1. 1,1 Python бағдарламасы жайындa


Тим Питерстің Python дзені



бет2/3
Дата25.07.2023
өлшемі451,76 Kb.
#104774
түріБағдарламасы
1   2   3
Тим Питерстің Python дзені.

Бағдарламаның негізгі мүшелер қатарындағы Тим Питерс «пайтонның» философиялық ұстанымына негіздеп өлең жазып берген. Оны кез-келген адам онлайн немесе оффлайн бағдарлама құралында интерпретаторға import this командасын еңгізу арқылы көріп,оқи алады.




Сурет 3. Тим Питерстің философиялық дзені

Өлеңді өз қалпында,ағылшынша түрінде қалдыруды жөн көрдік,себебі қазақша аудармасы мағынасын толықтай жоғалтып алады. Бірақ,аударма барысында бағдарламаның философиялық мәнін көреміз. Тим Питерстің жазған өлеңі бағдарламаның дамыған бағытын айқын көрсетіп тұр,ол бағдарламаның қарапайым,қолданушыға түсінікті болуы. «Пайтон» философиясын қарапайым өмір философиялық заңдарымен ұштастыра білген,оны алғашқы жолдарынан көруге болады: «Қарапайым зат күрделіден әлде қайда жақсырақ». Бізге қатты ұнаған өлең жолы ол – «Оқығанда үлкен мән бар»,бұл жолда оқудың адам өмірі үшін алатын орны,маңызы бағдарламада оқудың маңыздылығымен тұспа тұс келіп тұр. Біз білетіндей, бағдарламамен жұмыс жасау кезіңде жазған код жолын қайта оқу, емлесіне мән беру маңызды әрі күрелі жұмыс.



Python-ның ерекшеліктері

«Пайтон» басқа бағдарламалау құралдарынан ерекшеленетіні сөзсіз. Қазір төменде көрсетіп кететін ерекшеліктер бүгінге бағдарламаны әлемдегі ең танымал цифрлық өнім құрушы етіп тұр.



  1. Өте қарапайым бағдарлама

Шыңымен де, «Пайтон» тілі басқа бағдарламалау тілдерінен қарағанда жеңіл әрі қарапайым. Оның жазылу емлесі түсінікті әрі көптеген артық таңба белгілерін қажет етпейді. Интерпретатор тақтасында жазу кезіңде қосымша шағын кітапхана көрсетіліп тұрады,бұның бәрі бағдарламалау жұмысын тездету әрі жеңілдету үшін негізделген.
2. Лицензия және қолжетімдігі
Бағдарлама көптеген ғылыми-цифрлық компаниялардың лицензияларына ие,демек,бағдарламада жазылған өнім толық құқықты және қорғаулы. Кез-келген адам бағдарламаның заңнамасын және қолданылу мақсатын бағдарламаның ресми парақшасынан таба алады. Және қолданушылардың бағдарламамен жұмыс жасау мүмкіншілігі,яғни қолжетімдігі ғаламтор желісінде онлайн платформалардың арқасында әрі бағдарламаны жүктеп алу мүмкіншілігінің арқасында жақсы дәрежеде.
3. Мамандардың қолдауы
Бағдарламамен жұмыс жасау барысында қиындықтар туындаған жағдайда қолданушы бағдарлама маманына тікелей хат жаза алады әрі жауабы аз уақыт ішінде келеді. Бұл бағдарламаның идеологиясының қолданушыларына деген сүйіспеншілігінің көрінісі деп ойлаймыз.
4. Қолданылу аймағының кеңдігі
«Пайтон» бағдарламасының қолданылу аймағы өте үлкен. Оны кез-келген веб-парақшаларды құруда,ойындардың кодтарын жазуда, 3Д-модельдеу жұмыстарында,ғылыми-технологиялық гипотезаларды тексеруде,оларды түрлендіруде қолданады. Тіптен біз осы дипломдық жұмысты жазу барысына осы тілде математикалық есептерді шешіп көруді таңдадық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет