1. 3-ресурс инклюзивті білім беру негіздері ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау. Ерекше қажеттіліктері бар бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру



бет1/12
Дата14.06.2023
өлшемі49,54 Kb.
#101318
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
1.3-ресурс-ЕБҚ бағалау 2


1.3-ресурс
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ НЕГІЗДЕРІ


Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау.
Ерекше қажеттіліктері бар бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдауды ұйымдастыру.


Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау – білім алу үшін қажетті арнаулы жағдайларды айқындау.
Адамдардың (балалардың) ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін бағалау мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияларда (бұдан әрі – ПМПК) жүзеге асырылады.
Оқушының оқу қиындықтарының сипаты мен дәрежесіне қарай бір немесе бірнеше білім беру қажеттілігі анықталуы мүмкін. Оқушылардың ерекше білім қажеттілігі оқытудың кез келген кезеңінде пайда болады.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау –оқу процесі барысында оқушыны қолдаудың түрін, формасын, көлемін анықталған оқу қиындықтары, олардың пайда болу себептері мен механизмдері негізінде белгілеу.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы №4 бұйрығына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидалары бекітілді.
Білім беру ұйымдарындағы ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі төмендегідей бекітілді :
1) мұғалімнің (тәрбиешінің) әрбір білім алушының (тәрбиеленушінің) әлеуметтік-эмоционалдық әл-ауқатын және оқу-танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктерін бақылау, сондай-ақ білім алушылардың жетістіктерін критериалды бағалауды пайдалана отырып, оқу-тәрбие процесі барысында ерекше білім беруді қажет ететін балалардың анықтау;
2) психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) келісімімен оқыту қиындықтары бар балалардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктерін тереңдете зерделеу және бағалау;
3) білім беру ұйымының психологиялық-педагогикалық қолдау мамандардың тереңдетілген тексеру нәтижелері бойынша оқыту қиындықтары бар балаларға ПМПК-ға ерекше білім беру қажеттіліктерін одан әрі бағалау;
4) психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінде және оңалту орталықтарында балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін пәнаралық ұжымдық бағалау.
Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау тәртібі ЕБҚ бар балалардың оқу қиындықтарына байланысты екі тобын айқындайды.

1-кесте. ЕБҚ бар балалар тобы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет