http://testent.ru/load/ucheniku/kazakhskij_jazyk/audio_dialogi_na_kazahskom_jazyke_s_perevodom/26-1-0-3871
№23
Олимпиада өткізу ережесі бойынша өздеріңіз оқымай, Ғаламтордан тауып, тыңдатуыңыз керек!
Тыңдалым тапсырмалары 2 бөліктен тұрады (барлығы 20 сұрақ). Бір мәтінді Ғаламтордағы көрсетілген сайт бойынша ашып, тыңдату керек, екінші мәтін облтур тапсырмаларының папкасындағы аудиожазба бойынша тыңдатылады. Тыңдалым басталмас бұрын жюри мүшелері олимпиадаға қатысушыларға тапсырмаларды орындау тәртібі жөнінде нұсқау береді. Оқушылардың тыңдауына екі түрлі мәтін ұсынылады. Мәтіндер екі рет тыңдалады. Әр мәтінге 10 сұрақ берілген. Бірінші мәтін 2 рет тыңдалып болғаннан кейін, сол мәтінге қатысты 1-ші тапсырмалар парағы таратылады да, дұрыс жауаптарды белгілеу үшін 3 минут уақыт беріледі. Екінші тапсырма парағы тек екінші мәтін тыңдалғаннан кейін таратылады. Содан соң екінші мәтіннің тапсырмаларын орындауға 3 минут уақыт беріледі. Барлық тапсырмаларды орындауға 20 минут бөлінеді.
Бағалау: Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Тыңдалым сайысында алуға болатын ең көп ұпай – 20.
- Анна, ұлттық мұражай туралы қандай пікірдесіз, қандай әсер алдыңыз ?
- Қай елде болсын ұлттық мұражайлардың орны ерекше ғой. Себебі, мұражайлар халыққа, сондай-ақ шетелдік қонақтарға тарих, мәдениет туралы, материалдық және рухани құндылықтар туралы танымдық ақпараттар береді. Маған ұлттық мұражай өте ұнады. Мен ұлт тарихына байланысты өзім білмейтін көптеген мәліметтер естідім.
- Сіз үшін қандай экспонаттар таңсық болды?
- Мен үшін киіз үй және оның ішкі жабдықтары, ұлттық музыкалық аспаптардың түрлері, ұлттық киімдер, зергерлік бұйымдар таңсық болды.
- Сіз киіз үйді мұражайдан бірінші рет көрдіңіз бе?
- Жоқ, мен киіз үйді бұрын көргенмін. Бірақ мен оның құрылысы, ішкі жабдықтары туралы жақсы білмейді екенмін. Мен киіз үйдің көшпелі өмірге аса ыңғайлы екеніне көз жеткіздім.
- Сізді мұражайда тағы не қызықтырды?
- Жалпы, қазақ халқының мәдениетінде ерекше әсерлі нәрселер көп. Ұлттық киімдері соншалықты салтанатты. Әйел адамдардың зергерлік бұйымдарын нағыз шеберліктің үлгісі дер едім.
- Жақсы, сіздің ұлттық мұражай және қазақ мәдениеті туралы пікірлеріңіз бізді аса қуантады. Сіздің жылы лебізіңізге көп рақмет!
Достарыңызбен бөлісу: |