№1 (37) 017 бас редактор


М.Әлімбаев пен С.Субханбердиннің



Pdf көрінісі
бет51/104
Дата28.10.2022
өлшемі4,34 Mb.
#46041
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104
Байланысты:
ұлттық материал

М.Әлімбаев пен С.Субханбердиннің 
«Ден сау лығыңды ойласаң...» атты кітап-
ша сында денсаулық жөніндегі дүние жүзі 
халықтарының, оның ішінде қазақ халқының 
денсаулық және оны сақтау мен күшейту 
жөніндегі қанатты сөздері мен мақал-
мәтелдері – әділ сыншы, адал, ақылшы ғана 
емес, сонымен бірге есті, епті емші, әсіресе 
парасатты тәрбиеші екендігі сөз болған [3].
С.Ж.Піралиев, К.Н.Нәрібаев, т.б. құрас-
тыруымен шыққан «Ұлттық тәрбие» 
атт ы оқу құралы «Салауатты өмір салтын 
қалыптастыру» арнайы курс бағдарламасына 
сәйкес даярланған.
Оқу құралында қазіргі қоғамдағы сала-
уатты өмір салтын қалыптастыру, бесік тәр-
биесі, адам ағзасын уландыратын заттар
маскүнемдіктің адам болмысына және мінез-
құлқына әсері, нашақорлық – өлім, жезөкшелік 
– азғындық жолы, ЖҚТБ – әлемдік індет, 
бүгінгі жастар және құмар ойыны және ислам 
дініндегі араққа салынатын тыйымдар, Құран 
аяттары мен Пайғамбардың хадистері арқылы 
баяндалған [4].
С.Қ.Құсайынованың «Орта мектеп оқу-
шыларына гигиеналық тәрбие берудің 
те о риясы мен әдістемесі» атты көлемді 
монографиясында орта мектеп оқушыларына 
гигиеналық тәрбие берудің теориялық 
негіздері, Шығыстың ортағасырлық ойшыл-
дарының гигиеналық көзқарастары мен қазақ 
ағартушы-педагогтарының оқушыларға ги-
гие налық тәрбие беру туралы ой-пікірлері 
арқылы жасалынған [5].
Енді қазақ халық педагогикасындағы таза-
лық (гигиеналық) тәрбиесінің мазмұнын 
жасалық.
Қазақ «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер 
айтпаған. Мұнан біз жан тәрбиесінің өзі тән 
тәрбиесінен бастау алатын үрдіс екендігін 
көре аламыз. Қай кезде де ұрпағының аман-
сау, дене күші мығым азамат болып өсуін 
армандаған халық нәресте жаңа дүние есігін 
ашқан сәттен алақанға салып, ең алдымен 
дене күтіміне көңіл бөлген.
Қазақ халқы баланы жастайынан дені 
сау азамат болып өсуін тілеген. Жаңа туған 
нәрестені қалай күту жөнінде енелері келін-


54


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет