Дидактиқалық мақсаты. Санау дағдыларын дамыту. Қажетті құрал - жабдықтар. Асықтар. Ойын мазмұны. Ойынға сынып оқушылары түгел қатысады. Мұғалім әр қатардан 1 оқушыдан тақтаға шақырып асық береді. Оқушылар асықты иіріп тастайды. Кімнің асығы алшы болып түссе «хан», тәйкі түссе «уәзір» сайланады. Ал шілік түскен асық иелері айыпкер «ұры» саналады. Енді«уәзір», «ұрыны» қолынан ұстап «ханға» апарады. Ұры барғысы келмей қарсыласады. Ал, уәзір болса, ұрының жылқының иесін құрметтемегеніне ашуланып «дат» деп ханға сөз салады. Ол: «О, менің зор мәртебелі ханым, мына күнәһарды сіздің жылқыларыңыздың ішінен бір сәйгүлігіңізді алып кетуге тырысқанда ұстап алдым, оған үлкен жаза қолдануға тұрады» дейді. Ашуланған «хан» ұруға жаза береді. Жаза түрлері әр түрлері болуы мүмкін санау, санамақ, оқыту, айтқызу т.б. Сан құрамын атау. Жаза түріне берілетін тапсырманы келесі кезеңдерде түрлендіріп беруге болады. Ойын осылайша жалғаса береді.