5) Оқыту формасын таңдау.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу: жалпы білім беретін топта/сыныпта, жалпы білім беретін ұйымның арнайы тобында/сыныбында немесе арнайы мектепке дейінгі ұйымда, арнайы мектепте (ата-анасының келісімімен және ПМПК, үйде (дәрігерлік консультациялық комиссияның (ДКК) қорытындысы бойынша);
6) Кедергісіз орта құру және білім алушылардың білім беру ұйымына физикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін оқу орнын бейімдеу.
Кедергісіз орта деп төмендегідей даму бұзылыстары бар балалардың мектепке бару қолжетімділігін қамтамасыз етілуі:
тірек-қимыл аппараты: мектепке жеткізу, пандустар, сүйеніштер, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған оқу орны (үстел, орындықтар), жалпы пайдалану орындары (дәретхана, асхана және т. б.);
көру қабілеті: тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, таяныштар және т. б.
Оқу орнының бейімделуі баланың жеке ерекшеліктеріне қарай оқыту ортасын бейімдеуді көздейді. Оларға мыналар жатады:
дене даму ерекшеліктері: есту қабілеті төмен, көру қабілеті төмен немесе бойы кішкентай баланың бірінші партада отыруы; нашар көретін балаға үстел шамын қою, партаның және т. б. биіктігін реттеу;
мінез-құлық ерекшеліктері: гипербелсенді бала мұғалімнің жеке қолдауы мен бақылауын талап еткендіктен бірінші партаға отырғызу.
Бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары:
соңғы партада отыруы;
өзі немесе беделді оқушымен отыруы;
терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы:
арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін шоғырлануын жақсарту үшін) және т. б.
7) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар (тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу бұзылыстары бар) білім алышулар үшін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын пайдалану.
Оқу процесінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған балалар жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады.
8) Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау (психолог, арнайы педагог, педагог-ассистент) ПМПК қорытындысы мен ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |