Бірлесу рухы, яғни қызметкерлердің ұйымдасуы мен бірігуі.
Жеке қызығушылықтарын ортақ қызығушылықтарға бағындыру. Жеке қызметкердің немесе топтың қызығушылығы компания қызығушылығынан аспауы қажет.
Еңбектің бөлінуі, яғни мамандану. Оның мақсаты көлемі және сапасы бойынша жұмысты сол жағдайларда да жақсы атқару.
Өкілеттілік және жауаптылық. Өкілеттілік бұйрық беруші құқығына ие жақ, ал жауаптылық оған қарама – қарсы құрамдас бөлігі.
Біржақтылық. Жұмысшы бір бастықтан ғана бұйрық алуы тиіс.
Бір бағыттылық. Бір мақсатқа жұмыс істейтін әртүрлі топ бір жоспармен жұмыс істеп, бір басшыға бағынуы тиіс.
Орталықтандыру. Бұл жерде орталықтандыру мен орталықтың күшін жоюдың тең мөлшерін анықтау басты міндет. Жұмыстың соңында жақсы нәтижеге ие болу үшін оған жетудің өлшемін анықтау.
Скалярлы тізбек. Бұл ең жоғарғы басшыдан ең қарапайым қызметкерге дейінгі аралық. Реттілік. Орын барлығына, бәрі өз орнында.
Қызметкер орынының тұрақтылығы. Жұмысшылардың тұрақсыздығы жұмыстың пайдасын төмендетеді.
Ынта. Жоспарды дайындап оны жүзеге асыру. Бұл ұйымға күш пен энергия береді. Файолдың жасаған 14 ұстанымы Америкада адам ресурстарын басқаруда әлі қолданылып келеді.
37. Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде адамдардың жүріс-тұрысын басқару мақсатында психологиялық білімдерді қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, талдау жасаңыз.
Басқару бұл элемент, функция, белгілі бір құрылымдарды сақтауды қамтамасыз ететін, ұйымдасқан жүйелердің режимін қолдау, олардың қызметін жүзеге асыруға, олардың бағдарламалары мен мақсаттарын түсіндіреді. Ұйымға біріккен адамдарды басқару туралы сөз болғанда, онда көптеген басқа да аспектілері сияқты басқарушылық қызметіне психологиялық аспектте кіреді, сондықтан да психологиялық ғылымда табысты дамып келе жатқан, жаңа пән ретінде-басқару психологиясы пайда болды.
Билік адамның өзін ұстауынан да байқалады. Оның жүріс – тұрысы,сөзі бағынушыларынан өзгеше көрінеді. Ол қоластындағыларға қарағанда байыппен ұзақ сөйлейді. Билік басшының формалды емес құқығы болып саналады, және уақыт өткен сайын ол құқығын бекітуге тырысады. Егер билік басшыға ресми тиесілі болса ол легимитвті болып саналып, бұйрық беруге, жазалауға, басқаруға толық құқылы деп саналады. Жақсы жетекші яғни дұрыс шешім қабылдау кезінде немесе дұрыс жүріс-тұрысты анықтауда рационалды шешім қабылдау қиын жағдайда дұрыс жауап беретіндей басқарушылық сезімді иеленеді. Барлығын басқарып отырған адам, әр уақытта өзгеріп отырған әлеуметтік ортаның және әртүрлі адамдармен тығыз контактіде бола отырып, нақты жағдайларды есепке алып міндетті түрде шешім қабылдар алдында, өзінің тәжірибесі мен интуициясына сүйену керек.
Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде адамдардың жүріс-тұрысын басқару біздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз мен мұсылман қауымында адамның жүріс-тұрысына тиым салынған әдеттеріміз, адамдармен қарым-қатынас жасауда өте жақсы көретілген.
Адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу, таным теориясы арқылы мемлекет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білу және заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын ашу: