1. 1,1 Python бағдарламасы жайындa



бет1/3
Дата25.07.2023
өлшемі451,76 Kb.
#104774
түріБағдарламасы
  1   2   3
Байланысты:
Python бағдарламасы жайында


1.
1,1 Python бағдарламасы жайындa

Python бағдарламасы қазіргі таңда қолданыстағы ең танымал әрі өзекті бағдарламалау құралы. Оның бағдарламалау әлемінде танымалдығына қарапайым орфографиялық жүйесі,қолданылу аймағының ауқымдығы әсер еткені сөзсіз. Бағдарлама тілі арқылы қазіргі таңда көптеген әлеуметтік желілерде қосымша дұрыстау жұмыстары,тексеру жұмыстары,веб-бағдарламаларды құрау,ғылыми желілердегі ақаулардың алдын алу әрі оларды жүйелеу,компьютерге арналған қосымша бағдарламаларды және ойындарды жазу,әрі тағы сол сияқты көптеген жұмыстарды атқарады.


Python бағдарламасының тілімен өз жүйелерін реттейтін,белгілі гипотезаларды тексеретін және тіптен осы тіл арқылы туындаған үлкен компаниялардың тізімі келесідегідей:

  • Amazon

  • Dropbox

  • Google

  • Facebook

  • IBM

  • Mozilla

  • NASA

  • Nokia

  • Pinterest

  • YouTube

  • Uber

  • Spotify және тағы сол сияқты танымал әлеуметтік,ғылыми, техникалық өнімдер.

Бағдарлама тілі арқылы Nasa-ның Марс ғаламшары үшін шығарылған «Марсоходының» құралу жұмыстарын жүргізген. «Пайтон» тілі арқылы техниканың дыбыс,видео жүйелері үшін арнайы код жолдарын жазған.
Бағдарламау барысы Python бағдарламасы тілімен жеңіл әрі ыңғайлы, себебі орфографиялық ереже қатаң сақталуы тиіс әрі заңнамасы қиын емес. Қате кеткен жолды бағдарлама тақта үстінде көрсетеді әрі емлесін еске салады. Бұл менің ойымша бағдарламалау кезіңде үлкен көмек әрі алғашқы үйрену,зерттеу кездері үшін таптырмайтын мүмкіндік. Осындай қарапайым қасиеттерімен бұл бағдарлама өзіңе деген қызығушылығын арттырды және бізді осындай тақырыпты алуымызға себеп болды десек те болады.

1.2. Python шығу тарихы

Python бағдарламасы арнайы бағдарламау мамандары тобымен жазылмаған,оның жарыққа шығуына негізгі себеп болған адам ол голландиялық Гвидо Ван Россум. Ол бағдарлама тілін жазу кезіңде өзі құрастыру мүшесі болған АВС бағдарламалау тілін негізге алған,әрі голландиялық жоғарғы оқу орнында мұғалімдік қызмет атқарып жүрді.



Сурет 1. Гвидо Ван Россум

1989 жылы бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткіземін деген мақсатпен Ван Россум жаңа бағдарламалау тілін жазуды бастайды әрі бір жыл өткен соң алғашқы жұмыстарын ғаламтор желісіне alt.sources жаңалықтар парақшасына жүктейді. Арада тағы бір жыл өтіп бағдарлама толықтай өзінің жүйесіне келеді әрі толыққанды жүйелі бағдарламалау жұмысына қабілетті құрал болып,танымал бола бастайды. 2000 жылы бағдарламаның екінші бөлігі жарық көреді,көптеген жаңартулар мен жүйелік жөңдеу жұмыстары орындалады. Қазіргі қолданыста үшінші жүйелі түрі,мүмкіншілігі біршама өскен,толыққанды бағдарламалау өнімі.


Енді аталуының шығу тарихына қарасақ, Ван Россумның айтуы бойынша бағдарлама тілін жазу кезіңде демалуға,көңілін аулауға «Monty Python’s Flying Circus» атты комедиялық шоуы көмектескен. Бағдарламалау кодын жазу ұзақ әрі оңай жұмыс болмаған соң комедиялық шоу Ван Россум өміріндегі қызықты сәттердің бірі болғаны сөзсіз, сондықтан соның құрметіне арнап бағдарламаға шоу атауын берген.


Сурет 2. «Monthy Python’s Flying Circus» комедиялық шоу

Алайда көптеген бағдарлама тұтынушылары,тіпті кейбір мамандар, бағдарлама атауын жылан атауымен сәйкестендіреді. Сондай-ақ, қосымша бағдарламалардың беттік,логотип суреттерінде жылан бейнесі бейнеленген.


Python – қарапайым бағдарламалау тілі. Негізі АВС бағдарламалау тілінен құрылғандықтан ба,әлде бағдарламалау жүйесінен хабардар болмаған адамдардың серіктестігінен құралғанынан ба, өзінің басқа бағдарламалау оппонеттерінен басымырақ.
Бағдарлама қолданушылары бағдарлама атауын атаған кезде екі түрлі оймен ұштасады, «пайтон» немесе «питон». Бұл жерде қарапайым логикаға сүйенуге болады,егер жылан атауы «питон» болса онда бағдарлама атауы да осы сөзді білдіруі ойға сиымсыз,әрі атау комедиялық шоудан берілген. Сондықтан, бағдарлама атауын атаған кезде «пайтон» деп атаған дұрыс болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет