1. Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріңіз


Біржақтылық. Жұмысшы бір бастықтан ғана бұйрық алуы тиіс



бет21/59
Дата22.05.2023
өлшемі142,81 Kb.
#95862
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
баскару ответы (копия)

8. Біржақтылық. Жұмысшы бір бастықтан ғана бұйрық алуы тиіс.

9. Бір бағыттылық. Бір мақсатқа жұмыс істейтін әртүрлі топ бір жоспармен жұмыс істеп, бір басшыға бағынуы тиіс.

10. Орталықтандыру. Бұл жерде орталықтандыру мен орталықтың күшін жоюдың тең мөлшерін анықтау басты міндет. Жұмыстың соңында жақсы нәтижеге ие болу үшін оған жетудің өлшемін анықтау.

11. Скалярлы тізбек. Бұл ең жоғарғы басшыдан ең қарапайым қызметкерге дейінгі аралық.

12. Реттілік. Орын барлығына, бәрі өз орнында.

13. Қызметкер орынының тұрақтылығы. Жұмысшылардың тұрақсыздығы жұмыстың пайдасын төмендетеді.

14. Ынта. Жоспарды дайындап оны жүзеге асыру. Бұл ұйымға күш пен энергия береді.

23. Еңбек әрекетіндегі көңіл бөлу және танымдық процестердің роліне баға беріңіз.

Еңбек әрекетіндегі көңіл бөлу мәселесін Р. Блейко мен Д. Мутонның басқару теориясынан көре аламыз. Америкалық зерттеушілер Р. Блейк пен Д. Мутон кез – келген басқарушы әрекетті екі өлшеммен өлшеуді ұсынды – өндіріске көңіл бөлу мен адамдарға қамқор болу. Өндіріске көңіл бөлу – ол басшының көптеген сұрақтар жүйесіне қатынасы, яғни кадрлар таңдауда, адамдарды ұйымдастыруда, өндірістік үрдістерде және шығаратын өнімнің көлемі мен сапасына қатысты шешім қабылдауда тиімдісін таңдау болып саналады. Адамдарға қамқор болу – жұмысшылардың мақсаттарына жетуіне, өзіне құрметпен қарауда, жауаптылықты дамытуда, жақсы еңбек жағдайын туғызуда, тұлға аралық жақсы қатынастарда болуды меңзейді. Екі параметр бойынша да жоғары көрсеткіштер тиімді басқару белгісі болып табылады.

Еңбек әрекетіндегі танымдық процестерге келсек, мидың орталық жүйесінің және сезу ағзаларының әсер етуі нәтижесінде шындықтың көрінуін – түйсік дейді. Түйсік адамның қоршаған ортаны қабылдауында әртүрлі болып келеді. Түйсіктің адам өміріндегі рөлі қоршаған ортада болған нәрселерді адам ағзасына орталық жүйке жүйелері арқылы жеткізу.

Түйсік қасиеттері. Түйсіктің әртүрлігі оның ерекшеліктерімен ғана емес, сонымен қатар қасиеттерімен сипатталады. Ондай қасиеттерге: сапа, қарқындылық, жалғасушылық және кеңістікті таратпаушылық жатады. Сапа – ол түйсіктің негізгі ерекшелілігі, түйсіктің көпүлгілі сапасы материя қозғалысының шексіздігімен көрсетіледі. Түйсік қарқындылығы оның сандық сипаттамасы болып саналады және рецептордың функциональды күйі мен тітіргендіргіш күшімен көрсетіледі.Түйсіктің жалғасушылығы уақытша сипаттама. Ол сезім ағзасының функциональды күйін анықтайды, бірақ бастысы тітркендіру уақытын және оның қарқындылығын анықтайды. Тітркендірудің әрекеті сезім мүшелеріне бірден сезілмейді, уақыт өте келе түйсіктің латентті кезеңінде көрінеді.Түйсік – мидың орталық жүйесінің және сезу ағзаларының әсер етуі нәтижесінде шындықтың көрінуі. Түйсік дегеніміз қарапайым психологиялық сипаттама, ол адамның тәртібіне есті және ессіз күйде әсер етеді. Түйсік объективті де, субъективті де ұғым. Бір жағынан онда сыртқы тітіркендіргішті байқауға болады. Ал бір жағынан тітіркендіруді байқау жүйке жүйесіне де байланысты.

Қабылдау – қоршаған ортадағы объективті шындықты бағыттап ақпарат ретінде қабылдау мен өзгерту қиын үрдіс болып табылады.Қабылдау сезім мүшелеріне әсер ететін құбылыстар мен заттардың толық жиынтығы. Қабылдау – талдау жүйесі әрекетінің нәтижесі.

Қабылдаудың субъективті заңы дегеніміз адамдардың ақпаратты қабылдау қажеттілігіне сәйкес, субъективті қабылдауы болып табылады. Адамның психикалық қабылдауы оның тұлға ерекшелігіне байланысты апперация деп аталады. Қабылдау қасиеттеріне келесілер жатады:

1. Тұтастық – қабылдау заттың толық түрін көрсетеді. Ереже бойынша ең алдымен зат толық жаратылыс ретінде қабылданып тек содае кейін ғана оның бөлшектері зерттеледі.

2. Константылық – қоршаған ортаны қабылдау кезінде олардың пішіні, түсі, көлемі тұрақты ретінде қабылданады. Константты қабылдаудың белсенді әрекет етуші жүйесі ретінде перцептивті жүйе саналады.

3. Құрылымдық – ол қабылдаудың жай ғана жиыны болып саналмайды. Біз осы құрылымның жалпылама түйсігін іс – әрекеттер ретінде сезінеміз: жеке дыбыстардың орнына сөздерді, адамның жеке қимылының орнына икемдерді, жеке суреттердің орнына орын ауыстыруды қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет