1. 1,1 Python бағдарламасы жайындa


Python бағдарламасының негізгі операторлары мен интерпретатор тақтасы



бет3/3
Дата25.07.2023
өлшемі451,76 Kb.
#104774
түріБағдарламасы
1   2   3
Python бағдарламасының негізгі операторлары мен интерпретатор тақтасы

Python бағдарламалау тілін пайдалану үшін оны компьютерге жүктеп, орнату қажет. Бағдарламаны орнату тегін жәңе оңай. Windows, Mac, Linux операциялық жүйелерінде жұмыс жасайды. Бірақ біз бағдарламаны компьютерге жүктемей,онымен онлайн түрде жұмыс жасаймыз деп шештік. Онлайн түрде жұмыс жасау үшін ғаламторға «Пайтон онлайн» деп жазсақ жеткілікті. Біз тек бір парақшамен жұмыс жасадық және оның сілтемесі https://www.online-python.com/ осы. Сілтемеге өткен соң бізді келесідегідей түрде терезені көреміз



Сурет 4. Бағдарлама терезесі

Код жазу,операторлар еңгізу жұмыстары бірінші тақтада жасалынады. Екінші тақтада операторлардың шешімі,біздің жағдайда есептердің жауаптары көрсетіледі. Бірақ екінші тақтамен де жекелей жұмыс жасауға болады,онымен жұмыс жасау барысын келесі тарауларда көрсетеміз.


Интеграцияланған өндеу ортасы – программалық қамтамасыз етуді әзірлеуге негізделген бағдарламалау құралдар жүйесі. Ол ағылшынша Integreated Development Environment-IDE деп аталады. Бағдарламалау тілінде көптеген интеграцияланған өндеу орталықтары бар,олар – IDLE,PyCharm, CMD және тағы сол сияқты.
Жоғарыда атап өткен екінші интерактивті терезе бізде бағдарламалау жүйесімен тікелей жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Тақтаның жоғарғы бөлігінде бағдарлама қандай нұсқада екендігі көрсетіледі және компьютер жайлы қысқаша мәлімет беріледі.



Сурет 5. Екінші интерактивті тақта

5 суретте көрсетіліп тұрған >>> белгісі еңгізу операторы print командасын алмастырады. Интерактивті тақтада жазылған кодты немесе өрнекті белсендіру үшін Enter пернесін басамыз.


Бағдарламаның негізгі операторлары мен қарапайым математикалық амалдары жайында:
Бағдарламада негізгі математикалық амалдарды ешқандай модуль немесе кітапхана еңгізбей орындай аламыз. Келесі тарауларда осы амалдармен математикалық есептерді шығарып көреміз,ал қазір ең негізгі амалдармен танысып көрейік

оператор

мысал

орындалуы

амалдар

+=

x+=y

x=x+y

қосу

-=

x-=y

x=x-y

азайту

*=

x*=y

x=x*y

көбейту

/=

x/=y

x=x/y

бөлу

//=

x//=y

x=x//y

бүтін бөлу

%=

x%=y

x=x%y

қалдықпен бөлу

**=

x**=y

x=x**y

дәрежелеу

Кесте 1. Негізгі математикалық амалдар операторлары

Оператоларды еңгізу барысында айнымалыны дұрыс меншіктеген абзал,кері жағдайда бағдарлама еңгізген өрнекті қабылдамайды немесе екінші тақтаға шығару барысында айнымалыны таба алмай қалады.

Бағдарламаның ең негізгі екі операторы бар,олар print() және input(). Олар жұмыс жасау кезіңде өте көп әрі жиі қолданылады. print() операторын «шығу операторы» деп атайды,яғни еңгізген айнымалыларға белгілі оператор қолданып оны екінші тақтаға жауабы ретінде шығарады. Оператордың жақша ішіндегі тырнақша таңбасының ішіндегі сөйлем немесе өрнектер еш өзгеріссіз екінші тақтада шығарылады.

Сурет 6. print() операторының қасиеті

6 суретте көрсетілгендей оператордың екі түрлі ерекшелігі бар,біріншісі шығару кезіңде өрнектің мәнін есептеп шығарады,ал екінші жағдайда тырнақша астындағы өрнекті еш өзгеріссіз сол қалпында шығарады.


Келесі оператор input() «еңгізу операторы» деп аталады. Ерекшелігі меншіктелген айнымалыға кез-келген мән бере аламыз және сәйкесінше еңгізген өрнекке байланысты есептің жауабы өзгереді.

Сурет 7. Еңгізу операторымен жұмыс

Суретте көрсетілік тұрғандай біз шығару операторының алдында еңгізу операторын а айнымалысына меншіктедік. Екінші тақтада қолданушы кез-келген өрнекті,біздің жағдайда кез-келген есімді,еңгізе алады және шығару операторы сол а айнымалысына меншіктелген өрнекті соңғы жауабында көрсетеді. Соңғы жауабы келесідегідей





Сурет 8. Еңгізу операторының шешімі

Көріп тұрғандай біз еңгізген есімді шығару операторы а айнымалысына қабылдап, шығарып берді. Дәл осындай түрде бірнеше айнымалыларды еңгізу операторымен байланыстырып,шығару операторына нақты бір формуланы еңгізіп,есептеу жұмыстарын жасауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет