1.1 тақырып Тіл дыбыстарының жасалуы
Қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын
дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Дауысты дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-біріне жанаспай жатуы
арқылы жасалынады. Олардың негізгі ерекшеліктері болып мыналар
табылады:
- дауыстылардың жасалатын орны - тамақ тұсы;
- дауыстыларды айтқанда, фонациялық ауа сыртқа - біркелкі, баяу
шығады;
- дауыстылардың ішкі сапасы - таза үннен тұрады;
- дауыстылардың үн сапасында - жаңғырық (резонация) мол болады;
- дауыстыларды жан-жақты құбылтуға болады;
- дауыстылар сөз ішінде буын жігін құрайды жəне дауыссыздармен
тіркесе алады.
Қазақ
тіліне тəн дауысты дыбыстар жүйесін мына дыбыстар
құрайды: а, ə, о, ө, е, ұ, ү, ы, і.
Дауыстылар құрамына қарай жалаң (монофтонг) жəне құранды
(дифтонг) болып екіге бөлінеді.
Қазақ тіліне тəн дауыссыз дыбыстар жүйесі
Айтылу кезінде ауаның еркін шықпай, кедергіге ұшырап шығуынан
жасалған дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз.
Дауыссыз дыбыстар сөйлеу мүшелерінің бір-бірімен жанасуы немесе
толық қабысуы арқылы пайда болады. Дауыссыздардың басты ерекшеліктері:
- дауыссыздардың жасалатын орны – ауыз жəне көмей қуыстары;
- дауыссыз қатаңдарда мүлде үн болмаса, ұяңдарда – үннің қатысы
жартылай болады да, ал үнділерде - бəсең үн болады;
- дауыссыз қатаң жəне ұяңдардың ішкі сапасы – таза салдырдан
тұрады деуге болады ал, үнділерде сөйлеу мүшелерінің (тіл, ерін, жақ) бір-
біріне жуықтауы, түрленуі, көлемін өзгертуі көмей арқылы келген ауаға
пəлендей кедергі бола алмайды;
- дауыссыз қатаң жəне ұяңдарды - көтеруге, созуға, əуенін өзгертуге
мүлде болмаса, ал үнділерді керісінше – көтеруге, созуға, əуенін өзгертуге
болады;
- дауыссыздардың үн сапасында - жаңғырық болмайды;
- дауыссыздар сөз ішінде жалқы тұрып буын құрай алмайды.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Дауысты дыбыстардың жасалуына белгілі сөйлеу мүшелерінің ерекше
қатысуына қарай қазақ тіліне тəн дауысты дыбыстар бірнеше топқа бөлінеді.
Олар, тілдің қатысу қалпына қарай: жуан жəне жіңішке; жақтың ашылу
қалпына қарай: ашық жəне қысаң; еріннің қатысу қалпына қарай еріндік жəне
езулік дауысты дыбыстар болып табылады.
1. Жуан дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты
дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз. Ооларды кейде тіл арты дауысты
дыбыстар деп те атайды.
Жуан дауысты дыбыстар мыналар: а, о, ұ, ы.
2. Жіңішке дауыстылар
Тілдің ұшы кейін тартылып, үсті дөңестену арқылы жасалған
дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз. Оларды кейде тіл алды
дауысты дыбыстар деп те атайды.
Жіңішке дауысты дыбыстар мыналар: ə, е, ө, ү, і.
3. Ашық дауыстылар
Жақтың кең ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды
ашық
дауыстылар деп атаймыз.
Ашық дауыстылар мыналар: а, ə, о, ө.
4. Қысаң дауыстылар
Жақтың тар ашылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды
қысаң дауыстылар деп атаймыз.
Қысаң дауыстылар мыналар: ұ, ү, ы, і.
5. Еріндік дауыстылар
Еріннің дөңгеленіп алға қарай созылуы арқылы жасалған
дауысты дыбыстарды еріндік дауыстылар деп атаймыз.
Еріндік дауыстылар мыналар: о, ө, ұ, ү.
6. Езулік дауыстылар
Езудің кейін тартылуы арқылы жасалған дауысты дыбыстарды
езулік
дауыстылар деп атаймыз.
Езулік дауыстылар мыналар: а, ə, е, ы, і.
Кесте 1.
Дауысты дыбыстардың жіктелуі
Тілдің қатысына қарай
жуан
а
, о, ұ, ы
жіңішке
ə
, е, ө, ү, і
Жақтың қатысына қарай
ашық
а
, ə, о, ө
қысаң
ұ
, ү, ы, і
Еріннің қатысына қарай
еріндік
о
, ө, ұ, ү
езулік
а
, ə, е, ы, і
Дауыстыларды талдаудың үлгісі:
а
- езулік, ашық, жуан дауысты;
ə
- езулік, ашық, жіңішке дауысты;
е
- езулік, ашық, жіңішке дауысты;
ы
- езулік, қысаң, жуан дауысты;
і
- езулік, қысаң, жіңішке дауысты;
о
- еріндік, ашық, жуан дауысты;
ө
- еріндік, ашық, жіңішке дауысты;
ұ
- еріндік, қысаң, жуан дауысты;
ү
- еріндік, қысаң, жіңішке дауысты.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ
тіліне тəн дауыссыз дыбыстар жүйесін мына дыбыстар
құрайды: б, г, ғ, д, ж, з, й, к, қ, л, м, н, ң, п, р, с, т, у, ш.
Дауыссыз дыбыстардың жіктелуі
Қазақ тіліне тəн дауыссыз дыбыстар дауыс қатысына жəне жасалуына
қарай өзара бірнеше топтарға бөлініп, жүйеленеді. Олар:
- үн мен салдырдың қатысына қарай: қатаң, ұяң жəне үнді дауыссыз
дыбыстары;
- айтылу жолына қарай: шұғыл, ызың жəне діріл дауыссыз дыбыстары;
- жасалу орнына қарай: ерін жəне тіл дауыссыз дыбыстары.
1. Қатаң дауыссыздар
Тек
салдырдан
жасалған
дауыссыз
дыбыстарды
қатаң
дауыссыздар
деп атаймыз.
Қатаң дауыссыздарға мыналар жатады: к, қ, п, с, т, ш
2. Ұяң дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысы арқылы жасалған дауыссыз
дыбыстарды ұяң дауыссыздар деп атаймыз. Ұяң дауыссыздарда үннен гөрі
салдыры басым болады.
Ұяң дауыссыздарға мына дыбыстар жатады: б, г, ғ, д, ж, з.
3. Үнді дауыссыздар
Үн мен салдырдың қатысынан жасалып, бірақ салдырдан гөрі үн
басым болатын дыбыстарды үнді дыбыстар деп атаймыз.
Үнді дауыссыздар жұмсақ таңдайдың қалпына қарай екіге
бөлінеді:
- ауыз жолды: й, л, р, у;
- мұрын жолды: м, н, ң.
1.2 тақырып Буын, оның түрлері
1. Буыннның түрлері
2.Фразалық екпін
3. Логикалық екпін
4.Интонация
Сөз айтылғанда тұтас, бірден айтылмайды. Сөздердің айтылуында ауа
толқыны үзіліп-үзіліп шығады. Бір сөздің ішінде ауа толқынына негізделген
бірнеше бөлшек бола береді. Сөздегі бір дауыстының немесе дауысты мен
дауыссыздың бөлшектеніп айтылуын буын дейміз, өйткені ауа сөздің
құрамындағы дауыстыларды айтқанда еркін шығады да, дауыссыздарды
айтқанда кедергіге ұшырайды. Сонда буын өкпеден келе жатқан фонациялық
Ауамен тікелей байланысты болады. Сондықтан сөздің буынға бөлінуі
дауысты дыбысқа байланысты. Сөзде қанша дауысты дбыс болса, сонша
буын болады, өйткені тек дауысты дыбыс қана буын жасай алады. Дауыссыз
дыбыс буын жасай алмайды, ол дауысты дыбыспен бірге буын құрамына
кіреді. Мысалы: қа-ла, ө-нер, жас-тық, та-ма-ша,т.б
Буынға тəн негізгі белгілер: 1. буын болу үшін оның құрамында
дауысты дыбыс болу керек жəне оның саны бір буында біреуден артық
болмауы тиіс. 2. буында мағына болмайды. Кейбір сөздердің əрбір буыны
лексикалық немесе морфологиялық мағынасы бар бөлшектерге тура келіп
қалады. Мысалы: ат-ты-лар-ға деген төрт буынды сөздің бірінші буыны – ат
(түбір), екінші буыны – ты – сын есім тудыратын жұрнақ, үшінші буыны –
лар- көптік жалғау, төртінші буын – ға – септік жалғау. 3. қазақ тіліндегі
байырғы сөздер бірыңғай не жуан буынды, немесе жіңішке буынды болып
келеді. Қазақ тілінде жуан жəне жіңішке буынды (аралас буынды) орыс жəне
өзге тілдерден енген сөздер кездеседі. 4. қазақ тілінің байырғы сөздері,
буындары екі дауыссыздан басталмайды. 5. тіліміздің байырғы сөздерінің
соңында еліктеуіш сөздерден басқа екіден артық дауыссыз дыбыс келмейді.
Қазақ тіліндегі буынның дыбыстық құрамы төмендегідей болып келеді:
Бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты. Ал орыс тілі
арқылы енген сөздерде буын бес, алты дыбысты бола береді. Мысалы: спорт,
пункт, спектр, спринт. Дыбысталу жағынан қарағанда сөйлеу жік – жігімен
айтылған дыбыс шумақтарының тізбегінен құралады. Дыбысталудың
шумағы өз ішінде кіші топтарға бөлшектенеді. Олар сөйлеудің фонетикалық
единицалары ретінде қаралады: 1) фраза, 2)такт, 3) буын, 4) дыбыс немесе
фонема.
Буын құрамының түрліше болуына байланысты буынның қазақ тілінде
үш түрі бар: ашық буын, тұйық буын, бітеу буын.
Жеке дауыстыдан болған немесе дауыстыдан басталып, дауыстыға
бітетін буын ашық буын деп аталады. М-ы: а-ға, ба-ла...
Дауыстыдан басталып, дауыссызға бітетін буын тұйық буын деп
аталады. М-ы: ат, ақ, ін...
Дауыссыздан
басталып,
дауыссызға
аяқталған,
екі
жағынан
дауыссызбен қоршалған дауыстысы бар буын бітеу буын деп аталады. М-ы:
жоқ, зор, бұлт..
Сөз құрамындағы буындардың барлығы бірдей айтылмай,біреуі
басқаларына қарағанда айқынырақ ажыратылып, көтеріңкі айтылады.Мұндай
қасиетке екпін түскен буын ие болады.Осыған орай бұл буын екпінді буын
деп аталады.
1.Буынның біруі басқа буындардан айрықша күшті айтылуы лебізді
немесе динамикалық екпін деп аталады. Динамикалық екпін фонациялық
ауаның қарқыны буынның күшімен байланысты болады.(славян,герман,түркі
т.б.тілдерге тəн)
2.Басқа буындардың ішінен бір буын айтылу тонының ырғағы арқылы
ерекшеленіп дауыс шымылдығының дірілінің жиіленуіне негізделеді.Екпінің
бұл
түрі
тоникалық
немесе
музыкальды
екпін
деп
аталады
(қытай,корей,жапон,литва).
3.Квантитативті екпін (количество). Басқа буынның ішінен бір буын
өзінің
құрамындағы
дауыстылардың
созылыңқы
айтылуы
арқылы
ажыратылады.
III бөлім Грамматика. Морфология
3.1 тақырып Сөз құрамы. Түбір жəне қосымша морфема, оның түрлері
ҚОСЫМШАЛАР
Жеке тұрғанда мағынасы жоқ, түбір сөзге жалғанып, сөздің
лексикалық мағынасын өзгертетін, сөздің грамматикалық мағынасын
түрлендіретін сөз бөлшегі қосымша деп аталады. Қосымшаларда,
біріншіден, лексикалық мағына болмайды, екіншіден, сөзден бөлек
қолданылмайды, үшіншіден, қосымшалардың дыбыстық варианттары болады.
Мысалы -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.
Қосымшалардың көпшілігі дыбыстық жағына өзгергіш, түрленгіш
келеді, демек, қосылатын сөздердегі дауысты жəне дауыссыз дыбыстардың
əуеніне қарай үйлесіп үндесіп отырады.
Қосымшалар мағынасына жəне атқаратын қызметіне қарай жұрнақ
жəне жалғау болып екі топқа бөлінеді.
ЖҰРНАҚТАР
Жұрнақ дегеніміз — өзі жалғанған сөзге лексикалық немесе
грамматикалық мағына үстейтін қосымшалар. Мысалы: бүркіт жəне
бүркітші деген сөздер түбірлес сөздер болғандарымен, екеуінің лексикалық
мағынасы бір емес, екеуі — екі басқа сөз. Жұрнақтардың қызметтері де,
мағыналары да біркелкі емес, əр түрлі. Кейбір жүрнақтар түбір сөздің
мағынасын өзгерткенімен, сол сөзді басқа бір грамматикалық категорияға
ауыстырып жібермейді. Мысалы: мал мен малшы деген сөздер лексикалық
мағынасы жағынан басқа-басқа сөздер, бірақ белгілі грамматикалық
мағынасы жағынан зат есімге жатады. Кейбір жұрнақтар белгілі бір сөз
табына тəн сөздерді басқа бір сөз табына ауыстырады. Шеге, түз, аяк,
дегендер зат есімге тəн сөздер болса, оларды -ле(шегеле), -да(тұзда), -
та(аяқта) жұрнағы етістікке айналдырып тұр.
Сөйтіп, сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын жұрнақты
— сөз тудырушы жұрнақ деп атайды. Мысалы: киім, өнім деген сөздер -
ім, жұрнағы арқылы ки, өн сөздерінен туған. Сондай-ақ aш, тол
сөздерінен -ық жұрнағы арқылы ашық, толық деген жаңа сөздер
жасалған. Сөз таптарының əрқайсысының өзіне тəн категориялары
тудыратын мұндай жұрнақтардың лексикалық қызметінен гөрі
грамматикалық
қызметтері
анағұрлым
басым
болады.
Мұндай
жұрнақтарды сөз түрлендіретін жүрнақтар деп атайды.
Жалаң жүрнақ деп мағына жағынан да, форма жағынан да
бөлшектенбейтін бір бүтін жұрнақты айтады. Мысалы: білім, кешкі, ойла,
кеспе, малшы, ұшқыш дегендердегі -кі, -ла, -ne, -шы, -қыш жұрнақтарының
əрқайсысы мағына жағынан, тұлға жағынан да біртұтас жұрнақ.
Мағына жағынан бір бүтін бола тұрса да, құрамы жағынан кемінде
екі я онан да көп жалаң жұрнақтардан құралып (бірігіп) жасалған жұрнақтар
күрделі (құранды) жұрнақтар деп аталады. Мысалы: Тұрғылықты, көтеріңкі,
ашпалы деген -легі -ғылықты, (ғы-лық-ты), -іңкі (ің-кі), -палы (па-лы) т.б.
ЖАЛҒАУЛАР
Жалғаулар түбірге жаңа мағына үстемдейді. Олар өздері жалғанған сөзді
сөйлемдегі басқа сөздермен жалғастырып, байланыстырады. Мысалы:
Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан mycmi –лар -дер көптік мағынаны, -i
меншіктілік мағынаны білдіретін жалғау, -н -нан объектіні білдіретін
жалғаулар, олар сөз бен сөзді байланыстырып тұр. Жалғаулар түбір сөзге де,
туынды сөзге де жалғана береді.
Казақ тілінде төрт түрлі жалғау бар. Олар: 1.Септік жалғау. 2.Көптік
жалғау. 3.Тəуелдік жалғау. 4. Жіктік жалғау.
Сөйтіп, сөзге грамматикалық мағына үстейтін. сөз бен сөзді
байланыстыратын қосымшаны жалғау дейміз.
Зат есімнің септік категориясы
СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАР
Тілімізде 7 септік жалғау бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс
септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік.
Септік жалғаулары — зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды
басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар. Мысалы: Абай Найманның
дауына билігін айтып қойған еді. (М.Ə.) Бұл сөйлемдегі Абай деген сөзді
атау септік баяндауышпен (айтып қойған еді), Найманның дегендегі ілік
септік ол сөзді тəуелдік жалғаулы сөзбен (дауын) байланыстырып, дауына
дегендегі барыс септік, билігін дегендегі табыс септік ол сөзді айтып
қойған еді деген етістікпен байланыстырып тұр.
Сөйтіп, септік жалғаулары сөздерді бір-бірімен байланыстыру
қызметін атқарады. Қазақ тіліндегі септіктің аттары, сұраулары жəне
жалғаулары мыналар:
Атау – кім? не?
Ілік – кімнің? ненің? –ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.
Барыс – кімге? неге? қайда? –ға, -ге, -қа, -ке.
Табыс – кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.
Жатыс – кімде? неде? қайда? –да, -де, -та, -те.
Шығыс – кімнен? неден? қайдан? –нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.
Көмектес – кіммен? немен? –мен, -бен, -пен.
ЖАЙ СЕПТЕУ MEH ТƏУЕЛДІК СЕПТЕУ
Жай септеу деп септік жалғауларының тікелей зат есімдердің жəне
басқа есім қызметін атқаратын сөздердің тура түрлеріне жалғануын,
септелуін айтсақ, ал, тəуелді септеу деп септік жалғауларының зат есім
немесе зат есім қызметін атқаратын басқа сөздердің тəуелді түрлеріне
жалғануын айтамыз.
Септіктер Сұраулары
Жай септіктің
сұраулары
Тəуелдік септіктің сұраулары
1. Атау
Кім? не?
кім? кімім? кімің кіміңіз? кім? нең? нем?
неңіз? несі?
2. Ілік
кімнің? ненің? кімімнің? кіміңнің? кіміңіздің?
кімінің? немнің? неңнің?
неңіздің? Несінің?
3. Барыс
кімге? Here?
кіміме? кіміне? кіміңізге?
(қайда?)
кіміне? неме? неңе? неңізге?
несіне?
4. Табыс
кімді? нені?
кімді? кіміңді? кіміңізді? кімін?
немді? неңді? неңізді? несін?
5. Жатыс кімде? неде?
кімімде? кіміңде? кіміңізде?
кіміңде? немде? неңде? неңізде?
несінде? (қайда)
б. Шығыс кімнен?
неден?
Кімімнен? кіміңнен? кіміңіздей?
кімнен? немнен? неңнен?
неңізден? несінен? (қайда?)
7.
Көмектес
кіммен?
немен?
кіміммен? кіміңнен? кіміңізбен?,
(қалай?)
Кіммен? неммен? неңмен?
неңізбен? Несінен? (қалай?)
Септік жалғауы үндестік заңына бағынып жалғанады. Сондықтан,
əрбір септік жалғаудың бірнеше дыбыстық варианттары бар.
Көмектес септік жалғауы буын үндесуіне бағынбай, жуан сөзге де,
жіңішке сөзге де тек жіңішке түрінде жалғанады. Мысалы: қала-мен, өлеңмен.
Орыс тілінен енген 6, в, г, д дыбыстарына аяқталатын сөздерге септік
жалғаулары қатаңнан басталып жалғанады.
2.5 Омонимдер. Синонимдер. Антонимдер
Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталады.
Мысалы,елгезек бала-тілазар бала, шабан ат-жүрдек ат, іскер адам-
олақ
адам, жақсы мінез-жаман мінез, қисық ағаш-түзу ағаш, тату көрші-
араз
көрші, т.б. Тілімізде антоним сөздер мақал-мəтелдерде, жұмбақтарда
көп
кездеседі.
Мысалы, Ащы мен тұщыны татқан
білер,
алыс
пен жақынды жортқан білер. Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір, т.б.
Осы мысалдардағы ащы-тұщы, алыс-жақын, аз-көп сөздері – мағыналары
бір-біріне қарама-қарсы айтылған антоним сөздер.
Омоним – сыртқы тұлғасы: айтылуы, естілуі, жазылуы бірдей,
мағыналары əр түрлі сөздер. Сыртқы тұлғасы жағынан омоним сөздер
мен көп мағыналысөздер ұқсас болып келеді. Омоним болудың негізгі
белгісі сөздердің арасындамағыналық байланыс болмайды, яғни омоним
сөздер əр түрлі мағынада қолданылады, ал көп мағыналы сөздердің
арасында мағыналық байланыс болады, көп мағыналы сөздер бір сөз
табынан болып, бір негізден тарайды. Мысалы, Басыңды жоғары
көтеріп
, аяғыңды жылдам бас деген сөйлемдегі бас сөзі омоним, себебі
бірінші бас сөзі адамның дене мүшесі – не? деген сұраққа жауап беретін,
заттық ұғым атауы болатын зат есім, екінші бас сөзі – не істе? деген сұраққа
жауап беретін қимыл-əрекет атауы болатын етістік. АлТалдың басына
қарлығаш
ұя
салыпты
.
Жолаушылар
бұлақтың
басына
келіп
демалды
деген сөйлемдердегі бас сөзі – көп мағыналы сөз, себебі 1) бір
нəрсенің бастау алатын жері деген бірдей мағынаға ие болып тұр; 2) екеуі де
бір сөз табынан зат есім болып тұр.
Айтылуы, естілуі, жазылуы əр алуан, мағыналары бір-біріне жақын,
жуық мəнді сөздер синонимдер деп аталады. Синонимге тəн негізгі
белгілер: 1) синоним сөздер əр түрлі дыбысталады; 2) синоним сөздердің
мағынасы бір-біріне жақын болып келеді; 3) синоним сөздер бір сөз
табынан болады. Мысалы, Апатты аймаққа көмекші, жəрдемші топ
келді
деген сөйлемдегі көмекші, жəрдемші сөзі бірінің орнына бірін
ауыстырып қолдануға болатын, мағыналары бір-біріне жақын, бір сөз
табынан болған синоним сөздер. Тілімізде синоним сөздер зат есімдерден,
Достарыңызбен бөлісу: |