Университеттік білім беру.
Білім беру қоғамындағы университеттердің рөлі мыналардан көрінеді:
• заманауи университеттердің еліміздің инновациялық тұрғыдан дамуына қосқан үлесі құрылатын және коммерцияландырылатын зияткерлік меншіктің мәні арқылы айқындалады;
• қазіргі заманғы университеттер – жаһандық ресурстарды пайдалану, ашықтық, қарқындылық, белсенді жастардың тұрақты ағыны есебінен білімді зияткерлік капиталға айналдыру міндетін ең тиімді жолмен шешетін қоғамдық институттар;
• университеттер зерттеулер мен әзірлемелерге тапсырыстар алып, соларды орындап қана қоймай, өздері де технологиялар мен технологиялық компанияларды белсенді түрде құрады; • университеттер бүгінде жаңа технологиялық салаларды құрудың көшбасшысына және орталықтарына айналуда.
Қазақстандағы жоғарғы білім беру тарихы 1928 – 1941 жылдар аралығындағы Қазақстанның жоғарғы білім беру тарихы: Кеңес режимінің сөзсіз жетістіктерінің бірі – білім жүйесін дамыту және сауатсыздықпен күрес.
1932 жылы «жоғарғы мектеп пен техникумдардағы оқу бағдарламалары мен режим туралы» қаулысы қабылданды.Сабақ берудің бұрынғы бригадалық-лаборатиялық әдісі жойылды.
ЖОО ларда сабақ беру негізіне әдіс оқу, семинар және лабораториялық сабақтарды колхоздардар мен кәсіпордардағы өндірістік тәжирибемен алмастырып отыру, мектептерге педагогтік практикадан өтуге жіберу енгізілді.
Ұжымдық емтихандар мен сынақтар жүйесі жойылып, жылына екі рет сынақ,емтихандарды енгізу қабылданды, студенттер үлгерімін бағалау теңдестірілді.
1934жылдан бастап педагогикалық институттың базасында Қазақ Мемлекеттік университеті ашылды.
1938жылдан бастап күндізгі оқумен қатар, сырттай оқу түрі пайда болды. Сырттай оқу ең алдымен педагогикалық ЖОО-да енгізілді.
ЖОО алдында аспирантура арқылы ғылым кадрларын даярлау міндеті тұрды. Республикадағы бірінші аспирантура 1932ж. – педагогикалық, ал 1933 жылы малдәрігерлік – зоотехникалық, 1934ж. – ауылшаруашылық және медициналық инстуттарда, ал 1938ж. Қазақ Мемлекеттік университеттерінде құрылды.
Барлық ЖОО-ларда үздіксіз оқу жылы және үздіксіз оқу аптасы енгізілді, оқыту мерзімі 3-3.5 жыл болып белгіленді.
1941 - 1991 жылдар аралығындағы жоғарғы білім беру тарихы:
1951 жылы республикадағы ЖОО-ларды басқаруды орталықтандыру мақсатында мемлекеттік комитет құрылып, кейіннен Қазақстанның Жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігіне айналды.
1960 – 70 ж. арасында оқу мазмұнына ірі өзгерістер енгізілді. Мектептерді 7 жылдықтан 8 жылдыққа көшіру Жоғары оқу орындарында сабақ түгелдей орыс тілінде жүргізілді.