МЕДИАЦИЯНЫҢ АЯҚТАЛУЫ Медиация келесі негіздер бойынша аяқталады:
– Медиативтік келісімге қол қою арқылы - медиацияға қатысушылар осындай келісімге қол қойған күннен бастап.
Тараптың (Тараптардың) медиациядан шығу туралы өтініш беруі - осындай өтініш берілген күннен бастап.
осы Келісімнің 2.2. т. көрсетілген медиацияны жүргізу мерзімінің аяқталуымен.
Медиацияға қатысушылардың кез келгені, егер оны одан әрі жүргізу орынсыз деп есептесе, медиацияның қалған қатысушыларын жазбаша түрде хабардар ете отырып, медиацияны аяқтауға құқылы. Мұндай жағдайда хабарлау күні медиацияның аяқталған күні болып есептеледі.
Медиатор Тараптар (Тарап) медиацияның басқа қатысушыларын Шарттың 3.3. т. 3 азат жолында көзделген тәртіппен хабардар етпеген жағдайда, тараптар (Тарап) медиацияға қатысушылармен келісілген мерзімде бірнеше рет (2 рет және одан көп) келмеген жағдайда тараптардың әрқайсысына жазбаша хабарлама жібере отырып, медиацияны аяқтауға құқылы. Мұндай жағдайда хабарлау күні медиацияның аяқталған күні болып есептеледі.
КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ, ОНЫ ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ ТӘРТІБІ Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және тараптар мен медиатор ол бойынша өз міндеттемелерін толық көлемде орындағанға дейін қолданылады.
Осы Келісім Тараптардың жазбаша келісімі бойынша ғана толықтырылуы, өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін.