкан, вертикал сызаттарымен бөлінеді, ылғалды күйде тұтқыр, су өткізгіштігі нашар, құрғақ күйінде қатты жарылады, NaHC03, NaC03 бірталай мөлшерде болады, құрылымы тығыз, ауыр саздақ;
В2 – 23-58 см — иллювиалдық, кесекті-жаңғақты, күңгірт-құба, структурасы кесекті, тығыз, құрамында СаС03 бар ауыр саз­дақ;
В3 58-104 см — иллювиалдық-тұзды горизонт, сұрғылт-құба, тығыз, структурасы призмалы, ақкөздер ретіндегі кальций карбонаттары көп, кескіні бойында карбонаттар, хлоридтер, сульфаттардың ең көп мөлшеpi жинақталған;
Ск - аналық жыныс 104-120 см тереңдіктен басталады, құба-құқыл түсті, Са карбонаттары көп, ауыр саздақ;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет