№1 (37) 017 бас редактор



Pdf көрінісі
бет28/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің қанына ана 
сүтімен сіңді», - деуінен отбасы тәрбиесінің 
өзіндік ерекшелігін айқын көруге болады. 
Расында да, тарихи дамуды қарастыратын 
болсақ әр дәуірден ұлтымыздың қалыптасуы 
мен дамуын көреміз. VI-VIII ғ.ғ. жауынгерлік 
дәстүр және ерлікті қалыптастыратын қасиет-
тер: ел қорғау дәстүрі; жер қорғау дәстүрі 
жауынгер-ізбасар дайындау; байрақты жеңіс 
тұғырынан түсірмеу; серттесу; анттасу, ант 
беру; адамгершілік; ар-намысты жоғары ұс-
тау; іс-әрекеттегі батылдық, шешімталдық; 
ел жан дылық [4]. Осындай көне тарихымен, 
рухани мұраларымен атадан балаға мирас 
болып келген тарихи өлкенің ешкімге ұқ са-
май тын, ешкіммен салыстыруға болмай тын 
философиялық ойлардың дамып, қалыптас-
қанын тарихи мұраларға талдау жасағанда 
айқын аңғарамыз.
Орта­ ғасыр­ ойшылдарының­ тәлiмгерлiк­
ой-пiкiрлерi негізінен ұлы ғұламалар Қорқыт 
ата, әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн «Құтты 
білік», Махмут Қашғари «Түркі тілдерінің 
сөздігі», Қожа Ахмет Яссауи «Даналық 
кіта бы», А.Иүгінеки «Ақиқат сыйы», Асан 
Қайғы, Мухаммед Хайдар Дулати, Қадірғали 
Қасымұлы Жалаири т.б мұралары бүгінгі ұрпақ 
тәрбиесіне тарихи мұраларды қалдырумен, 
олардың келбеттері сомдала бүгінгі ұрпақ 
мұратына айналып отыр. 
Қазақ­ хандығы­ кезiндегi­ ұлттық­ тәлiм-
тәрбие­көрiнiстерi (жыраулар поэзиясындағы 
тәлiмдiк ойлар) ауыз әдебиетінің нағыз қайнар 
көзінен қалыптасқанын көреміз. «Қазақтың 
тәлім тәрбие тарихы» атты еңбекте қазақтың 
тәрбие мектебi – ақын-жазушылар мен билер-
дiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-
мәтелдерi, тыйым сөздерi мен ұлттық салт-
дәстүрлерi, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. 
Халықтық осы қағидалар шын мәнiсiнде 
жас ұрпақ түгiлi, ересек адамдарға да үлкен 
әсерiн тигiздi, ұлттың сана-сезiмiн оятты, 
тәлiмдiк-тәрбиелiк, танымдық мектебiне ай-
нал ды. Жалпы ХV-ХIХ ғ.ғ. акын жыраулар 
поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшiн 
еткен еңбегiне, ой қиял өрiстеу өресiне, 
қимыл, әрекет-iсiне қарай үш топқа бөлiп: 
жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, 
Ақтамбердi, Махамбеттер); мәмiлегер (Асан-
қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); 
тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар 
деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жы-
раулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де 
халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, 
тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi», - 
деп атап көрсетуі де ұлтқа тән ерекшеліктер, 
суырып салма ақындықпен бірге ұлттық руха-
ни құндылықтарды қалыптастыруда аса күшті 
тәрбие құралы болғанын көреміз [3].
Кезінде алаштың азаматтары негізін қала-
ған ұлттық білім беру жүйесі бүгінгі таңда 
өз дәрежесінде жалғасын тапқанын көруге 
болады. ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары 
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, 
М.Жұмабаев т.б. ұлттық білім мен тәрбие 
жүйесінің негізін қалады. Зиялы қауым өкіл-
дерінің негізгі миссиясы – бақытты зиялы 
ұлтты қалыптастыру еді.
Алғашқы «Педагогика» оқулығының авто-
ры М.Жұмабаев ұлттың бақытты болуы үшін 
неге көңіл аудару керек екенін нақты көрсете 
білді. Ғалымның айтуынша «Ұлт бақыты – 
тәрбиеден мақсұт адамды һәм сол адамның, 
ұлтын асса, барлық адамзат дүниесін бақытты 
қылу. Ұлт мүшесі – әрбір адам бақытты болса, 
ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі – әрбір 
ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты», 
- деп, қоғам мүшелерінің бақытты болуы ұлт 
бақытының негізі екеніне тоқталады.
Осыдан бір ғасыр бұрын жазылған тұжы-
рым ХХI ғасыр қоғамын қалыптастыруда не-
гізгі мұрат болып табылады. «…әрбір ұлт тың 
баласы өз ұлтының арасында, өз ұлты үшін 
қыз мет қылатын болғандықтан, тәрбиеші 
ба ла ны сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға 
міндетті», - деп ұлттық тәрбиеге аса мән береді 
[5].
Расында да, ХХ ғасырдың аяғы мен ХХI 
ғасыр басында тәуелсіз елімізде қоғамдық 
даму үрдісінде ұлттық рух, ұлттық тәрбиеге 
деген бетбұрыс айқын байқалады.
Ұлттық парыз, намыс, сезім, сана, рух, 
т.б. құндылықтар ұлттық идеяның негізгі 
көрінісі болып табылады. Ұлттық идея рухани 


29


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет