1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік


,12-ДӘРІС. Әдеби мәтінді нақты тарихи көзқарас тұрғысынан



бет6/18
Дата20.02.2023
өлшемі89,56 Kb.
#69648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ӘЗӘ дәріс 2022 (2)

11,12-ДӘРІС. Әдеби мәтінді нақты тарихи көзқарас тұрғысынан
талдау әдістері

Әдеби мәтінді және ұлттық әдебиетті жүйелі зерттеу барысы оларды тарихи даму тұрғысынан, нақты өмірмен байланыстыра оқып-үйренуді қажет ететіні анық. Нақты тарихи көзқарас әдеби-генетикалық талдаумен сабақтас, өйткені онда нақты көркем шығармада характерлер мен типтік жағдайларды бейнелеуді себеп-салдарлары, яғни әлеуметтік сыры ашылады. Ендеше, жеке туындыдағы кейіпкерлер әлемінің мәселелермен байланысты екеніне қарап ажыратылады. Автордың өз кейіпкерін бейнелеудегі ұстанған мақсаты мен көзқарасын сараптауды назардан тыс қалдыруға болмайды, ендеше оларды субъективтік факторлармен қатар объективтік (қоғамдық орта, қалыптасқан өмір заңдылықтары, персонаждың саяси түсінгі, дүниетанымы) негіздер тұрғысынан зерделеп, нақты тарихи байланыста талданған жөн.


Нақты тарихилық көзқарас зерттеушіден шығарманың өмірге келу кезеңіндегі тарихи жағдайға барынша жіті қарағанды қалайды. Әйтседе көркем туындыны өмірдің айна-қатесі жоқ көшірмесі деп қабылдаудың да жөні жоқ, сондықтан тарихи деректер мен дәйектерді автордың творчестволық өмірбаянымен қоса қарастырғанда абай болу керек. Өзінің уақытынан бұрын туған, оқырманын таппаған шығарма бәрібір сол кезеңнің, халықтың, елдің туындысы болып қала береді. Авторларының творчестволық бағыт-бағдарының әрқилиғына қарамастан бір ортада, шамалас кезде жарық көрген кітаптарда тақырып үндестігі, пішіндік ұқсастық жиі кездеседі, бұл құбылыстың тарихын авторлар тобы немесе әр кезең үшін бөлек зерттеуге болады. ХХ ғасырдың басында «Қалың мал», «Қамар сұлу», «Әділ мен Мария», «Бақытсыз Жамал», «Шұғаның белгісі» сияқты шығармалардың, ал ХХ ғасырдың 60-80 жылдары тарихи романдардың шоғырлана шығуы тегін емес екендігі әдебиет тарихынан белгілі.
Тақырып ауқымы, образдар ерекшелігі, белгілі бір жанрлардың күрт дамуы, көркем идеялардың ерекше мазмұны нақты тарихи уақыттағы қоғам өмірімен әрқилы ажырамас бірлікте, бұл пікірлер зерттеушінің үнемі жадында жүретін ойлар болуға тиіс.
Әдеби бағыт, ағым, мектептердің қалыптасып, дамуы әдеби-тарихи үдерістің нақты кезеңдерінің көрінісіне қатысты, сондықтан оларды зерттеу нақты тарихи және әлеуметтік-генетикалық тұрғыдан талдауды қажет етеді.
І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамында серпіліс тудырғаны белгілі. Демек, көркем мәтін – белгілі бір тарихи кезеңнің жемісі бола отырып, объективтік тарихи негіз ретінде қазіргі кездегі оқырмандарға қалай әсер ететінін арнайы қарастыруға болады.
Бір есте ұстайтын мәселе – көркем әдебиет нақты бір тарихи орта мен уақыттың жемісі, бірақ оның өзінің де қоғам өміріне нақты көркемдік әсерінің мәні мен сипатын айқындау көптеген қызықты жайттарға жетелейді. Нақты – тарихи зерттеудің әдеби үдерісті, қаламгер шығармашылығын, жеке туындыны жан-жақты әрі терең сараптауға мүмкіндігі мол.
Көркем әдебиет – белсенді коммуникативтік, функционалдық қызмет түрі, сондықтан оның қоғамдық ортадағы еңбегін жүйелі тұрғыда зерттеудің зерулігі бар. Талдаудың бұл түрінің принциптері мен өзіне тән амал-әдістері қалыптасып келе жатыр, дегенмен оны дамытудың қажеттігі мен тиімділігі талас туғызбаса керек.
Тарихи функционалдық тұрғыдан зерттеу барысында жеке шығарманың, бір автордың шығармашылығының нақты кезеңде, ортада, уақытта қалайша бағаланғаны, жеке шығарманың қоғамдық – әлеуметтік тағдырын оның мән – мазмұнын оқырман қауым қай дәрежеде қабылдағаны туралы сөз болады. Мысалы, көне грек аңызы бойынша жазылған Софоклдың «Прометей» пьесасында құдайларға берген антын бұзып барып адамдарға от ұрлап әперген, сол үшін жан түршігерлік азап көріп жатқан құдай Прометейдің бейнесі жағымсыз, сатқын, күнәhар түрінде көрсетілген еді. Уақыт өте келе Прометей керемет ерліктің иесі атанып, қаhармандық, символдық мәнге ие болды, яғни автор жасаған бейне мен халық қиялынан туған образдың арасындағы айырмашылық қабылдау түсіну, бағалауға байланысты екен. Осындай мысалдар арқылы адамзат сансының даму барысын, оның қоғамдық, эстетикалық көзқарасы мен идеяларының өзгеріп, жаңғыруын аңғаруға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет