Химия
1. 0,4 моль тұз қышқылымен әрекеттесетін магний оксидінің массасы
A) 4 г
B) 40 г
C) 80 г
D) 8 г
2. Массасы 196 грамм күкірт қышқылының зат мөлшері
A) 4 моль
B) 0,2 моль
C) 0,4 моль
D) 2 моль
3. Массасы 37 г сөндірілген ізбестің зат мөлшері
A) 0,25 моль
B) 2 моль
C) 1 моль
D) 0,5 моль
4. Ион алмасу реакциясына сәйкес келетін әрекеттесу
А) барий оксиді мен күкірт қышқылы
В) барий оксиді мен күкірт (VІ) оксиді
С) барий хлорді және күкірт қышқылы
D) барий оксиді мен тұз қышқылы
5. Реакция теңдеуіндегі бейэлектролиттердің алдына қойылатын коэффициенттер жиынтығы Fe+2HCl(ер) → FeCl2(ер)+H2 ↑
A) 7
B) 4
C) 2
D) 6
6. 1,11 г сілтілік металл сумен әрекеттескенде 0,16 г сутек түзіледі. Осы металл
A) Na B) K C) Li D) Rb
7. 80 г ІІ топ элементінің карбонаты термиялық ыдырағанда, 17,92 л (қ.ж.) газ бөлінді. Металды анықтаңыз
А) Ba
В) Ca
С) Zn
D) Mg
8. Химиялық реакция жылдамдығына … әсер етпейді.
A) қысымның жоғарылауы.
B) ыдыстың пішіні
C) әрекеттесуші заттардың концентрациясы.
D) катализатордың қатысуы
9. Реакция жылдамдығының әрекеттесуші заттардың концентрациясына тәуелділігін көрсететін зат
A) Зат құрамының тұрақтылық заңы
B) Еселік қатынас заңы
C) Энергияның сақталу заңы
D) Әрекеттесуші массалар заңы.
10. Егер реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, температураны 300 -қа көтергенде реакция жылдамдығы ...артады.
A) 27 есе
B) 9 есе
C) 37 есе
D) 17 есе
11. а) N2(г)+O2(г)↔2NO(г)-Q
б) 2NH3(г)+Q↔N2(г)+3H2(г) екі үрдісте де тепе-теңдікті солға ығыстыратын жағдай
A) қысымды төмендету
B) қысымды жоғарылату
C) N2 концентрациясының кемуі
D) температураның кемуі
12. Экзотермиялық реакция
A) жылу бөле жүретін реакция
B) жылу сіңіріле жүретін реакция
C) гомогенді реакция
D) қайтымды реакция
13. 5,6 литр(қ.ж.) метан жанғанда 401 кДж жылу бөлінетін жағдайда реакцияның жылу эффектісі
CH4 (г) + 2O2 (г) =CO2(г)+ 2H2O +Q
A) 1602 кДж
B) 1601 кДж
C) 1604 кДж
D) 1600 кДж
14. Мынадай рекция берілген: 2NO (г)+ O2(г) =2NO2 (г) Реагенттердің бастапқы концентрациясы С(NO)=0,8 моль/л, С(O2)=0,6 моль/л. Оттектің концентрациясын 0,9 моль/л -ге, ал азот (II)оксидінің концентрациясын 1,2 моль/л -ге дейін арттырса, реакция бастапқы жылдамдығы қанша есе өседі?
A) 3,375
B) 3,925
C) 3,3668
D) 3,473
15. Ауада қыздырғанда да тотықпайтын металдар тобы:
A) Na, Au
B) Al, Fe
C) Ca, Cu
D) Au, Ag
16. Берілгендердің ішінен хромның тотығу дәрежесі “+6” болатын қосылысын табыңыз.
A) HCrO2. B) K2 Cr2 O7. C) Cr2 (SO4 )3. D) Cr2 O3
17. Н2СО3 затындағы көміртектің массалық үлесі (%):
A) 38
B) 29
C) 19
D) 48
18. Aзот атомының ядро заряды:
A) +12. B) +6. C) +14. D)+7
19. Сынап пен сұйытылған азот қышқылы әрекеттесуі реакциясындағы жалпы коэффициенттер саны:
A) 14.
B) 22.
C) 18.
D) 20
20. Көлемі 67,2 л газдың (қ.ж. алынған) зат мөлшері:
A) 4 моль.
B) 0,5 моль.
C) 1 моль.
D) 3 моль.
Достарыңызбен бөлісу: |