1. А. Байтұрсынов "Тіл тағылымы"



Дата28.02.2023
өлшемі18,65 Kb.
#70547
Байланысты:
Документ (2) (копия)


1.А.Байтұрсынов
“Тіл тағылымы”
“Тіл-құрал” бөлімі, сөйлем жүйесі мен түрлері.
263-бет.



Сөйлем дегеніміз – сөздердің басын құрастырып, біреу айтқан ой. «...ауыздан шыққан сөздің бәрі сөйлем бола бермейді, айтушының ойын тыңдаушы ұғарлық дәрежеде түсінікті болып айтылған сөздер ғана сөйлем болады»
Сөйлемнің жаны – сөздердің басы мағыналы болып құрылуы.

  1. Н.Сауранбаев

Қазақ тілі
Синтаксис тарауы, Сөйлемдердегі сөздердің байланысы 153- бет.

Бір-бірімен мағына жағынан байланысқан бірнеше сөздердің тобын сөз тіркесі дейміз. Сөздер екі түрлі жолмен тіркеседі: сабақтасып тіркесу, салаласып тіркесу. Сөздер бір-біріне бағына байланысса, ол сабақтас тіркес болады. Ал сөздер бір-біріне бағынбай, тең дәрежеде байланысса, ол салалас тіркес болады.

  1. К.Аханов

Тіл білімінің негіздері
Сөз тіркесі
Сөз тіркесі және оған тән басты белгілер.
383-бет.

Сөз тіркесі- мағыналық жақтан да, грамматикалық жақтан да өз ара байланыста, бірлікте болатын, толық мағыналы кемінде екі сөздің тіркесі. Сөз тіркесі не затты, не іс-әрекетті атап, номинативті қызмет атқара алады. Бірақ сөз тіркесі затты немесе іс-әрекетті атағанда, оларды жеке-дара күйінде емес, өз ара байланысында, қарым-қатынасында атайды. Екінші сөзбен айтқанда, сөз тіркесінде зат, сапа-белгі, іс-әрекет аталғанда, бір-бірімен байланысында, өз ара қарым-қатынасында аталады. Мысалы: жүйрік ат, жасыл жапырақ деген сөз тіркестерінде заттар өздерінің сапа-белгілерімен тығыз қарым-қатынасында, байланысында аталса, қар тоқтату, хат жазу деген сөз тіркесінде заттар іс-әрекетпен қарым-қатынасында, байланысында аталған.

  1. М.Балақаев, Т.Сайрамбаев

Қазіргі қазақ тілі
32-бет

Синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан синтаксистік тобын сөз тіркесі деп атаған

  1. Р. Әмір

“Сөз тіркесі және жай сөйлем синтакисі”

Синтаксистік қатынасты білдіру үшін толық мағыналы екі не одан да көп сөздің сабақтаса, салаласа байланысқан тобын сөз тіркесі деп анықтама берген.

  1. С.Аманжолов және Н.Сауранбаев

“Орта мектептерге арналған синтаксис” оқулығы
12-бет.

“Кейбір сөз( сөйлем мүшесі басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, толықтап, пысықтап, түрліше қиюласып,бірін-бірі керек ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі” – деген анықтама берген


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет