1-2 лекция: Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде


Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, даусымды, бет- әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып



бет6/8
Дата06.01.2022
өлшемі21,6 Kb.
#14178
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, даусымды, бет- әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді. Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады. В. А. Сухомлинсий (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол : «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық-әдептілік қағидаларының педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы – міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай –ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.

А.И.Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық.

Бұл өнердің негізгі атрибуты – өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді. Ю.П.Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады». Міне , шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет