1, 2-ДӘріс. Әдеби зерттеудің әдістемесі туралы түсінік


,6-ДӘРІС. Әдеби зерттеу әдістерінің түрлері



бет3/18
Дата20.02.2023
өлшемі89,56 Kb.
#69648
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ӘЗӘ дәріс 2022 (2)

5,6-ДӘРІС. Әдеби зерттеу әдістерінің түрлері


Зерттеу әдістерінің жалпы танымдық және ғылыми әдістер ретінде бөлінеді. Жалпы танымдық (эмпириялық) әдістердің түрлеріне анықтама мен сипаттама берілген. Әдістер жалпы ғылыми әдістер және жеке ғылымдардың әдістері деп бөлінеді.
Жалпы әдеби ғылыми әдістердің кейбірі (мысалы, бақылау, эксперимент, өлшеу, т.б.) эмпириялық деңгейде, бірқатары (мысалы, мінсіздендіру, пішіндеу, т.с.с.) теориялық деңгейде қолданылады. Жеке ғылымдар салаларының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес қолданылатын әдістері туралы да біліуіміз керек.
Типтік белгілеріне орай ғылыми әдістердің а) философиялық әдістер, ә) жалпығылыми тұрғыдан қарастыру және зерттеу әдістері, б) таза ғылыми әдістер, в) пәндік әдістер, г) пәнаралық зерттеулердің әдістері секілді түрлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдеріне бақылау, эксперимент, салыстыру, сипатттау, өлшеу жатады.
Жалпы әдеби ғылыми әдістер барлық ғылыми салалаларда кең қолданысқа ие, олардың эмпириялық және теориялық әдістер деп бөлінеді. Эмпириялық әдістердің түрлерінің, олардың ғылыми зерттеу барысында ақиқатқа жеткізудің сенімді құралы екенін бұл әдістердің филология ғылымында атқарған маңызды рөліне қарап байқаймыз.
Ғылымдардың барлығына ортақ теориялық таным әдістеріне пішіндемелеу әдісі, аксиомалық әдіс, болжаушылық-дедукциялық әдіс, абстрактіліктен нақтылыққа көтерілу әдісі жатады. Пішіндемелеу әдісі мазмұнды білімді белгілік-симсволдық түрде (пішіндемеленген тілде) бейнелеу болып табылып және бұл әдіс ойды дәл білдіру, екіұшты түсінуді болдырмау үшін қолданылады.
Ал аксиомалық әдіс ғылыми теорияны құру үшін аксиомаларды (күмән тудырмайтын аққиқаттарды) негізге алу әдісі болмақ. Болжаушылық (гипотезалық)-дедукциялық әдістің анықтамасын да білуіміз керек. Абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу әдісі біржақты, толық емес білімнен басталған ғылыми ізденісті терең және жан-жақты зерттеу арқылы түпкілікті нәтижеге – зерттеліп отырған нәрсенің белгілерін толық айқындауға дейін дәйекті жүргізу болып табылады.
Жалпы әдеби ғылыми әдістер ең алдымен танымдық (эмпириялық) әдістерді негізге алады. Эмпириялық әдістердің мынадай түрлері бар:

  1. Бақылау – объективті шындықты арнайы қабылдау;

  2. Суреттеу – нысандар туралы мәліметті табиғи және жасанды тілдің көмегімен бекіту;

  3. Өлщеу – нысандарды ұқсас қасиеттері мен белгілері бойынша салыстыру;

  4. Тәжірибе жасау – құбылыс қайталанған кезде қажетті жағдайлар қайталанғанына байланысты өзгерістерді арнаулы дайындалған құралдар арқылы бақылау.

Эмпириялық танымның бастау алатын әдісі бақылау, әдебиет теориясына арналған еңбектерде бақылаудың жеке суреткердің шығармашылығында, әдеби үдерістерді зерттеуде атақаратын қызметі мол.
Теориялық зерттеулерде талдау, синтез, индукция, дедукция секілді жалпы логикалық әдістердің қолданылуының да маңызы зор. Әдеби талдау саласындағы ғылымның бүгінгі жетістіктерінде, сөз өнеріндегі құбылыстарды бағалауда, пайымдауда синтез, индукция, дедукция және т.с.с. үдерістердің атқаратын шешуші қызметі жеткілікті.
Әдеби зерттеуде талдау бүтін бір құбылысты құрамдас бөліктерге жіктейді, синтез болса оған керісінше жеке құрамдас бөліктерді біртұстас затқа біріктіреді, ал жалпылау – нысандардың жалпы белгілері мен қасиеттерін анықтауға мүмкіндік беретін ойлау әдісі. Сондай-ақ, жекеден жалпы тұжырым жасайтын индукцияның да, жалпыдан жеке тұжырым жасайтын дедукцияның да, ұқсатудың да, жіктеменің де ғылымда аса маңызды қызмет атқаратын әдістер екені анық.
Жалпы логикалық танымның әдістері мен тәсілдерінің қатарына талдап, синтез, абстрактілеу, жинақтау, мінсіздендіру, индукция, ұқсастығын (сәйкестігін) анықтау, модельдеу, жүйелі түрде қарастыру, құрылымдық-қызметтік (құрылымдық), ықтималдық-статистикалық, идеографиялық, диалог (сұрақ-жауап), түсіну және рационалдық тұрғыдан ұғындыру, құжаттарға талдау жасау, сауалнамалар, жобалау, тестілеу, өмірбаяндық және автобиографиялық, социометриялық, ойындық әдістер жататынына тоқталамыз, Әдеби зерттеулерге қойылатын ең басты талаптардың бірі ақиқатты «күні бұрын бейнелеу», яғни, болжау болып табылатыны белгілі. Бұндай бейнелеудің психикалық пішіні қоршаған ортада болатын жағдайда күні алдын ала айту немесе көріпкелдік таныту сипатына ие. Бұндай қабілет адам санасының адамзатттың қоғамдық-тарихи эволюциясы үдерісінде қалыптасты.
Алдын ала болжай білушілікті адамның адамзаттың қоғамдық-өндірістік қызметі үдерісінде дамитын, осы қызметті жүзеге асырудың аса қажетті шарты болып табылатын қасиеті ретінде қарастыруға болады. Еңбектің кез-келген түрінде оның нәтижесін алдын ала болжау орын алады. Осындай алдын ала болжамдар еңбектің қажетті алғышарты болып табылады.
Алдын ала болжам жасау - белгілі бір тәжірибелерге, құрал-жабдықтарға сүйене, қажетті ақпарат ала отырып жүргізілетін ой еңбегі. Алдын ала болжам жасау ғылымның заңдары мен теорияларының қызметі болып табылады, ол зертеліп отырған нысандармен тікелей айналысу мүмкіндігі болмаған жағдайларда жүзеге асырылады. Алдын ала болжауда танымның логикалық түрлерінің негізгі сипаты, адам ойының күш-қуаты көрінеді. Ғылымның пайда болуымен бірге болжам жасаудың алғышарттары түбірімен өзгереді. Болжам жасаудың басты алғышарттарына әр түрлі ғылымдардың заңдары мен теориялары айналады.
Ғылыми болжам жасау белгісізді білу болып табылады. Бірақ бұл белгісіз ғылымның белгілі заңдарынан шығарылады. Әлдеқандай құбылыстардың белгілі мәліметтердің, ең алдымен ғылымның заңдары мен теорияларының, негізінде алдын ала болжананыдығы, бұл құбылыстарды белгілі бір тұрғыда белгілі етеді.
Кейбір жұмыстарда алдын ала болжамға «ойлап шығарылатын немесе интуититивтік білім» ретінде анықтама беріледі. Дегенмен, ғылыми болжам жасауда интуицияның маңызды рөл атқаратынына қарамастан, алдын ала болжам белгілі заңдардан, теориялардан шығарылған логикалық қорытынды болып табылады. Бұл пікір В.Г.Виноградовтың «Научное предвидение» атты еңбегіндегі Д.И.Менделеевтің химиялық эелементтердің реттік кестесі жөніндегі жаңалықты ашуына мүмкіндік тудырған алғышарттар туралы көзқарасы арқылы дәлелденген.
Адамдар қызметінің нәтижелерін алдын ала айта білу бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдармен: мақсат, жоспар, болжам және т.с.с. байланысты.
Зерттеушінің өзінің ғылыми ізденісінің нысанына айналатын мәселені дұрыс таңдай білуі оның біліктілігінің дәлелі болып табылады, ғылыми танымның соны бағытын дәл анықтау ғылым саласын жете меңгерген білімді ғалымның ғана қолынан келеді. Өзі таңдаған ғылыми тақырыптың өзектілігін ғылыми қауымға дәлелдеу үшін зерттеуші өзі танып-білген деректерге сипатама және түсінік бере отырып, соның негізінде жасалған өзіндік ой қорытындысын ортаға салады. Айталық, ерте дәуірдегі ойшылдардың (Аристотель және т.б.) ғылыми мәселелерді шешудің тиімді жолдары туралы көзқарастары, орта ғасыр ғалымдарының (әл-Фараби және т.б.) көтерген ғылыми мәселері және қолданған әдістемелері, ойшылдық пікірлері, ХҮІ-ХІХ ғасырлардағы ғалымдардың негізгі тұжырымдамалары, ХХ ғасырдағы соны теориялық ұстанымдар, қазіргі кезеңдегі соны ғылыми әдістемелері мысал бола алады.
Ғылыми танымда әдетте зерттеулердің эмпирикалық және теориялық деңгейлері бөліп қарастырылады. Эмпирикалық деңгейде сипаттама беру маңызды процедура болып , ол сонымен қатар жаңа білім алудың құралы болып табылады. Сипаттамада бақылау мен эксперименттердің нәтижесінде алынған мәліметтер тіркеуге алынып, ал, тіркеу және онымен тығыз байланысты жүйелеу бұл мәліметтерді ұйымдастырып, оларды фактінің деңгейіне дейін жинақтайды.
Таным дамуының екінші сатысы түсіндіру болып табылып, түсіндіру сипаттама берілген соң ғана жүзеге асырылады, яғни, бірдеңені түсіну үшін алдымен оны білу керек екенін, басқаша айтқанда, түсіндірудің сипатттаманы тереңдетілуі болып табылады.
Ғылыми зерттеудің бұдан кейінгі сатылары гипотеза мен ғылыми жаңалық ашу болып, ғылыми зерттеудің ең жоғары деңгейі алдын ала болжау болып табылады.
Гипотеза – бұл құбылыстың байқаламайтын немесе мүлде белгісіз баланыстарының түрлерін немесе осы құбылыстарды туындататын себептерді алдын ала сипатттап айту болып табылады. Гипотеза қолда бар заңдар мен теориялар аясына енбейтін фактілерді түсіндіру үшін ұсынылады. Таным үдерісінің дамуында гипотеза заңдар мен теорияларды ашуда және қалыптастырудағы шешуші кезең болып табылады. Мәселе гипотезаға белгілі бір алдын ала айтушылыққа мүмікіндік тудыратын анықталған фактілер жинақталуы негізінде айналады. Алдын ала айту гипотезаның өзегін құрайды, дегенмен, гипотезаның құрылымы анағұрлым күрделі (ол индукциялық және дедукциялық бөліктерден құралады). Гипотеза өзінің құрылымы жағынан теорияға жақындау, бірақ одан аяқталғандығы, толықтығы жетіспеушілігімен өзгешеленеді. Гипотеза ең алдымен білімнің қалыптасу жолын білдіреді, теорияда ғылым дамуында қол жеткен кезең көрініс береді.
Ғылыми болжам жасау мен ғылыми жаңалық ашудың арасындағы байланыс ғылым дамуындағы үздіксізді және үздіктіліктің бірілігін білдіреді. Ғылыми болжам жасау қолда бар теориялар мен заңдардың салдары ретінде туындай отырып, ғылымның бұрынғы және қазіргі жағдайларынан болашағына көпір салғандай болады, ол ең алдымен ғылыми жаңалықтар ашудан және жаңа теориялар қалыптастырудан көрінеді.
Ғылыми жұмыстардың нәтижелілігі олардың нақты фактілерге сүйенуіне, яғни, зерттеушінің өз еңбегінің нысаны болып табылатын мәселеге қатысты барлық фактілерді жинап, соларды ғылыми жұмыстың әдістерін қолдану арқылы талдауы, соның нәтижесінде алынған нәтижелерді жинақтау, қорыту арқылы өзіндік тұжырымдар жасауына тәуелді. Анық фактілер тек дереккөздерін мұқият әрі дұрыс қарастырғанда ғана табылады, сондықтан ғылыми ізденіске зор мән беру қажет. Ғылым тарихының априорлық, фактілерге сүйенбей алдын ала жасалған, негізсіз көзқарастардың зияндылығын айғақтағанына назар аудару қажет.
Филология, оның ішінде әдебиеттану, ғылымы саласындағы зертттеулердің де нақты фактілердің мол, жеткілікті және түпкілікті жиналуына тәуелді. Мысалы, әдебиеттануда әдеби дамудың кезеңдері, ондағы ағымдар мен бағыттар, сөз өнерінің жанрларының және көрнекті тұлғаларының өзіндік ерекшеліктері оларды тудырған тарихи кезең, жеке қаламгелердің өмірбаянына қатысты деректер, жеке шығармалар туралы мәліметтер, жазбаша және ауызша дереккөздері, т.с.с. фактілердің мұқият жиналып, сапалы түрде сараптамадан өткізілген жағдайда ғана толғымен анықталады. Қазақтың көрнекті әдебиеттанушыларының еңбектеріндегі фактілермен жұмыс істей отырып, озық тәжірибеден үлгі алып, өзімізге сіңіреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет