#23 Ер бала 5 жаста, педиатрға келіп қаралды. Шағымдары: 38,30 С дейін температура, мезгілмен қалтырау, әлсіздік, түңгі тершендік, аз мөлшерде шырышты қақырықпен жөтел, бір рет қан түкіру, дауыстың қарлығуы, жұтқан кезде ауру сезім. Анамнезінен – соңғы 2,5 айдың ішінде жағдайы нашарлаған. Туберкулезбен ауыратын атасымен контакт, ол фтизиатрдың есебінде тұрады. Объективті: жүдеу, перкуссияда – жауырын арасында дыбысы тұйық, аускультативті – бұғана асты аймақта әлсіз тыныс және құрғақ сырылдар. Осы жағдайда Ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады? Ошақты бронхопневмония
#24 Ер бала Г, 4 жаста, дәрігерге қаралғандағы шағымдары: жоғары температура, әлсіздік, ентігу. Қарап тексергенде: жағдайы ауыр. Сопорозды, жҥдеу, өкпенің барлық аймақтарында әлсіз тыныс, бірлі-жарым құрғақ сырылдар. Анамнезінен – 2 айдан астам ауруханада емделіп жатқан туберкулезбен ауыратын ағасымен контактта болған. Осы жағдайдағы Ең ықтимал болжам диагнозыңыз қандай болады? Деструкциялы пневмония
#25 Науқасты дауыстың қарлығуы, жұтқан кездегі ауру сезімі мазалайды. Рентгендік зерттеуде: екі жақты өкпенің тұтас диссеминациясы анықталды. Әр түрлі көлемдегі және қоюлығындағы ошақтар, өкпенің жоғарғы бөліктерінде жұқа қабатты «мөр» тәрізді қуыстар (2,0 х 2,0 см) перифокалды қабынусыз. Осы жағдайдағы Ең ықтимал болжама диагнозы қандай болады? Фиброзды-кавернозды туберкулез