Қарындаштың бастан кешкендері.
Ертеде бір қарындаш өмір сүріпті. Бір күні Қарындаш тұзу сызықтың бойымен келе жатады. Ол тұзудің бойымен ұзақ жүріп, әбден шаршады. Тоқтап, дем алады да, өзіне - өзі: "Әлі қанша жүрер екенмін? Мына тұзудің шегіне жетемін бе, жоқ па?" - деді.
Мұны естіп тұрған тұзу күліп жібереді де:
Әй, Қарындаш - ай! Сен менің шегіме ешқашан жетпейсің ғой. Сен
тұзудің шегі болмайтынын білмеуші ме едің?- дейді.
Қой, онда мен қайта кері қайтайын, адасып кетіп жүрермін, - деді
Қарындаш.
- Ол жақтың да шегі жоқ. Сызықтың шегі болмайды, - деді Тұзу.
Тұзу тіпті әндетіп жіберді:
Шетсіз, шексіз тұзу сыз
Шетсіз, шексіз тұзу сыз, - деп.
Мұны естіген Қарындаш мұңайып қалады.
Сонда мен тоқтаусыз жүре бермекпін бе?
Егер тоқтағың келсе, тұзудің бойынан екі нүкте белгіле, - деді Тұзу.
(Балалар мұғаліммен бірге тұзудің бойынан екі нүкте белгілейді).
Алақай! - деп қуанып кетті Қарындаш. - Енді мен тұзудің бойымен бір нүктеден екінші нүктеге қыдырып жүре аламын. Тоқта, сонда бұл қалай аталады?
Бұл менің кесіндім, - деп жауап береді Тұзу жымиып. (Балалар түрлі -
түсті Қарындашпен кесінді белгілейді).
Тұзудің кесіндісі, тұзудің кесіндісі, - деп қайталай отырып, Қарындаш
кесіндінің бір шетінен екіншісіне серуендеп жүрді.
Міне, осылай кесінді пайда болған екен.
Достарыңызбен бөлісу: |