Өзіндік жұмыс
8-тапсырма.
Тізімнің элементін жоюға арналған программа жазыңыз.
Тізім берілген: A = [ 1, 2, 3, 4, 5, 6,7,8,9,10 ]
Жаңа тізім құрыңыз: B = A[0:8] # B = [1, 2, 3, 4, 5,6,7,8,9]
В тізімінен индексі 5-ке тең элементті жойыңыз.
9-тапсырма:
L[i:j] кесіндісінің көмегімен тізімнің бірнеше элементін меншіктейтін программа жазыңыз, оның орындалу нәтижесі төмендегідей болсын.
10-тапсырма:
Екі тізім берілген:
1) А=[25,30,40]
2) АS = ["Добавили", 45,50,60]
Тізімдерді біріктіретін программа жазыңыздар (бірінші тізімге екінші тізімді тіркеңіздер).
11-тапсырма.
Тізімдерге қатысты 5 есеп ойлап, оларға программа жазу.
1-мысал.
guests = ['Родители', 'Одноклассники', 'Лида и Наташа']
print(guests)
Біздің тізімде үш элемент бар: «Родители», «Одноклассники», «Лида и Наташа», бұлар тізімнің ішінде тура осы ретпен сақталған. Егер тізімнің реттілігін өздеріңіз өзгертпесеңіздер, онда әрқашан «Родители» - тізімнің бірінші, «Одноклассники» - екінші және «Лида и Наташа» - үшінші элементі болады. «Родители» тізімнің басы, «Лида и Наташа» тізімнің соңы. Лида мен Наташа келе алмайтын болды, сондықтан оларды тізімнен өшіріп тастау керек.
remove әдісінің көмегімен тізімнің соңғы элементін жоюға болады.
guests = ['Родители', 'Одноклассники', 'Лида и Наташа']
print(guests) # ['Родители', 'Одноклассники', 'Лида и Наташа']
guests.remove("Лида и Наташа")
print(guests) # ['Родители', 'Одноклассники']
2-мысал.
Біздің тізімге екі қонақ қосуымыз қажет. Тізімнің соңына жаңа элементтерді қосу үшін append әдісі қолданылады.
guests = ['Родители', 'Одноклассники', 'Лида и Наташа']
print(guests) # ['Родители', 'Одноклассники', 'Лида и Наташа']
guests.remove("Лида и Наташа")
print(guests) # ['Родители', 'Одноклассники']
guests.append('Дима')
guests.append('Света')
print(guests) # ['Родители', 'Одноклассники', 'Дима', 'Света']
3-мысал
Тізімге элемент қосуға ғана емес, элементтің мәнін индексі бойынша өзгертуге де болады.
guests = ['Родители', 'Одноклассники', 'Дима', 'Света']
print(guests) # ['Родители', 'Одноклассники', 'Дима', 'Света']
guests[2] = 'Коллеги'
print(guests) # ['Родители', 'Одноклассники', 'Коллеги', 'Света']
4-мысал
Тізім – объектілерді белгілі бір ретпен сақтайтын контейнер. Жолдардан айырмашылығы тізімнің әдістері тізімді өзгертетініне назар аударыңыздар. Сонымен қатар, элементке индексі бойынша қатынау мен кесінділер тізімдер мен жолдарға ортақ. Бұлардың тізімдер үшін де тура жолдардағыдай орындалады.
guests = ['Родители', 'Одноклассники', 'Дима', 'Света']
print(guests[0]) # Родители
print(guests[-1]) # Света
print(guests[:2]) # ['Родители', 'Одноклассники']
Достарыңызбен бөлісу: |