Тақырыбы: «Тірі ұлпалардағы ферменттердің каталитикалық белсенділігі» Мақсаты: Нәруыздардың ферменттік белсенділігіне көз жеткізу. Бұл жұмысты екі нұсқада өткізуге болады. 1-нұсқа «Сілекей ферменттерінің крахмалға әсері» - 8 сыныптағы жұмыстың басқа нұсқасы. 2- нұсқа. «Пероксидаза ферментінің сутек асқын оксидіне әсері».
1-нұсқаға арналған зертханалық жұмыстың құрал-жабдықтары. Жұмысты дербес орындауға арналған құрал-жабдықтар: крахмалданған мата 0,5 %-дық йод ерітіндісі, мақта анжы немесе қылқалам, сілекей. Жұмысты көрнекі өткізуге арналған құрал-жабдықтар: сынауықтар, крахмал, термостат, күкірт қышқылы, сілекей, 0,5 %-дық йод ерітіндісі.
Жұмысытың барысы. Дербес өткізі- оқушылардың әрқайсысы тәжірибе қояды. Сілекейге шыланған мақта анжы немесе қылқаламмен крахмалданған матаға нүкте салады. Сілекей ферменті крахмалды ыдырату үшін шамамен 37оС температура қажет. Бұл үшін термостатты пайдаланады немесе матаны екі алақанның арасына салып, қысады. Мұндай жағдайда крахмалдың ыдырау реакциясы баяу жүреді немесе жалпы жүрмей қалады, өйткені тері бетіндегі температура 37оС-дентөмен болады. 3-5 минуттан соң қрахмалға йодтық сынақ жасайды. Егер сілекейге шыланған жерде көк түс болмаса, сілекей ферментінің әсерінен крахмал ыдырады деуге болады.
Көрнекі көрсетіп, күкірт қышқылы құйылған аздаған мөлшерде су қосылған крахмалды сынауықтың жартысына дейн салады, екінші жартысына бірнеше адамның сілекейімен бірге крахмал толдырылады. Барлық сынауықтарды температура 37 оС термостатқа орналастырады. 3 минуттан соң сынауықтардағы заттардан аздап алып, йодқа сынақ жасайды. Йодтық сынақта көк түске боялған сынауықтарда бұрынғыдай крахмал болады. Йодтық сынақта нәтижесіз болған сынауықтарда крахмалдың ыдырауы жүреді. Егер минут сайын йодтық сынақ өткізуді жалғастыра берсе, кімнің сілекейі көбірек белсенділікпен өршіте алатыны айқындалады. Ағзаның дербес ерекшеліктеріне төуелді нәруздардың ферменттердің әр түрлі белсенділігін ескере отырып, сілекей орташа 3-тен 7 минутқа дейінгі арақашықтықта әсер ететінін білеміз. Күкірт қышқылы бар сынауықтарда да реакция жүреді, алайда тек қана 12-16 минут уақыт қажет.