2.3. Қазақ халқының есептері.
Әр ғасырда өмірге келген, атадан балаға мұра болып қалған, ауыздан -ауызға тараған ұлттық мазмұнды есептер - қазақ халқының тыныс -тіршілігін, әл - ауқатын, өмірге араласуын, мақсатқа жеткізуін, аңсаған арманын, философиялық күрмеуін, дүниетанымын, халық тәрбиесінің сыр -сипатын бейнелейді. Осылардан да өз үні мен лебі, қыры мен сыры, мазмұны мен көлемі, тілі мен орамы бар. Оларды бүгінгі күннің ой - өрісіне, білім мазмұнына, тәлім тәрбиесіне икемдеп пайдалану - қазіргі күн талаптарының бірі.
Ұлттық мазмұнды есептің сырын ашу үшін оның құрылымын да білу
керек.
Халықтық математика - біресе жұмбақ, біресе өлең, біресе кара сөз, біресе ертек, біресе тәжікелесу, біресе ілмек не дұзақ шешу, ұйқас табу, мақалдап сөйлеу, ұсақ заттармен өнер көрсету, сиқырлы ой айту түрінде ұшырасады. Бұл халық аузындағы есептердің әдеби сипаты. Оны есептің сыртқы түрінен, сондай - ақ ішкі мазмұнынан да байқауға болады. Мына жұмбақты алайык. Бір емен, жеті терек, алты қайын, Бүтағы толып жатыр дайым, дайым. Ішінде шынар терек, үш қарағай, Өңгесін айта беріп не кылайын.
Өлең жазу ережесіне бағындырып, ағаш түрлерімен салыстыру арқылы ен тағылған жұлдыздар: Темірқазық, Жетіқарақшы, Үркер, Шолпан, Үштараз. Өлеңде әр жұлдыз өзіне тән сипат алған. Мәселен, Темірқазықтың емендей берік, жалғыз екендігі айтылған. Еменге теңеу арқылы, оның аспан көгінде қозғалмайтындығы жасырылған. Ұстаздың міндеті әр жұлдыздың аспанда орны бар екендігін, оны табуға болатындығын айтып, әртүрлі әңгімелер қозғайды. Бірде жұлдыздарды есепке алып, оның орнын анықтаған Ұлықбек еңбегі аталса, екіншіде Декарт координаттар жүйісінің маңызына тоқталынады. Үшіншіден жұлдыздардың тууы мен батуы айтылып, олардың өмірдегі маңызына мән беріледі.
Мәселен, мысырлықтар Сүмбіле жұлдызының орнын, тууы мен батуын зеттей отырып, бір жылда 365 күн бар екенін айтқан. Олар мысыр күнтізбесін жасаған. Мұның маңызын қазір бәріміз білеміз. Осыған байланысты халық даналығы, ғылыммен оның астарласуы, тәрбиелік мәні айтылады.
Темірқазықтың орналасуы арқылы дүние тараптарын айқындауға болады. Қазір пайдалынылып жүрген Декарт өстері осының негізінде ойланылып табылды. Кейін бұл керест түрінде айналған. Кірешілер мен керуеншілер айсыз түнде Темірқазық арқылы жол тауып, барар жеріне адаспай жеткен. Аспан шырақтары арқылы ауа райын болжаған. Күн мен Айдың жерге, адамға, жәндікке әсерін білген, оны басшылыққа алған.
Осындай әңгімелерді үлкендер жастарға айта отырып, олардың дүниетанымын кеңейтіп, қызықтыру мен табиғат құбылыстарының практиқалық маңызы арқылы ілімге бағыштаған, әртүрлі тәрбие берген. Ақ боз,-көкбоз - екі жұлдыз, Темірқазық - жалғыз жұлдыз, Жетегенім - жеті жұлдыз, Жеті айтқаны сауап дейді, - ұйқасын алайық.
Бұл жердегі жетеген деп отырғаны жеті қарақшы, оның жеті жұлдыздан тұратындығы және құрамына Ақбоз, Көкбоз сияқты екі жұлдыз және Темірқазық кіретіндігі айтылған. Ақбоз бен Көкбозды таба алсақ, темірқазықты табуға болады. Ақбоз бен Кокбоз арқылы тұзу жүргізіп, екі жұлдыз арақашықтығындай бес өлшем жерден - солтүстіктен Темірқазык ізделінеді. Төрттағанның бір мәнісі - осы болса, екінші мәнісі - мынада. Өлең ұйқасын пайдалана отырып тез жаттықтырып, жеті рет айтса сиқырлы жауабы бар екендігіне бой ұсындыру. Дем алмай өлеңді жеті рет қайталау өкпе жұмысын жақсартып, адамның сергектігіне әсер етеді. Қазіргі тілде бұл биоэнергиялық жаттығуға жатады.
Өлеңді жаттау және қайталау арқылы ес дамытылады. Үркерлі айдың -бәрі қыс, Сүмбіле туса - су суыр, Ай қораланса арбаңды сайла, Күн қораланса - күрегіңді сайла, Шолпан таң алдында туады деп бекер айтылмаған. Осы кыр мен сырды ашу - халық тәрбиесі деген осы. Халық тәрбиесінде өмірді білу, табиғатпен тілдесу, құбылыстың, объектінің сырын ашу, яғни таным: салыстыру, нақтылау, топтау және жіктеу, байқау мен үқсастыру, қолдану арқылы өткен. Осыдан да біз халық аузындағы есептердің таным сипаты бар дейміз.
Заттан санды дербестеу арқылы дерексіз санау туғандығы белгілі. Бала бір десе түсінбейді, бір жылқы десе түсінеді. Мұны қазақ ерте байкап, баланы дерексіз санға үйрету үшін, мына жолдарды ойлап тапқан:
Бір дегенім - білеу,
Екі дегенім - егеу,
Үш дегенім - үскі,
өрт дегенім - төсек,
Бес дегенім - бесік,
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желке,
Сегіз дегенім - серке,
Тоғыз дегенім - торқа,
Он дегенім - оймақ,
Он бір - қара жұмбақ.
Мұнда бір мен білеудің, екі мен егеудің, сондай - ақ, білеу мен егеудің үндестінгін пайдаланып, санды еске түсіру үшін, затты еске алудың керектігіне нұсқай отырып, онға дейінгі санауды үйренеді. Өзі күнбе - күн ұстап - тұтып жүрген затарды пайдаланып, онға дейінгі санауды үйрете, көрнекілік негізінде іске асыру керектік қағидасына тіреледі. Үйретудің көрнекілік қағидасы ұлттық мазмұны бар есептердің барлығына тән. Онан әрі санау (11) шешілмеген (қара) жұмбақ деу арқылы үйрететінім алда дегенге саяды.
Ұғымды меңгеру үшін оның негізгі сипаииарын білу қажеттілігіне баланы баулиды, тілін дамытады. Ол үшін қазақ жұмбақтар шешуге, жаңылтпаштар айтуға қалыптастырады. Мақал мен мәтелің, шешендік сөздердің сырын білуге тәрбиелейді. Халық аузындағы есептер осындай ауыр жүк арқалайды.
Тәрбие сан қырлы. Ата тегінің табысын айту, халқыңның дәстүрін сақтау, оны өз заманының қағидаларымен шендестіру - тәрбиенің бір көзі деп білеміз.
Қазақ халқының ауыздан - ауызға тараған есептерінің арасында ұлттық идея өтіп, басқа халық даналығымен астарласып жататын есептер де бар. Мұндай ортақтықты мақал - мәтелден де байқауға болады. Ортақ ойлау жүйесінен туған мұндай есептердің мәдени сипаты бар дейміз. Геометриялық прогрессияға берілген «Берназар түқымы», «Тиімді сауда», «Есің кетсе, ешкі же» есептері үнді, қытайлардың есептерімен астарлас. Қазақ халқының есептері.
Достарыңызбен бөлісу: |