1. 32,4г мырыш оксидінен алюмотермия әдісі арқылы 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар. Жауабы: 92% Zn



Дата06.03.2023
өлшемі15,47 Kb.
#72278
Байланысты:
Дидактикалық материал ШыГым


Есептер

1. 32,4г мырыш оксидінен алюмотермия әдісі арқылы 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар. Жауабы: 92% Zn


2. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 92% болса, онда 23,4г. алюминий гидроксидінен алынған металл оксидінің массасын табыңдар. (14г.)
3. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 80% болса, онда темір (ІІІ) оксидіне, көміртек (ІІ) оксидімен әсер етсек нәтижесінде 11,2г темір алынды. Реакцияға жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар (20г.)
4. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%) қанша болады? (90%)
5. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді.Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%) қанша? (80%)
6. 1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды. Түзілген өнімнің шығымы (%) қанша? (93,4%)
7. Массасы 1г сутек газын хлормен синтездеу арқылы 32г хлорсутек газы алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массалық үлесін анықтандар. (жауабы: 87,67 пайыз)
8. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 25,12 пайыз болса, массасы 3,8г. аммиак алуүшін азот пен сутектің қанша көлемі (қ.ж.) әрекеттесетінін есептеңдер. (10л.)
9. Көлемі 44,8л. (қ.ж.) азотты сутекпен әрекеттестіргенде түзілген аммиактың (шығымы 50% болса) массасы нешеге тең? (34г.)
10. 140г этилен бромсутекпен әрекеттескенде 500г бромэтан алынған. Реакция өнімнің шығымы? (91,7п)
11. Егер шығымы 100% болса, 10г алюминийді оттекте жаққанда алынған алюминий оксидінің массасы? (18г.)
12. 11,2г теміртұзқышқылымен әрекеттескенде 4,45 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Реакция өнімінің шығымы (%).
13. 20кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.
14. 5,64кг техникалық темір (ІІ) сульфатын ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет