әдеттей, балаларға вакцина егуге тыйым салынады. Егер иммунды жүйе қалыпты
жағдайда болса, жұқпалы аурулар жедел түрде өтеді. Жұқпалы аурудын созылмалы болуы
қалыптасқан иммунды тапшылықтын белгісі. Созылмалы жұқпалар кезіндегі иммунды
тапшылық қоздырғышпен күресу жағдайындағы иммунды жүйенің резервті
мүмкіншіліктерінің жұқарғанынан болады және бара-бара ауырлайды. Сонымен қатар,
аталған жағдай патологиялық үрдістің ары қарай созылмалануына себеп болады.
• Бактериалдық жұқпалар (туберкулез, мерез, лепра, пневмококктық,
менингококктық, стрепто- және стафиллококктық және басқа жұқпалар).
Вирустық жұқпалар:
- жедел (қызылша, қызамық, грипп, паротит, жел шешегі, жедел вирустық
гепатит);
- персистенциялаған (жеделасты склероздаушы панэнцефалитпен әсерлескен қызылша,
гепатита В созылмалануы, ұшық);
- туа біткен (цитомегаловирустық инфекция, қызамық);
- иммунды жүйенің вирустық жұқпалары (ЖИТС, цитомегаловирустық жұқпа, жұқпалық
мононуклеоз).
Ятрогендік факторлар
Екіншілік иммундытапшылықтардың қалыптасуына ятрогендік факторлар да қатысуы
мүмкін. Оларға, біріншіден, дәрілік препараттар жатады. Көптеген эксперименталды
жұмыстарда және клиникалық тәжирибелерде цефалоспориндік және фторхинолондық
тізбектің антибиотиктерінің, левомицетиннің, стрептомициннің, тетрациклиннің,
туберкулезге және саңырауқұлақтарға қарсы антибиотиктердің иммундыдепрессиялық
әсері табылған. Сонда антибиотиктердің ең айқын иммундыдепрессиялық әсерлері
ретінде вирустарға қарсы иммунитеттің төмендеуі, Т-лимфоциттердің
функционалды
белсенділігінің тежелуі, нейтрофилдер мен макрофагтардың фагоцитарлық белсенділігі
азаюы жүзеге асады. Онкологиялық, лимфопролиферативті және аутоиммундық
аурулардың ем шарасы ретінде, сонымен қатар трансплантация кезінде қолданылатын
дәстүрлі иммунодепрессанттар мен цитостатиктер иммуносупрессиялық әсер көрсетеді.
Күшті иммундысупрессиялық әсер кортикостероидті гормондармен емдеу кезінде де
байқалады. Физиологиялық концентрациялардан тым жоғары мөлшерлерде
кортикостероидті гормондар иммундыхабарлы жасушалардың миграциясы мен
рециркуляциясын тежейді, белсенділіктерін басып тікелей лимфоцитотоксикалық әсер
көрсете алады. Қазіргі кезде ауруханаішілік госпиталды жұқпалардың - медициналық
мекемелерде болатын қоздырғыштар шақырған жұқпалы үрдістердің жиілігі өсуде.
Өмір салтының қауыпты факторлары
Тамақтану жетіспеушілігінің аздап болуы иммундық реактивтілігінің терең бұзылыстарын
шақырмайды. Бірақ созылмалы ақуыз – калорийлік жетіспеушілікте фагацитоз
активтілігінің төмендеуі байқалады, комплемент жүйесі мен пропердин жүйесінің ақуыз
синтезі төмендейді, антиденелер синтезі тежеледі, перифериялық қанда Т және В –
лимфоциттердің және олардың субпопуляцияларының саны азаяды, жетілмеген
жасушалар саны ұлғаяды.
•
Ақуыздық тапшылық
•
микроэлементтер жеткіліксіздігі
•
Витаминдер тапшылығы
•
Екіншілік ИТЖ – дың пайда болуына темекі шегу, маскүнемдік және
•
нашақорлық үлкен әсер етеді.
№20. Табиғи иммунологиялық төзімділік: қалыптасу механизмдері (оң және теріс
селекция)
Жауабы: Иммунологиялық төзімділік дегеніміз – белгілі бір антигенмен шақырылған және
осы антигенге арнайы иммунологиялық жауаптың болмауы (ареактивтілік). Ал басқа
антигендерге қалыпты иммундық жауап сақталады. Төзімділік иммундық тапшылық
жағдайлардан мүлдем өзгеше, себебі иммундық тапшылық жағдайлар кезінде иммундық
жүйенің бұзылыстары салдарынан көпшілік антигендерге иммундық жауап
қалыптаспайды немесе төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: