Резюме
В статье рассматривается проблема о воспитательном значении устной литературы как одно
русло народной педагогики в патриотическом воспитаний учащихся. Определено значимость
пословиц поговорок, сказок, народных песен о любви к Отчизне, родной земле, языку.
Summary
In this article are consiaered about the education meahind as one of the national pedaqoqics
channel in the patriotic education of the students.
Defininq the impovtance of the proverbs, the sayinus, the tales, populav songs about the love gov
the mother land6 gor the native land, gor the natire lanqnaqe.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ә.Қоңыратбаев Қазақ фольклорының тарихы. – Алматы, Ана тілі, 1991. – 288 б.
2. Г.Н.Волков Этнопедагогика : Учебник для сред. и высш. пед.учеб. заведений.-20с изд., испр.и
доп.- М.: Академия,2000.- « Высш.образование.-176с.
68
3. Г.В.Лунина Гуманистические идеи русской народной педагогики в воспитании оптимистического
мироощущения у дошкльников: Автореф.дисс.. канд.пед.наук.- М.,-22с.
ӘОК 37.013:172.15.512.122
БОЛАШАҚ ҰРПАҚТЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ - ДҮНИЕГЕ ҒЫЛЫМИ КӨЗҚАРАСТЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ
А.О.Исабекова, Ф.А.Сахиева, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Жас адамды ұлтжандылыққа тәрбиелеу жеке бастың жан-жақты дамуын қалыптастыруды,
оның санасында мақсат-мұраттардың орнығуын, азаматтық кемелденуді, қоғамдық белсенділікті және
жоғары адамгершілікті тәрбиелеуді талап ететін борыш пен ізгілік, тілек пен мүмкіндік, мүдде мен
қажеттілік сияқты қайшылықтар күресінің барысында жүзеге асырылатын күрделі процесс.
Сондықтан оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу қажетті негізгі ұғымды, адамдық
қасиеттерді түгелдей қарастырып, анықтау қажет. Ең бастысы, осы қалыптастырғалы отырған
ұлтжанды тұлғаға қажетті элементтерді құратын шартты байланыс құрылысын табу керек. Мысалы,
білім беру ақыл-ойдың дамуына тікелей әсер ете отырып, адамның дүниеге жүйелі көзқарасын
қалыптасуына ғылыми негіз болады. Ал дүниеге ғылыми көзқарас адамның жан-жақты қалыптасуының
ең негізгі заңды арқауы. Осы тұрғыдан қарастырылғанда жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеудің
басты міндеті ретінде дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру қажет екендігін атап көрсетуге
болады. Өйткені дүниеге мұндай көзқарасты қалыптастыру адамды жан-жақты жетілдірудің негізгі
принциптерінің ең бастысы әрі теориялық негізі болып табылады. Олай болса, мектептегі оқытудың,
тәрбиелеудің және жетілдіріп, дамытудың бүкіл сан-саналы процесінің, яғни жасөспірімдерді
ұлтжандылыққа тәрбиелеудің заңды арқау жібі - әрбір оқушының бойына отансүйгіштік негіздерін
қалыпттастыру. Демек, бүгінгі күні оқытудың, тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың басты міндеті
– оқушыларға білімдердің дайын жүйесін беру емес, алдағы бүкіл өмірі бойында адамның өзін-өзі
қалыптастыруы үшін қажетті білімдер негізімен және дүниені танып білу мен өзгертудің ғылыми
әдістерімен қаруландыру.
Орта мектеп оқушыны тәрбиелеудің пассивті обьектісінен өзін-өзі жетілдіріп, дамытудың
белсенді субьектісіне, яғни өзін-өзі тәрбиелей білетін жеке тұлғаға айналдыруға тиіс. Жеткіншек
ұрпақты қоғам өміріне даярлау, оның ертен қандай болатыны оған тек белгілі бір мәдени және кәсіптік
білім беруге ғана байланысты емес. Бастысы бұл іске – бүгінгі жағдайда өмір сүруге, қызмет істеуге
қабілетті іскер де ойшыл отансүйгіш, ұлтжанды жеке тұлғаны қалыптастыру.
Дүниені танып-білу үшін, дүниеге дәйекті көзқарастағы мұндай жеке адамды қалыптастыру
үшін, ең алдымен әрбір оқушының ойлау қабілетінің жан-жақты жетілуіне баса назар аударылуы
керек. Ұлтжандылық тұрғыда ойлай білудің өзі тек қабілетттілікті жетілдіреді. Өйткені егеменді жас
мемлекетіміздің жан-жақты гүлденуі мен өркендеуі үшін жасампаз іс-әрекеттің қандай бір түрінде
болмасын терең және жан-жақты ойлай білуге қабілеттілік ой самғауының, жаңаны тынбастан
іздеудің, сол жаңаны қолданудың, барлық жерде және барлық істе, соның ішінде ұлтжандылыққа
тәрбиелеу жолында басты ұйытқы болады.
Мектеп жасындағы шақ – ойлау қабілетінің дамуындағы ең бір маңызды кезең. Көрнекті
швейцарлық психолог Ж.Пиаженің зерттеулерінің нәтижелеріне қарағанда, жасөспірімдердің ойлау
қабілетінің негізі 12-16 жас шамасында қалыптаса бастайды. Демек, ойлау қабілетінің жан-жақты
дамуын оқыту процесінен бөліп қарауға болмайды. Мұндай қорытындының дұрыстығын белгілі
ғалымдар Л.И.Божовичтің, И.С.Конның және басқалардың жүргізген зерттеулері де көрсетіп отыр.
Мысалы, психолог Н.С.Лейтес өзінің байқауларының, оқушылармен әңгімелесуінің және олардың іс-
қимылдарының нәтижелеріне, сондай-ақ кәдімгі эксперименттік мәліметтерге сүйене отырып, 2,4,9
класс оқушыларының ойлау қабілеттерінің айырмашылықты ерекшеліктерін салыстырған. Оның
пікірінеше, жас өспірімдердің теориялық ойлауға қабілеттілігі бастауыш класс оқушыларының ісіне
қарағанда анағұрлым жоғары.
Рас, жоғары класс оқушыларының ойлау қабілеті өте белсенді және біршама дербес өтетін
процесс. Олар мұғалімдердің айтқанын сын көзімен қабылдайды. Өздерінің ішкі пайымдауларымен
салыстырып көреді. Сонан соң ғана барып жүйелі бір қорытындыға келуге талпынады. Мұндай
талаптылық олардың ойлау қабілетінің аса маңызды сапасы. Ойлаудың арқасында олар бүгінгі
таңдағыны бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар өткендегіні танып біледі, болашақты күн ілгері
болжайды. Олар үшін ойлау қызметінің арқасында бастауыш сыныптағыларға сезім арқылы танып
69
білуден гөрі енді ішкі, жалпы тікелей қабылданбайтын заңдылықтарды рациональдық (логикалық)
тұжырымдау жолымен меңгеруге ұмтылушылық тән сипат.
Бірақ, олардың ақыл-ой қалауының тереңдігі көбінесе ойдың бытыраңқылығымен, белгілі бір
жүйеге келтірілмеуімен және әдістің жоқтығымен байланысып жатады. Демек, белгілі бір жүйелі
абстрактілі ойлауды дамыту, түрлі-түрлі логикалық айла-тәсілдермен қаруландыру Қазақстандағы
білім беру жүйесінің қандайының болмасын алдында тұрған аса маңызды міндет.
Қазіргі заманда жан-жақты ойлай білу қабілеттілігін дамыту ойлаудың аса маңызды формасы
болып отыр.
Өйткені табиғатта болып тұратын даму процестерін, табиғаттағы жалпыға бірдей
байланыстарды зерттеудің бір саласынан екіншісіне көшуді түсіндіретін бірден-бір дұрыс тәсіл – тек
қана осы диалектика. Диалектика дегеніміз – табиғаттың, қоғамның, ойлаудың және танымның
қозғалысы мен дамуының жалпыға бірдей заңдары жайындағы ілім. Ол заттарды және олардың ойда
бейнеленуін өзара байланысты, олардың қозғалысы, пайда болуы және дамуы тұрғысынан алып
зерттейді. Демек, диалектика ғылымы дүниетаным негіздерін нақты игеруге және дүниенің тұтастай
бейнесін қалыптастыруға тікелей әсер етіп, білім мазмұнындағы негізгі білімдерді, құбылыстарды және
фактілерді тақырыптық-синтетикалы түрде оқып-үйренуден дүниенің жалпы интеграцияланған
ғылыми бейнесін оқушылардың ой жүзінде тұтастай елестете алуына көмектеседі.
Тегінде, білім беру дүниеге дәйекті көзқарасты қалыптастырудың ғылыми негізін құрайды.
Сондықтан біздің елімізде оқушылардың отансүйгіштік көзқарасын қалыптастыру оларды оқытудың,
тәрбиелеудің және жетілдіріп дамытудың бөлінбес бір бөлігі ретінде мектептегі бүкіл оқу жылдары
бойында жүзеге асырылса дұрыс болар еді. Ол, біріншіден оқыту барысында ұрпақтан ұрпаққа мирас
болып қалып келе жатқан ғылыми білім негіздерін, рухани құндылықтарды оның ішінде,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу процесінде; екіншіден, оқушылар арасындағы сабақтан тыс тәрбие
жұмыстарында; үшіншіден, көпшілік мәдени және қоғамдық жұмыстарға оқушыларды тартуда;
төртіншіден, ата-аналар мен көпшілік арасында жүргізілетін насихат жұмыстарында жүзеге асырылуы
тиіс. Соңғысы, яғни халықты қоғамымызға жат көзқарастардан арылту – ата-аналардың балаларын
сүйікті Отанымыз – Қазақстанға сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге септігін тигізеді. Өйткені бұл
міндет - білім берудің, мәдениет орталықтарының, қоғамдық ұйымдарының, бұқаралық ақпарат
құралдарының барлық жүйелеріне, әрбір отбасына қатысты.
Ал, енді өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу барысында олардың ішкі
дүниесін байытудың ұстамды өзегі – Отанға көзқарас. Бұл ұғым дүниеге көзқарас ұғымынан
туындайды. Дүниеге көзқарас ұғымы алғаш рет XVIII ғасырдың аяғында немістің философиялық
әдебиетінде қолданыла бастады. Бұл ұғымды өз еңбектерінде алғаш рет қолданған ғалым немістің
классикалық философиясының негізін салушылардың бірі И.Кант болды. Көп ұзамай-ақ бұл ұғым басқа
тілдерге аударылып, дүниежүзілік қоғамдық-саяси әдебиеттен орын алды.
Қоғамдық-саяси әдебиетте әлі осы уақытқа дейін «дүниеге көзқарас» ұғымы туралы ортақ пікір
жоқ. Зерттеулерде бұл ұғым туралы бір-біріне қарама-қайшы әр түрлі анықтамалар беріліп жүр.
Мәселен, «дүниеге көзқарас» ұғымы мазмұны жағынан тек философиялық көзқарастарды ғана
қамтымайтындығы жан-жақты дәлелденгенімен, кейбір зерттеушілер, атап айтқанда, А.С.Тонких,
В.Ф.Черноваленко бұл ұғымды философияның баламасы ретінде қолданылады.
Ал Г.В.Платонов, В.С.Буянов және басқалары «дүниеге көзқарас» ұғымы өзінің мазмұнына
белгілі бір идеялық ағымның әртүрлі құрамдас бөліктерімен қатар, гуманитарлық жаратылыстану
ғылымдарының, революциялық - өзгертушілік іс -әрекеттің мәліметтерін жинақтайтындығын тілге тиек
етеді.
Дүниеге көзқарас рухани құндылық. Сол арқылы айналадағы дүниені адам қабылдайды және
басынан кешіреді. Өйткені дүние туралы түсінікте адамның ішкі сезімі мен ақылына тікелей әсер ете
отырып, қорытындысында белгілі бір мүдделік мақсат –мұраттардың тууына, өмірді танып білуге күш
беретін идеялардың , көңіл-күйлердің қалыптасуына жағдай жасайды.Осыған байланысты, дүниеге
көзқарас адамның тіршілік болмысына мінез –құлқына, дүниені тану және өзгерту қызметіне бағыт
бере отырып, оның өмірінде шешуші роль атқарады. Өмірдің аса маңызды құбылыстары жайлы
адамның ой-пікірін, оған деген қатынасын білдіре отырып, ол адамның рухани талаптарымен, түбірлі
мақсат-мүдделерімен тығыз байланысып жатады. Адамның еңбекке, басқа адамдарға қатынасына,
өмірге талпынуының сипатына, арманы мен мақсатын орындалуына әсер етеді. Олай болса, дүниеге
көзқарас дүние жайлы бір жақты үстірт және жалаң пікірлердің жай ғана жиынтығы емес, керісінше,
сананың рационалдық, эмоциялық және еріктік компоненттерінің құймасы, дүниені танып білудің және
өзгертудің тәсілі, рухани-интелектуалдық ізденісінің мақсатты практикалық іс -әрекетімен ұштасып
жатқан терең мағыналы қайнар көзі. Ол нақты құбылыс ретінде сөз бен істің бірлігі, өмір салты мен ой
жүйесінің тұтастығы, білімнің, сенім мен практикалық іс-әрекеттің нәтижесі. Дүниеге көзқарас - өзі
өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған адамгершілік нормаларын, мақсат-мұраттарды, әлеуметтік
құндылықтарды айқын түсініп, ұғыну. Оның басты міндеті - адамның алған білімдері мен әсерлерін
70
белгілі бір тәртіпке келтіріп, өмірі мен іс-әрекетінің стратегиясын анықтап беру. Дүниеге көзқарастың
басты мәселесі – дүниеге көзқарастың объектісі қоршаған орта мен дүниеге көзқарасы, субьектісі –
адамның өзара қарым-қатынасын білдіру.
Дүниеге көзқарас - өмір шындығын бейнелеудің ерекше формасы. Ол өзінің мазмұнына
қоғамдық сананың, әлеуметтік практиканың және өмірлік тәжірибенің жан – жақты талданып,
дәлелденген, айтарлықтай жалпылама түйіндеулерін ғана емес, сонымен бірге адамдардың қиялында,
сезімінде, еркімен іс-әрекетінде көрініс табатын субьективтік – эмоциялық және психологиялық көңіл-
күйлерді де қамтиды. Дүниеге көзқарастың құрылымын біржақты түсіндіру, оның мазмұнын, өзіндік
ерекшеліктерімен сипаттық белгілерін жан-жақты алып, толық көрсетпейді. Сондықтан дүниеге
көзқарасты оның гносеологиялық – танымдық түзілісі мен социологиялық нышандары, сондай-ақ
аксиологиялық – мәндік қасиеттері тұрғысында, яғни үш жақты алып қарастырған жөн.
Дүниеге көзқарастың гносеологиялық-танымдық түзілісін қоғамдық сананың әр түрлі
формаларының жалпылама тұжырымдары құрайды. Осыған орай, объективті дүниені дұрыс, не теріс
бейнелеуіне байланысты дүниеге көзқарас не ақиқатты (ғылыми), не жалған боямалық (ғылымға жат)
сипатта болады.
Сонымен қатар, дүниеге көзқарасты тану тәсіліне қарап та анықтауға болады. Мұнда да біз
жоғарыдағыдай бір-біріне кереғар әртүрлі көзқарастарға кезігеміз. Олар мыналар:
1.
Дүниеге диалектикалық-материалистік көзқарас;
2.
Дүниеге диалектикалық-идеалистік көзқарас;
3.
Дүниеге метафизикалық-материалистік көзқарас;
4.
Дүниеге метафизикалық-идеалистік көзқарас.
Дүниеге көзқарасты социологиялық тұрғыдан зерттеу оны қоғамдық құбылыс ретінде
талдауды, құрамындағы әлеуметтік қасиеттер мен белгілерді анықтауды қажет етеді.
Дүниеге көзқарастың әлеуметік мәні бар қасиеттерінің қатарына, ең алдымен оның таптық
белгісі жатады. Осыған орай, өзінің әлеуметтік мазмұны мен бағытына, таптық белгілеріне белгілеріне
байланысты дүниеге көзқарас не коммунистік, не буржуазиялық, не діни сипатта болады.
Қоғамдық дамудың объективті қажеттіліктеріне сәйкес келетін-келмейтіндігіне байланысты,
дүниеге көзқарас не прогресшіл, не реакцияшыл сипатта болады. Дүниеге прогресшіл көзқарасты
жақтаушылар прогресті өндіріс тәсілі қорғаушы, қоғамның прогресшіл жолмен дамуын қолдаушы
таптар. Ал, күні өткен ескі тәртіптер мен қоғамдық қатынастарды сақтап қалуға тырысқан тап әр
уақытта да дүниеге реакцияшыл көзқарасты жақтаушылар. Жалпы, дүниеге реакцияшыл көзқарас ескі
қоғамға тән қасиет.
Өзінің алдына қойған әлеуметік-практикалық мақсатына байланысты дүниеге көзқарас не
консервативтік, не демократиялық сипатта болады.
Дүниеге көзқарас белгілі бір мақсатқа байланысты – не оптимистік, не пессимистік, адамшыл
қасиетіне қарай – не интернационалистік-гуманистік, не нәсілшілдік, ұлтшылдық, адам баласын жек
көрушілік сипатта болады.
Сонымен қатар, өзінің таптық сипатына байланысты дүниеге көзқарас белгілі бір тапты
идеологиясының құрамына кіреді. Дегенмен, осыған қарамастан, қоғамдық саяси әдебиетте «дүниеге
көзқарас» және «идеология» ұғымдарын ауыстырып, тең мағынада пайдалану, әдетке айналып
барады. Бұл ұғымдардың төмендегі айырмашылықтарын көрсетеміз.
Біріншіден, «идеология» ұғымы «дүниеге көзқарас» ұғымына қарағанда әлде қайда кең
мағыналы. Идеология қоғамның бүкіл рухани дүниесі. Ол қоғамдық сананың барлық түрлерінде өзінің
қанда да болмасын көрінісін тауып отырады. Ал, дүнигеге көзқарас болса, идеологияның тек қана
идеялық қызметін атқарады, оның идеялық бағытын білдіреді.
Екіншіден, Г.В.Платонов айтқандай , идеологияны құрамына саяси және праволық идеолгия,
философия, мораль, өнер және т.с.с. кірсе, ал дүниеге көзқарастың мазмұнын олардың жалпы
тұжырымдары құрайды.
Үшіншіден, идеология мен дүниеге көзқарас өздерінің өмір сүру уақыттары бойынша да
әртүрлі.
Дүниеге көзқарас – ақиқаттың тек мазмұны ғана емес, әрі оны жете түсінудің тәсілі, сол сияқты
ақиқаттың сипатын анықтаушы өмір принциптері. Ол – тек білімдердің логикалық жүйесі ғана емес,
сонымен бірге сенімдердің де системасы, адамдардың негізгі өмірлік мүдделерінің, мұрат-
мақсаттарының жиынтығы. Осы жөнінен алғанда, дүниеге көзқарастың адам үшін терең құндылығы
бар. Демек, дүниеге көзқарасты гносеологиялық-танымдық және социологиялық нышандары
тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар аксиологиялық-мәнділік тұрғысынан да талдау қажет.
Дүниеге көзқарастың бұл қасиеті әртүрлі табиғи және қоғамдық құбылыстарының мәні мен
мазмұнының, адамдардың практикалық іс-әрекеті нәтижелерінің бағалық криитерийі болып табылады.
Құндылық, бір жағынан, табиғи құбылыстар мен процестердің, заттардың, адамдардың мақсатқа
сәйкес әрекетінің шеңберіне ілініп, белгілі бір әлеуметтік мазмұнға ие болуына байланысты өзінен өзі
71
бейтарап жатқан заттар пайдаға асырылып, қажетке жаратылады, қоғамдық игіліктерге айналады.
Демек, құндылық әлеуметтік практиканың нәтижесі ретінде субъект пен объектінің арасындағы
байланыстан туындайды . Бұл оның табиғатын ашып көрсетуге негіз болады.
Екінші жағынан, құндылық қоғамдағы структуралық-құрылымдық элементттермен (таптар,
әлеуметтік топтар, ұлттар және т.с.с.) тығыз байланысты. Яғни, бір тап игілік ретінде бағалайтын
заттың келесі тап үшін құны болмауы мүмкін. Таптардың дүниеге көзқарасында ең алдымен таптың
әлеуметтік позициясын бейнелейтін құбылыстар бірінші орынға қойылып дәріптеледі. Демек, дүниеге
көзқарастың аксиологиялық-мәнділік қасиеттеріне оның мазмұнында елеулі рөл атқаратын мұраттар
мен мақсаттар, адамгершілік нормалары кіреді. Өйткені олар адамдардың іс-әрекетіне бағыт бағдар
бере отырып, қызметке ұмтылудың негізін қалайды.
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде «Қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, жоғары
мәдениеттілікті, адам құқықтарымен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу» қажеттілігі көрсетілген.
Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап-міндеттер бүгінде жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу
ісінің жалпы ұлттық сипатқа ие болып отырғандығын көрсетеді.
Құндылықтар – идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезім арқылы айқындалып, ақыл
мен ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар құрметтеу, қошеметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты
білдіреді. Құндылықтар сезіммен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін
көрсетеді.
Құндылықтар шынайы ғана болады, ол адамға тәуелді емес, солай болса да субьективтік,
өйткені ол адам санасында орын алады. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, ал сана арқылы
оны түсінуге болады, соның нәтижесінде тұлға құндылықтарды игереді де іс-әрекет етеді.
Адамгершілік ұғымына көптеген анықтамалар берілген және оны сипаттайтын қасиеттер
жиынтығы ретінде де қарастырылып мазмұндалған. Адамгершілік қоғамдық сананың белгілері
адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті, қарым-қатынасы, көзқарасы, көзқарасы арқылы сипатталады, яғни,
әдептілік, мейірімділік, қайырымдылық. Адамгершілік - әлеуметтіліктің биік шыңы, адам ұрпағының
негізін қалаушы. Әлеуметтік ортаға әсер ететін белгілердің бірі – адамның бір-біріне, қоршаған
табиғатқа қарым-қатынасы.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән
беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан салт-дәстүр, әдет-
ғұрыптар, тарихи-әдеби мұралар арқылы балалардың жеке басының қасиетін дамыту мүмкіндігіне
барынша көңіл бөлгенін ғылыми зерттеу еңбектерден аңғарамыз. Балаларда адамгершілік
құндылықтарды қалыптастыру жағдайында белгілі бір жүйе немесе нақты белгілер болуы қажет. Бұл
көрсету маңызды орын алады. Құндылықтарды игеру механизмі адамгершілік құндылықтардың
қалыптастырудағы адамның өзін-өзі тану процесінде жүзеге асады. Оның алғашқы деңгейі - игеретін
құндылықтардың мәнін ашу нәтежиесінде адамның адамгершілік құндылық бағыттарына ие болуы.
Адам бойында жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуы ізгілік мәдениетінің негізін құрайтын
гуманистік құндылықтар жүйесін меңгерумен байланысты. Осының нәтижесінде ұлтжандылық қасиетті
қоғамдық сана нысандарының бірі деуге болады. Бұл тарихи және таптық санат қоғам дамуымен бірге
дамып, жаңа мазмұнмен толығып отырады, яғни бұл сезім адамдардың, халықтардың өміріндегі
әлеуметтік-экономикалық жағдайларының әсерімен пайда болады. Бұл жағдайлардың өзгеруі
патриотизм мазмұнының өзгеруіне алып келеді.
Бүгінгі күні тәуелсіздікке қол жеткізіп отырған егеменді елімізді дамыту мен қорғау
міндеттерінің тереңдей және күрделене түсуіне байланысты, патриоттық тәрбие мәселелеріне басты
назар аударудың қажеттілігі артып отыр.
Патриоттық тәрбиенің мақсаты – халық педагогикасы негізінде тұлғаның немесе әлеуметтік
топтың патриоттық іс-әрекетке саналы түрде ұмтылысын сипаттайтын саяси-моральдық, кәсіби,
психологиялық және дене қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Патриоттық іс-әрекет – тұлғаның және әлеуметтік топ әрекетінің әлеуметтік жағымды
себептерімен сабақтас және Отанның прогресшіл элементтерін қорғауға бағытталған кез келген түрі.
Отан элементтері – жеке адамның, әлеуметтік топтың ұмтылысы мен іс-әрекеттері прогресшілдігінің
өлшемі, ол қоғамдағы прогресшіл таптар мен күштердің мүдделері тұрғысынан алғанда, тарихтың
объективтік барысына, қоғамдық прогреске сәйкес келуі болып табылады. Демек, патриоттық іс-
әрекет дегеніміз – патриоттық сана-сезімнің көрінісі ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеуші фактор
болып табылады.
Қазіргі жағдайда патриоттық тәрбие процесінде идеялық сенімділік, өз Отанына, ана тіліне,
еліне, жеріне, мәдениеті мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық мақтаныш, өз
халқының тағдыры үшін жоғары жауапкершілік, туған Отанның экономикалық, ғылыми, моральдық-
саяси және әскери әлеуметтерін дамытуға ұмтылыс, оны идеологиялық және саяси жағынан қорғауға
даярлық қалыптасады.
72
Жалпы оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі негізгі міндетті – қоршаған ортаға деген
сүйіспеншілік, қоғамға деген рухани-мәдени қатынас, еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігін сақтау,
Қазақстан көп ұлтты мемлекет екенін негізге ала отыра бүгінгі қоғам мүшелерінің бойында
Қазақстандық патриоттық сезімін қалыптастыру.
Патриоттық тәрбиенің мақсаты – халық педагогикасы негізінде тұлғаның немесе әлеуметтік
топтың патриоттық іс-әрекетке саналы түрде ұмтылысын сипаттайтын саяси-моральдық, кәсіби,
психологиялық және дене қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.
Патриоттық іс-әрекет – тұлғаның және әлеуметтік топ әрекетінің әлеуметтік жағымды
себептерімен сабақтас және Отанның прогресшіл элементтерін қорғауға бағытталған кез келген түрі.
Отан элементтері – жеке адамның, әлеуметтік топтың ұмтылысы мен іс-әрекеттері прогресшілдігінің
өлшемі, ол қоғамдағы прогресшіл таптар мен күштердің мүдделері тұрғысынан алғанда, тарихтың
объективтік барысына, қоғамдық прогреске сәйкес келуі болып табылады. Демек, патриоттық іс-
әрекет дегеніміз – патриоттық сана-сезімнің көрінісі ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеуші фактор
болып табылады.
Біздің ойымызша, оқушылардың бойындағы шынайы рухани-адамгершілік тәрбиесі оны
қоршаған ортада, отбасында, мектепте, жолдастар арасында, еңбекте көрініп, нәтиже береді. Бұл
баланың шынайы тәрбиесінің нығаюына, тұлғалық дамуына әсерін тигізеді деп сенеміз Біздің
ойымызша, жасөсопірімдер бойындағы шынайы рухани-адамгершілік тәрбиесі оны қоршаған ортада,
отбасында, мектепте, жолдастар арасында, еңбекте көрініп, нәтиже береді. Рухани-адамгершілік
тәрбие - жасөспірімнің шынайы тәрбиесінің нығаюына, тұлғалық дамуына әсерін тигізеді.
Осы бірлік қана дүниеге көзқарасты біртұтас рухани құбылыс ретінде талдауға мүмкіндік
береді.
Жалпы дүниеге көзқарастың құрамына кіретін әлеуметтік практиканың, өмірлік тәжірибенің
және қоғамдық сананың мазмұны адам өзінің идеяларының, көзқарастарының, не түсініктерінің
дұрыстығына толық көз жеткізгенде, сенгенде ғана дүниеге бір тұтас жүйелі көзқарасқа айналады.
Олай болса, дүниеге көзқарастың құрамына негізгі компоненттерінің бірі ретінде сенімдер де
кіреді. Сенім дегеніміз – дүниеге көзқарастың өзегі, сананың объективті дүниені танымдық-бағалық
тұрғыдан бейнелей білу ерекшелігі.
Сенім, жоғарыда айтылғандай, білімдердің, белгілі бір идеялардың, теориялардың негізінде
қалыптасады. Білімнің сенімге айналуы өте күрделі процесс. Себебі, әлемді рухани тұрғыдан ұғыну
үшін білім алу аз. Ол білім білімдерді нақты өмірдің фактілерімен, адамдардың қажеттерімен
салыстыра отырып, бағалай білуі керек. Сонда ғана білім берік ішкі сенімге айналып дүниеге
көзқарасты қалыптастырады. Сенім – адам үшін бүкіл өмірінде, қызметінде және мінез-құлқына
басшылыққа алатыны сөзсіз ережелерге айналған рухани қажет нәрсе.
Дүниеге көзқарастың басқа негізі құрылымдақ элементтерінің қатарына қатынастық,
бағалаушылық, бағдарлық және әрекеттілік қасиеттері жатады.
«Дүниеге көзқарас» ұғымын анықтау үшін оның құрылымы, маңызды әлеуметтік белгілері мен
мәнділік қасиеттерін жан-жақты алып қарастырғандағы мақсатымыз, оның қалыптасуының күрделілігін
көрсету. өйткені, дүниеге көзқарас әртүрлі элементтердің жай, механикалық қосындысы емес. Дүниеге
көзқарас – бұл сананың рациональдық, эмоциалық және еріктік компоненттерінің құймасы, табиғи
және қоғамдық өмір құбылыстарының әртүрлі жақтарын бейнелейтін нақты білімдерден дәлелденген,
айтарлықтай жалпылама тұжырымдардың, идеялар мен сенімдердің жиынтығы. Дүниеге көзқарас –
бұл өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданған адамгершілік нормаларын, мақсат-мұраттарды,
әлеуметтік құндылықтарды айқын түсініп, ұғыну. Дүниеге көзқарас бұл сөз бен істің бірлігі, тұрмыс
қалпы мен ой жүйесінің тұтастығы. Дүниеге көзқарас – бұл білімнің, сенімнің және практикалық іс-
қимылдың біте қайнасуы. Оның әртүрлі элементтері бірімен-бірі ажырағысыз диалектикалық бірлікте
болып, дүниеге көзқарастың болмысына күш беріп, оның мағыналық, мазмұндық және бағыттық
сипатын ашып тұр.
Дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру – қиын да күрделі іс. Мұнда оқу мен тәрбие теория
мен практика, адамның ақыл-ойы, сезімі мен еркіне әсер ету арқылы ұштасады. Сонымен қатар, ойлау
қабілеттілігіне және дүниеге көзқарасқа баулу әрбір оқушының жас шамасын және бейімділігін ескере
отырып, жан-жақты ойластырылған жоспарлы жұмыс бойынша жүргізген дұрыс. Мұндай тәсілдің
тиімділігін көрнекті социолог С.И.Конның және басқалардың зерттеулері де растап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |