1-2 лекция: Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде


Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді



бет8/8
Дата06.01.2022
өлшемі21,6 Kb.
#14178
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Шеберліктің нақты көрсеткіштері оқытушының ісінде, оқу-тәрбие жұмыстарында, еңбек сапасында, міндеттерін жауапкершілікпен орындау кезінде көрінеді. А. А. Сидоров, М. В. Прохорова, Б. Д. Синюхин (2000) педагогтік шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді табысты шешуде педагогтың жеке басының қасиеттерімен қоса оның психологиялық-педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы мен эмоциясы өзара сабақтастық табатын ерекшеліктері деп анықтайды. Л.А.Байкова, Л.К. Гребенкиннің (2000) дәлелдеуінше педагогикалық шеберлік – бұл мұғалімнің шығармашылығымен, оқыту өнерін үздіксіз жетілдірумен пайда болатын педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейі біріншіден, педагогтың жеке тұлғасына, жеке басының қасиеттеріне байланысты, оның бұл қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары сатысына қол жеткізуіне жол ашады дейді. Яғни шебер-педагог бойындағы жеке қасиеттер жиынтығы, оның оған оқу –тәрбие жұмысын жақсы жүргізуіне септігін молынан тигізбек. Олардың ішіндегі ең маңыздылары азаматтық және патриотизм, гуманизм және зиялылық, жоғары рухтағы мәдениеттілік пен жауапкершілік. Өте маңызды деп адамсүйгіштік пен адамдармен тіл табысу атап айтылған. Одан әрі авторлар педагогикалық шеберлік анықтамасына тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік мәдениет пен ізгілендіру бағыты болатын көзқарастары жүйесі – кәсіби білім , қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзырет болып табылады деп тұжырым жасайды.

А. М. Новиков (2000), педагог тұлғасының әлеуметтік рөлі өлшеусіз артып келеді, ол педагогтың жалпы және кәсіби мәдениетінде, қарым-қатынасында, әдебінде, оның жан дүниесі байлығында. Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьютермен немесе қашықтан оқытатын басқа құралдармен ауыстыруға болмайтындығына көз жеткіздіреді. Осылайша нені үйретесің, қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық тұрады. Осыған байланысты А. М. Новиков (2000) педагогикалық шеберліктің мазмұнын жаңа әлеуметтік –экономикалық жағдайды ашып береді, оқушыға өз мақсатына – мұратына тез жетсем, өз орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты екеніне назар аударады. Орыс ғалымы В. Г. Белинский былай дейді: «Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр». Сондықтан шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі ояу, білім беру саласында атқарылып жатқан игі істердің куәсі болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке жетелеуші - білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен қырын шебер меңгерген, сол кәсіптің ыстығы мен суығын өзі де басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, терең білімділігімен көпке жақын адам. Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет