1. 2Үшфазалы асинхронды электр қозғалтқыштары


Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы



бет4/8
Дата28.04.2023
өлшемі146,21 Kb.
#88046
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-20654

Асинхронды қозғалтқыштың энергетикалық диаграммасы. Асинхронды қозғалтқыш стаоры орамасына берілген электр энергиясының білікті айналдыратын механикалық энергияға айналуы, оның машинаның әр түрлі бөлшектерінде шығын болуымен байланысты. Бұл асинхронды қозғалтқыштың жұмыс қасиеттерін білуде зор маңызы бар процесс.
Асинхронды қозғалтқыштың статоры орамасына берілген электр энергиясының білікті айналдыратын механикалық энергияға айналу сатылары бойынша анық қадалауға, ондағы электр шығындарын білуге мүмкіндік береді.
Үшфазалы асинхронды қозғалтқыштың электр желісінен алған активті қуаттылығы ЭТН курсынан белгілі өрнек бойынша анықталады:
P1 =
Бұл қуаттың бір бөлігі статор орамасының өткізгіштері арқылы өткенде жұмсалады. Қуаттың бұл шығындары – мыстағы электр шығындары деп аталады:


Pm1 = 3 R1,
мұндағы, R1 – статор орамасы фазасындағы Ом кдергілері; I1 – статор орамасы фазасындағы ток.
Электр қуатының мыстағы шығыны жылуға айналады да, статор орамасын қыздырады. Желіден тұтынылған қуаттың енді бір бөлігі асинхронды қозғалтқыш статорының блаттарында пайда болған айнымалы магнит өрісінің әсерінен болатын құйынды токтар мен гистерезис құбылысына шығындалады. Олар статор болатындағы электр шығындары делініп, мына өрнекпен анықталады:


Pс1 = P1 күй + P1ге
Құйынды ток Рқұй мен гистерезис Pгс шығындары статор теміріндегі магнит индукциясының Вс жиілігінің өзгеруіне тәуелді. Олардың қорытынды мәні мына өрнекпен есептеледі:
Pс1 = p(50)B Gc,
мұндағы P(50) = (1.7 – 4.0); B = 1.0 Тл және f = 50Гц кезінде статор болатына сортына және қаңылтырдың қалыңдығына байланысты болатын меншікті шығын; Вс – статор болатндағы есепті индукция, Тл; G – статор массасы, кг.
Статор болатындағы шығын статорды қыздыратын жылу ретінде де көрінеді. Мыстағы шығындар Pm мен статор орамасындағы және ротор болатындағы шығындарды алып тастаған соң қалған қуат – электр магниттік қуат делінеді. Pэм = P1 – (Pm1 – Pc1)
Ол магнит өрісі арқылы ауа саңылауы бойынша асинхронды қозғалтқыштың роторының шығынсыз беріледі, ротордың орамасы тұйықталғанда онда және статорда қуаттың бір бөлігі орама өткізгіштерінде Pm(a)2 және ротор болатындағы Pc2 құйынды токтар мен гистерезистен электр шығындары ретінде жұмсалады.
Ротор орамасы мысындағы (алюминийде) шығндар сандық тұрғыдан мына өрнекпен анықталады:


Pm2 = m2I R2,
мұндағы m2 – ротор орамасының фазалар саны; I2ротор орамасы фазасының тогы; R2 – ротор орамасы фазасының өткізгіштерінің кедергісі. Жұмысшы сырғанау шегі S < 0,1 болғандықтан ротор болатындағы шығындарды, әдетте елемейді (Pc2 ≈ O). Қажет кезінде оны Pc2 = P(1/50) Sβ B Gp өрнегі бойынша есептейді, мұндағы B - ротродағы индукция; Gр – ротор болатының массасы; S – сырғанау; β = (1,2…..1,5) – ротор болатының сортына байланысты дәреже көрсеткіші. Ротор мысындағы (алюминийде) шығынды Pm(А)2 алып тастағаннан кейінгі қуат, асинхронды қозғалтқыштың роторы дамытатын механикалық қуат Pмех деп аталады. Сонымен асинхронды қозғалтқышт роторы дамытатын механикалық қуат, оағн статор орамасының магнит өрісі берген электр магниттік қуаттан, ротор орамасындағы электр шығындарындай шамаға аз болады.


Pmex = Pэм – Pм(А)2
Асинхронды қозғалтқыштардың біліктеріндегі механикалық қуат қозғалтқыш роторындағы механикалық қуаттан қосымша шығындар Рқос шамасындай аз болады. Қосымша шығындарға қозғалтқыштың айналатын бөліктерінің ауамен үйкелісіне, айгөлектердің үйкелісіне, шашыраңқылық ағынына, статор мен ротродың тістеріне магнит ағындарының жоғары гармоникасына және басқа да себептерден болатын үстеме шығындар Рү жатады.
Қосымша шығындарды есептеу деңгейінің дәлдігі іс жүзінде аса жоғары емес. Сондықтан олар қозғалтқыштың желіден алған активті қуатының пайыздық қатынас шамасында мөлшерлеп алынады. Қалыпты жүктемеде қосымша шығындар қозғалтқыш тұтынған қуаттың (1,8 – 0,8) % - ін) құрайды:


Рдоп = Рмех + Рдоб ≈(0,018,.....0,008)Р1

Қосымша шығындарды толығырақ есептеу үшін олардың құраушыларын жеке – жеке, ол үшін Рү = 0,005P деп алып PMEXті көрсетілген қисық сызықтар бойынша анықтайды. Сонымен, қозғалтқыш бетіндегі механикалық қуат Р2 қозғалтқыштың желіден тұтынған қуатынан Р1 жоғарыда аталған барлық шығындарды алып тастағандағы айырмасына тең:




P2 = P1 – ΣΔP,
мұнда, ΣΔP = Pm1 + Pc1 + Pm2 + Py

Тиімді пайдаланған қуаттың (біліктегі қуат) асинхронды қозғалтқыштың электр желісінен тұтынған активті қуатына қатынасы оның ПӘК – ін анықтайтындықтан:



Бұдан асинхронды қозғалтқыш білігіндегі механикалық қуат электр өлшемдері арқылы мына теңдеумен өрнектеледі:


P2 = P1ή =




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет