1- тапсырмасы. «Графикалық органайзерлер» туралы ақпаратты зерделеп, «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бір оқу мақсатына/сабақ тақырыбына графикалық органайзердің бір түрін әзірлеңіз. Сынып
1- тапсырмасы. «Графикалық органайзерлер» туралы ақпаратты зерделеп, «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндері бойынша бір оқу мақсатына/сабақ тақырыбына графикалық органайзердің бір түрін әзірлеңіз.
Сынып:
7-сынып
Бөлім
Балалар мен үлкендер.
M.Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Оқу мақсаты
7. Б/С3. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады.
Бағалау критерийі
Білім алушы
поэмада көрінетін ұлттық құндылықтарды анықтайды, салыстырады;
поэмадағы ұлттық құндылықтарды салыстыра отырып талдайды, дәлелдемелер келтіреді;
поэмадағы ұлттық құндылықтарды бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып, эссе жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Жоғарғы деңгей. Қолдану
Тапсырма «Балық қаңқасы»әдісі арқылы берілген сұрақ бойынша талдау жаса.
Сұрақ: Поэманы халқымыздың ұлттық құндылығы деп тани аласыңдар ма?