Бастауыш сыныпта жаратылыстану пәнінің оқытудың ерекшеліктері
Жаратылыстану пәнінде белсенді оқу оқушыларға эксперимент жасап, мәнін ұғынып, түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.Белсенді оқу жаттығулары арқылы жаңа білімді бұған дейінгі біліммен байланыстырып, қате жіберу бізге өзімізді тексеріп, түсінігімізді жетілдіруге жол ашады.
«Жаратылыстану» пәніндегі белсенді оқу жаттығулары орындау барысында өзіндік өмір тәжірибелеріне сүйене отырып, зерттеу, сыни тұрғыдан ойлау, алған білімін қолдану дағдыларын дамытады, өздігінен іс-әрекет етуге, бағалауға үйренеді. Мәселен:
«Зертте» айдарындағы тапсырмалар сұрақтар практикалық жұмыс түрлерін орындау арқылы зерттеушілік дағдыларын дамытады.
«Ойлан» айдары сыни тұрғадан ойлауын дамытуға бағытталған мәселелік сұрақ беріледі.
«Сен білесің бе?» айдарында сабақ тақырыбына байланысты қызықты, танымдық ақпарат беріледі.
«Есте сақта!» айдарында тақырып бойынша негізгі қорытынды ой тұжырымдалады.