Лекция тезистері



Pdf көрінісі
бет1/70
Дата19.04.2022
өлшемі1,09 Mb.
#31539
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Байланысты:
лекция Қаз қаз зам тарихы.2 (1)




 
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 
УНИВЕРСИТЕТІ 
 
ТАРИХ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ  
 
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАРИХЫ пәні бойынша 
 
 
 
Лекция тезистері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шымкент  2022 
 
 
 
 
 
 



 
Дәріс №1   
 Пәнге кіріспе 
(2 сағат) 
 
1.Отандық тарихты оқудың тұжырымдамалық негіздері.  
2.Қазақ  мемлекеттілігінің  тарихи  бастаулары  мен  сабақтастығы:  ежелгі  және 
ортағасырлар, жаңа дәуір.  
3.Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихының  басты  мәселелерінің  өзектелігін 
айқындау.  
4.«Қазақстан 
Республикасында 
тарихи 
сананы 
қалыптастырудың 
тұжырымдамасы».  
5.Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуі.  
6.Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихының  тарихи  деректері  мен  тарихнамасының 
талдануы. 
1.Тарих  -  бұл  адам  қоғамының  өткені  мен  осы  уақыты  туралы,  нақты  формадағы, 
кеңістік-уақыттық өлшемдегі қоғамдық өмірдің дамуының заңдылықтары туралы ғылым. 
Тарихтың  мазмұны  -  бұл  адам  өмірінің  құбылыстарындағы  көрінетін  тарихи  процесс, 
тарихи  ескерткіштер  мен  деректерде  сақталған  мәліметтер  болып  табылады.  Бұл 
құбылыстар  әртүрлі,  яғни  шаруашылықтың  дамуына,  елдің  ішкі  және  сыртқы  қоғамдық 
өміріне,  халықаралық  қатынстарына,  тарихи  тұлғалардың  қызметіне  қатысты  болып 
келеді.  
Қазақстанның  қазіргі  заманғы  тарихы  Қазақстан  Республикасы  аумағында    өмір 
сүрген,  қазірде  өмір  сүріп  жатқан  қазақ  және  басқа  да  халықтардың  тарихы  және  бүкіл 
адамзат тарихының құрамдас бір бөлімі. Өйткені ол Еуразия  және Орталық Азия елдері 
тарихымен  тығыз  байланыста  ұштасып  жатыр.  Қазақстанның  қазіргі  заманғы  тарихы  – 
Ұлы  Далада    ХХ  ғасырдан  бастап    бүгінгі  күнге  дейін  орын  алған  тарихи  оқиғаларды, 
құбылыстарды,  фактілерді,  үдерістерді,  тарихи  заңдар  мен  заңдылықтарды  аша  отырып,  
оларды  тығыз  байланыста  тұтас  қарастыратын  пән.  ХХ  ғасыр  қазақ  халқының  тарихи 
тағдырында өте маңызды кезеңдердің бірі. Өйткені, қазақ қоғамдық  саяси ойдың  дамуы, 
Қазақ мемлекеттілігін жаңғырту идеясы сол кезде пайда болды. ХХ ғасыр қайшылықтарға 
толы  көптеген  саяси-әлеуметтік  бетбұрыстар  мен  мәдени  төңкерістердің,    дүниежүзілік 
соғыстардың,  экономикалық өзгерістердің орын алған кезеңі болғандықтан және бүгінгі 
күнмен етене байланысып жатқандықтан, осы үдерістерді оқытуға аса көңіл бөлу қажет. 
«Қазақстанның  қазіргі  заманғы  тарихы»  пәнінің  негізгі  мақсаты  –  отандық 
тарихтағы  негізгі  оқиғалардың  мазмұны  туралы  ғылыми  дәлелденген  фактілер  негізінде 
міндетті толық білім беру, тарихи-мәдени дамудың үздіксіздігі мен сабақтастығын дәлелді 
көрсету,  рухани  мұрагерліктің  терең  тамырларын,  бұрынғы  ұрпақтың  қажырлы  еңбегін, 
халықтың  жеке  тұлғаларын,  тарихи  тәжірибені  және  ұлттық  дәстүрлерді  құрметтейтін 
жастардың  ұстанымын  қалыптастыру.Осыған  байланысты  төмендегідей  міндеттер 
қойылады: 
✓   білім  алушыларды  қазіргі  тарих  ғылымының  жетістіктерін  пайдалана  отырып, 
хронологиялық тәртіпке сай ауқымды және нақты материалдармен таныстыру; 
✓  проблемалық  дәрістер  әдісін  қолдану  жолымен  білім  алушыларды 
шығармашылық ойлауға жаттықтыру; 
✓  Қазақстанның  қазіргі  заманғы  тарихының  гуманитарлық  пәндер  жүйесіндегі 
орнын, оның объектісі мен пәнінің ерекшеліктерін, ең өзекті проблемаларын анықтау; 
бүгінгі  тарих  және  тарих  ғылымының  рөлі,  оның  салалары  мен  бағыттары, 
тарихтың  белгілі  кезеңдеріндегі  әлеуметтік  және  саяси  проблемалар  туралы  түсінік 
қалыптастыру. 
Тәуелсіз  Қазақстан  тарихын  жоғары  оқу  орындарында  пән  ретінде  білім 
алушыларға  оқыту  барысында  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  кезеңі  тарихын 
оқытудың  тұжырымдамалық  ұстанымдары  сараланады.  Тарихты  оқытудың  қалыптасқан 



 
жүйесі  және  негізгі  қағидалары  Тәуелсіз  Қазақстан  тарихы  пәнін  оқыту  барысында  да 
қолданылады.  Қоғамдық-гуманитарлық  салалардағы  зерттеулер  мен  оқулықтарда 
пайдаланылатын бірнеше ұстанымдар бұл пәнде де өзекті болып табылады. Олар: 
- объективтілік (шынайылық) – бүгінгі күрделі әлемде адам қабілетіне, ұлт жігеріне 
бағынбайтын  заңдылықтар  бар.  Қазіргі  заман  ақпараттар  заманы,  адамзат  баласы  бір 
ақпараттық  кеңістікте,  бір-бірімен  тығыз  байланыста  өмір  сүруде.  Бұл  мәселе  -  Тәуелсіз 
Қазақстан тарихын оқып түсінудің басты шарттарының бірі; 
-  субъективтілік  (жеке  көзқарас)  –  тарихи  үдерістердегі  тұлғаның  орнын  көрсету 
осы  ұстанымның  негізгі  мақсаты.  Сонымен  бірге,  Қазақстан  Республикасының  басынан 
кешкен  күрделі  кезеңге  қатысты  жеке  тұлғалардың,  қайраткерлердің  еңбектерін 
пайдалану бұл тақырыпты ашып көрсетудің қайнар көздерінің бірі; 
-  тарихилық  –  Қазақстан  тарихы  дүниежүзілік  тарихтың  заңдылықтарына 
бағынышты, дегенмен ұлы далада бірнеше мыңдаған жылдар бойы өмір сүрген және өмір 
сүре беретін қағидалар бар. Тарихилық ұстанымы Тәуелсіз Қазақстан тарихының әлемдік 
тарихтың заңдылықтарымен және ұлы дала тарихының қағидаларымен байланысты екенін 
көрсетеді; 
-  сабақтастық  –  бұл  ұстанымның  негізі  Қазақстан  халқының  этникалық  және 
мәдени-рухани  тамырының  көне  және  бұрынғы  заман  үлгілерге  барып  ұштасатынын 
дәлелдеу. Сонымен бірге, Тәуелсіз Қазақстан тарихы өзіне дейінгі ірі тарихи кезеңдермен, 
мемлекеттермен және өркениеттермен сабақтас құбылыс; 
-  өркениеттік  –  қазіргі  заман  адамзат  баласының  дамуын  постмодернистік, 
техногендік өркениетке бастайды. XIX-XX ғасырлардан басталған бұл құбылыс бізге де өз 
әсерін  тигізуде.  Әлемдік  өркениет  факторын  есепке  алмай  Тәуелсіз  Қазақстанның 
толыққанды тарихын жазу мүмкін емес; 
- жүйелілік – адамзат қоғамы тұтас жүйе. Тәуелсіз Қазақстан осы жүйенің құрамдас 
бөлігі. Сондықтан ұлттық-мемлекеттік тарихты оқытуда жүйелі-құрылымдық ұстанымды 
пайдалану қажет. 
Қазіргі  қоғамда  өркениет  проблемасы  терең  пайымдаулардың  пәніне  айналып 
отыр.  Адамзат  өркениетінің  болашағын  зерделеумен  айналысатын  ғалымдар  арасында 
түрлі көзқарастар да бар. «Тарихтың ақыры» немесе парасатты тарихтың басталуы туралы 
пікірлердің, «өркениеттер қақтығысы» жайындағы болжамдардың да бар екендігі белгілі. 
Әлемдік  қоғамдастыққа  ықпалдасу  үрдісінде  ұлттық  –  этникалық  және  мәдени 
құндылықтарды сақтау аса маңызды.  
ХХІ  ғасырдың  басында  әлем  көптеген  өзгерістерге  ұшырады.  Қазіргі  Қазақстан 
тарихын  оқыту  үрдісінде  салыстырмалы  әдіс  арқылы  өткен,  қазіргі  және  болашақ 
арасындағы  өзара  байланысты  көрсету,  сонымен  қатар  тарихтың  ұлттық,  өңірлік  және 
ғаламдық қырлары арасындағы шынайы байланысты көрсету де аса маңызды. 
2.Қазақ  халқының  мемлекеттігі-Қазақстан  аумағында  ірі-ірі  көшпелі  империялар 
мен  жеке  хандықтар  ретінде  ежелден  өмір  сүрген  мемлекеттердің  заңды  жалғасы.  Қазақ 
тарихын  мемлекеттіліктің  дамуы  тұрғысынан  қарастырсақ,  онда  ол жалпылама  түрде 
Қазақстанның  ежелгі  тарихындағы сақ,  ғұн,  үйсін,  қаңлы мемлекеттіліктерінің,  ерте  орта 
ғасырлардағы Түрік,  Батыс  Түрік,  Түргеш,  Қарлұқ,  Оғыз,  Қимақ,  Қыпшақ,  Қарахандар 
мемлекеттерінің, одан кейінгі Алтын Орданың, ал нақты түрде, Ақ Орда мемлекеттерінің 
тарихымен  тығыз байланысты.  Мемлекеттердің  атауы  әртүрлі  болса  да,  оларға тән ортақ 
нәрсе -  бір  территория  мен  сол  территорияда  өмір  сүрген  ру-тайпалар  мен  тайпалық 
бірлестіктердің  тегі  мен  тілі,  шаруашылығы мен  мәдениеті,  діни-рухани  өмірлерінің 
тұтастығы.  ХІІІ  ғасырдың  басына  дейінгі  мемлекеттердің бәрінің  әулеттерді  шығарып 
отырған тайпалар атауларымен байланысты болып келсе, Қазақ хандығы алғаш рет  қазақ 
халқының  құрамына  енген  тайпалардың  бірінің  емес,  барлық  тайпаларға ортақ  жиынтық 
атаумен  атала бастайды. Бұл дегеніміз - Қазақ хандығын бір тайпаға емес, көптеген туыс 
тайпалардың  бірігуінің  нәтижесінде  пайда  болған жаңа этноқауымдастық  немесе 
жаңа этнос атауына қатысты екендігін көрсетеді. 



 
XV  ғасырда  орнаған  Қазақ  хандығы-жерінің  тұтастығы,  саяси  құрылымы, 
халқының  мәдениеті,  діні  мен  тілі  ортақтығы  сияқты  белгілері  жағынан  алғанда,  дербес 
мемлекетке  қойылатын  талаптарға  толық  сәйкес  келеді.3,5  ғасырдан  аса  тарихы 
болған Қазақ  хандығы,  біріншіден,  б.з.д.  І  мыңжылдықтың  басынан -  б.э.  ІІ 
мыңжылдығының  ортасына  дейін  Қазақстан  аумағында  өмір  сүрген  мемлекеттік 
құрылымдар  мен  мемлекеттердің  заңды  мұрагері  болса,  екіншіден,  ХV ғасырдың 
ортасынан  ХІХ  ғасырдың  І  ширегі  аралығындағы қазақ  халқының  ұлттық  сипатта 
қалыптасқан мемлекеті болып саналады.Хандықтың құрылуы Қазақстан аумағында ежелгі 
замандардан  бері  үзілмей  үздіксіз жүріп  келген  этникалық  процестер  мен  XIV–XV 
ғасырлардағы Шығысы  Дешті  Қыпшақ  аумағы мен  оған көршілес  аймақтардағы саяси 
құрылымдар 
дамуының 
заңды қорытындысы 
болып 
есептелінеді. 
Сонымен 
бірге бұл маңызды  оқиға мемлекеттіліктің  дамуындағы белесті  бір  кезең  болуымен 
ерекшеленеді. 
1991  жылы  тәуелсіздік  алғанға  дейінгі  Қазақстан  тарихы  –  бұл  рухани  дамудың, 
күрес пен табандылықтың және жасампаздықтың жылнамасы. Мемлекеттік тәуелсіздікке 
қол жеткізу Қазақстанның сан ғасырлық тарихының дәуірлік оқиғасы  болды. Сондықтан 
ғасырлар  тоғысындағы,  ХХ  ғасырдың  соңы  мен  ХХІ  ғасырдың  басындағы  егемен 
Қазақстан  тарихы  –  бұл  тәуелсіздік  алған  және  жаңа  мемлекетті  құрған  республика 
азаматтары жетістіктерінің заманауи жылнамасы.  
Тәуелсіз Қазақстан тарихы – бұл Отандық тарихтың заңды жалғасы және маңызды 
бөлігі болып табылады. «Өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ» деген қанатты сөз қоғам мен 
мемлекеттегі тарих ғылымының міндеттерін нақты анықтап тұр. Қазақстан Республикасы 
тәуелсіздігінің  іргетасын  әлемнің  елеулі  бөлігіне  ықпал  еткен  ұлы  дала  көшпелілерінің 
мемлекеттік  дәстүрі  және  бірнеше  жүз  жылдық  барысындағы  қазақтардың  азаттық 
жолындағы  күрес  тарихы,  Ресей  және  Кеңестік  Социалистік  Республикалар  Одағы 
құрамында өмір сүрген тәжірибесі құрайды. 
3. Жоғары оқу орындарында «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихын» оқыту білім 
алушылар бойында патриотизм мен азаматтық позицияны қалыптастыруға, Қазақстанның 
сан  ғасырлық  тарихы  бойынша  терең  ғылыми  білімдерді  бекітуге  ықпал  етуші  фактор 
болуы  тиіс.  Әсіресе,  Қазақстанның  егеменді  мемлекет  ретінде  қалыптасуы  мен  дамуы, 
қоғамның  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік  салаларындағы  реформалар  үрдісі,  ішкі 
және сыртқы саясаттағы жетістіктері өскелең ұрпақ санасына құйылуы тиіс. Осыған орай, 
төмендегідей міндеттер туындайды: 

проблемалық  көзқарас  негізінде,  тарихи  дамудың  жалпы  заңдылықтарын 
талдау  арқылы  ежелгі  заманнан  бүгінгі  күнге  дейінгі  Қазақстан  тарихы  кезеңдерін, 
мазмұнын және мәнін ашу; 

тарихтың  ежелгі  кезеңдерінің  негізгі  проблемаларын  зерделеу  арқылы  сол 
дәуірді халқымыздың бесігі, кейінгі тарихи дамудың алғышарты ретінде көрсету; 

қазақ  ұлты  мен  мемлекеттілігінің  қалыптасу  үрдісінің  басты  бағыттарын  
ашу;  

қазақ хандығының өмір сүрген кезеңі мен отарлық қыспақпен тәуелсіздікті 
жоғалту барысындағы тарихи даму ерекшеліктерін дәйектеу; 

кеңестік  кезеңдегі  Қазақстан  тарихының  мәні  мен  қайшылықтарын 
айқындау; 

тәуелсіздіктің қалыптасу жағдайындағы өтпелі (транзитті) қоғамдағы тарихи 
үрдістердің  (саяси,  экономикалық,  социомәдени)  негізгі  заңдылықтарының    мазмұнын 
зерделеу; 

мемлекеттік  тәуелсіздіктің  саяси  –  құқықтық  негізін  құрайтын  құжаттарды 
(деректерді) білуді қамтамасыз ету; 

Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Президенті,  Елбасы  Нұрсұлтан 
Әбішұлы  Назарбаевтың  егемен  мемлекетті  нығайтудағы,  еліміздің  халықаралық 
қауымдастықтағы лайықты орын анықтаудағы тарихи рөлін көрсету; 



 

мемлекет  эволюциясын  және  оның  тәуелсіздік  кезеңіндегі  институттарын 
қарастыру; 

Қазақстан  Республикасының  саяси,  экономикалық  және  әлеуметтік-мәдени 
реформалау  үрдістерінің  барысы  мен  нәтижелерін  және  экономикалық  қуатының  өсуін 
айқындау; 

еліміздің әлемдік және өңірлік қоғамдастыққа халықаралық  қатынастардың 
дербес субьектісі ретіндегі кіру үрдісін ашу. 
4.Отандық  тарих  ғылымы  еліміздің  тәуелсіздігімен  бірге  келген  терең  түбегейлі 
өзгерістер мен жаңаруларды басынан өткеруде. Оның басты көрінісі  - тарих ғылымының 
бұрынғы  идеологиялық  қыспақтан  арылып,  төл  тарихты  зерттеуге  бет  бұрғаны.  Ұлттық 
тарих тұтас ұлттық таным, төл рухани құндылықтар контексінде қарастырыла бастады. 
Тарих  ғылымы  -  ұлттың,  елдің  тәуелсіздігінің  және  тарихи  сананы  қалыптас 
тырудың  тірегі.  Өйткені  Отан  тарихы  -  оның  әлемдік  қауымдастықтағы  орнын 
айқындайтын  ең  негізгі  фактор  болып  саналады.  Тарихсыз  қоғам,  халық,  мемлекет 
болмайтыны  белгілі.  Бірақ  сол  тарихтың  ғылымға  негізделіп,  шынайы,  түбегейлі  жан-
жақты  зерттелмеуі  тарихи  сананың  ұлттық  рухтың  әлсіреуіне  әкелетініне,  әсіресе  өткен 
жиырмасыншы  ғасырдың  ұрпақтары  талай  рет  көз  жеткізді.  Ендеше  отандық  тарих 
ғылымының  алдында  тұрған  өзекті  мәселе  -  сол  ғылымның  теориялық  және 
методологиялық  ұстанымдарына  сүйене  отырып,  іргелі  зерттеулер  жүргізу  арқылы 
болашақ  зиялы  ұрпақты  тәрбиелеу.  Төл  тарихымызды  танып-білудің  үш  құрамдас 
бөліктен құралатын кешенді бағыты төмендегідей: Бірінші бағыт  - Қазақстан тарихының 
әртүрлі-деңгейдегі  оқу  орындарындағы  оқыту  дәрежесін  үнемі  жетілдіріп  отыру.  Екінші 
бағыт  —  Отандық  тарихты  қолда  бар  құралдарды,  мүмкіндіктерді  пайдалана  отырып, 
халық арасында кең насихаттау. Үшінші бағыт - Қазақстан тарихының тереңдей зерттелуі.  
Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  тәуелсіздігін  жариялағаннан  кейін  жаңа 
тарихи  таным  қалыптастыру  үшін  тарих  ғылымының  теориялық-методологиялық 
мәселелерін  қайта  қарау  қажеттілігі  туындады.  Сондықтан  1995  жылы  «Қазақстан 
Республикасында  тарихи  сана  қалыптастырудың  тұжырымдамасы»  дайындалып,  онда 
өткен  тарихымыздың  шынайы  бейнесін  жасау  қажеттігі  баса  айтылды.   Онда  тарихи 
білімнің  іргелі  принциптері  айқындалып,  негізгі  басымдықтары  анықталды. 
Тұжырымдаманың  мақсаты  мемлекеттік  саясаттың  тарихи  сананы  қалыптастырудағы 
негізгі басымдықтарын айқындау болып табылады.  
Осы тұжырымдаманың негізінде: «Тарихи білімнің негізгі басымдықтары», «Тарих 
ғылымының  проблемалары»,  «Тарихи  білім  беру  мен  ағарту  ісінің  келешегі»  сияқты 
басты  бағыттар  қамтылынды.  Ата  тарихымыздың  бұрмаланған  беттеріне  қоғамдастық 
ғылым жолындағы ғылыми әлеуеттер өкілдері  де айтарлықтай іргелі  ізденістер жүргізді. 
Басталынған  іргелі  мәселелерге  мемлекет  тарапынан  қолдау  көрсетіліп,  «Мәдени  мұра» 
мемлекеттік бағдарламасын алға тартты. 
Тарихшы  ғалымдардың  алдында  тарихты  жазуда,  зерттеуде  өзекті  мәселелерге 
жаңа  көзқарастар  тұрғысынан  қарап,  дербес,  тың  ой-пікірлер  мен  тұжырымдар  жасау 
міндеті тұрды. Бірақ тәуелсіз, жаңа тұжырымдар жасау оңайға түскен жоқ.Ғасырға жуық 
билік  құрған  Кеңес  Одағының  құрамында  болған  халықтардың  барлығының  тарихы 
бірыңғай  саяси  бағытта  жазылғаны  белгілі.  Бұл,  әрине,  алып  империяға  қол  астындағы 
халықты  уысында  ұстап  отыру  үшін,  орыстандыру  саясатын  жүргізу  үшін  керек  болды. 
Ал,  осы  саясатты  жүргізу  тарихшылар  арқылы  жүзеге  асырылды.  Сондықтан  да,  ХХ 
ғасырда тарих ғылымына жоғарыдан қысым жасалып, тарих тапсырыспен жазылды, қатаң 
бақылауда ұсталды. 
Отан  тарихы,  біріншіден,  әлемдік  тарихтың  құрамдас  бөлігі  ретінде,  екіншіден, 
Шығыс  әлемінің  құрамдас  бөлігі  ретінде,  үшіншіден,  ислам  әлемінің  құрамдас  бөлігі 
ретінде қарастырылып, одан кейінгі кезеңдері Қазақстанның Ресей империясы мен Кеңес 
Одағының  құрамындағы  тарих  ретінде  қарастырылып,  зерттелуі  қажет.  Осыған  орай 
Қазақстанның  тарих  ғылымының  алдына  төмендегі  міндеттер  қойылды  -  өткен  тарихты 



 
үзінділер  түрінде  емес,  мүмкіндігінше  тұтас  үрдіс  ретінде  қарастыру;  көне  және  орта 
ғасырлық тарихқа басты назар аудару; Қазақстан тарихының кеңестік кезеңін қайта қарау; 
қазақ диаспоралары тарихын зерттеуге басты назар аударумен қатар елімізді мекендейтін 
этникалық  топтарына  тиісті  мән  беру.  Сан  түрлі  дерек  көздерін  саралап,  тарихтың 
ақиқатын  ашу  қаншалықты  маңызды  болса,  оны  келер  ұрпаққа  жеткізуде  соншалық 
маңызды. Қоғамдық  санада қалыптасқан  - тарихтың өзі екшейді, өзі  әділ бағасын береді 
дейтін  ұғымдық  категория  бар.  Бірақ  ең  бірінші  адамдардың,  қоғамның,  халықтың 
санасына,  зердесіне  тікелей  байланысты.  Тарих  -  қоғамның,  мемлекеттің  өркениеттілігін 
көрсетеді.  Өркениетті  елдер  төл  тарихына  құрметпен,  жауапкершілік  пен  қарап,  ерекше 
назар аударады. Өйткені, өткен тарихын құрметтей білген ұрпақ, келер ұрпаққа өз дәуірін 
сыйлата  білері  анық.  Ендеше  Отан  тарихының  өзекті  де  теориялық  мәселелеріне 
сипаттама  жасау  арқылы  ұлттық  сана  қалыптастыру.  Оның  міндеті  алдына  қойған 
мақсатына сәйкес еліміздің басынан өткізген жекелеген үрдістеріне байыпты талдау жасау 
бүгінгі күні тарих ғылымының өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. 
5.Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алуы ғылымды жаңа өзгерістерге алып келді. 
Сондықтан  да,  Қазақстан  тарихы  ғылымына  қоғамдық  жаңа ұлттық  тарихымызды 
жазуға әлемдік  тарих  ғылымында  өткен  дәуірлеу  мен  қазіргі  кезеңдегі  тарихи 
құбылыстардың  кезеңдік  межелерін  айқындау  тәжірибесін  ескеру  қажет  бола  бастады. 
Дәуірлеу  тарих  ғылымы  методологиясындағы күрделі  мәселелердің  бірі.  ХҮІІІ-ХІХ 
ғасырларда Қазақ хандығы құлағаннан кейін қазақтардың арыңды рухы бұрқ етіп сыртқа 
шығудың әртүрлі жолдарын қарастырды. Ресей патшалығы әлсіреді. Сол кезде қазақтарда 
өз  мемлекетін  қүру  үміті  тағы  да  ояна  бастайды.  Алашорданың  көсемдері  Әлихан 
Бөкейханов,  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып  Дулатов  және  басқалар  болды.  Қалай 
болғанда  да,  Алашорданың  игілікті  ісі  өте  қайғылы  аяқталды.  Қазақтың  оқыған  жас 
өкілдерінің  осынау  ыстық  жігері,  ұлттық  рухы  сол  кезде  қалыптасқан  жағдайлардың 
себебінен өмірде іс жүзіне аса алмады. Сөйтіп, 1917 жылдан 1920 жылға қазақтың ұлттық 
рухы ауыр езгінің астына түсті. Қазақстан - КСРО-ның құрамына кірді.  
Әлемдік  тарихта  қазіргі  заман  тарихының  басталу  кезеңін  бірінші  дүниежүзілік 
соғыстың  басталу  уақытымен  алса,  Кеңестік  жүйе  де  1917  жылғы  қазан  төңкерісінің 
уақытымен  алған  болатын.  Қазақстан  тарихындағы  қазіргі  заманды  қазақ  жеріне 
капитализмнің енуінен бастау керек деген орынды. 
Қазақстанның қазіргі заман тарихының кезеңделуін төмендегіше жазуға болады: 
-Бірінші  кезең  патшаның  тақтан  құлауы  мен  қазан  революциясы  және  Кеңес 
өкіметінің  құрылуынан  (1917-1920)  бастап,    КСРО-ның  (тамыз-  желтоқсан  1991  ж.) 
құлауына дейінгі кезең.  
-Екінші  кезең    16  желтоқсан    1991  ж.  тәуелсіздік  жарияланғаннан  бастап,  қазіргі 
кезең аралыған қамтиды.  
1.  ХХ  ғасыр  басындағы  Қазақстандағы  ұлттық  мемлекет  құру  идеяларының  
кезеңдері. 
2. Қазан төңкерісі және Қазақстанның саяси өмірі.  
3.Кеңестік  мемлекеттік  құрылыс  үлгісінің  жүзеге  асырылуы. 
4.ХХ ғасырдың  екінші  жартысындағы  Қазақстандағы  кеңестік реформалар. 
5.ТәуелсізҚазақстан  Республикасының мемлекеттік құрылымының қалыптасуы. 
6. Қазақстан - замануи әлем мойындаған ел. 
6.  Тарихтың  фактісіз  жазылмайтындығы  белгілі.  Тарих  ғылымының  дәстүрлі 
деректемелік  негізі  әрқырлы  археологиялық,  этнологиялық,  фольклорлық  және  өзге  де 
материалдардан  тұрады.  Тарихшылар  кітапхана  қорлары  мен  мұрағаттарда  сақталған 
көптеген деректерді қолданады. Тәуелсіздікке дейінгі Қазақстан тарихының деректемелік 
негізін  археологиялық  қазба  жұмыстарының  материалдары,  антикалық,  ортағасырлық  – 
батыс,  парсы,  араб,  орыс,  қытай,  моңғол  және  өзге  де  тарихшы-жылнамашылардың 
еңбектері,  мұрағат  құжаттары  құрайды.  Қазақстан  тарихына  кеңестік  кезеңдегі  түрлі 



 
құжаттық деректер де өзіндік үлесін қосады. Алайда, сол он жылдықтардың идеологиялық 
ізін де ескерген орынды. 
Қазіргі  тәуелсіз  Қазақстан  тарихын  зерттеуде  қоғамдағы  саяси,  әлеуметтік  – 
экономикалық  және  рухани  өзгерістерді  бейнелейтін  негізі  деректер,  құжаттар  мен 
материалдар: 

Республиканың  басым  бағыттары  мен  даму  нәтижесін,  мақсат-міндеттерін 
айқындайтын  мемлекет  басшысының  жарғылары,  жолдаулары,  баяндамалары,  сөйлеген 
сөздері; 

Парламент тарапынан қабылданған заңнамалық құжаттар; 

Еліміздің  ішкі  және  сыртқы  дамуын,  Қазақстан  дамуының  саяси-өңірлік, 
әлеуметтік экономикалық қырларын нақтылайтын үкіметтік қаулылар мен құжаттар; 

Атқарушы  биліктің  орталық  және  өңірлік  органдарының  құжаттары,  түрлі 
деңгейдегі мәжілістер материалдары

Азаматтық 
қоғам 
институттарын, 
саяси 
партиялардың, 
шетел 
сарапшыларының ұстанымдарын бейнелейтін материалдар; 

Тәуелсіз Қазақстанды құруға ат салысқан тұлғалардың естеліктері; 

Әлеуметтанулық сауалнамалар материалдары мен статистика мәліметтері; 

Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы  бойынша  қазақстандық  және  шетел 
ғалымдарының тұжырымдамалық және іргелі еңбектері; 

Мерзімді басылым материалдары; 

Өзекті мәселе бойынша интернет-қорлары. 
Тәуелсіз  Қазақстан  тарихын  жазуға  негіз  болатын  құжаттық  негізін  заңнамалық 
актілер мен стратегиялық құжаттар құрайды.  
Бірінші  кезекте  «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы 
Заңы»  (1991  жыл),  1995  жылғы  «Қазақстан  Республикасының  Конституциясы»,  ҚР 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  Жолдауы  «Қазақстан  -  2030:  барлық 
қазақстандықтардың  гүлденуі,  қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы»  (Алматы,  1997) 
және Елбасының басқа  да Жолдауларын  атаймыз. Заңнамалық  актілер мен стратегиялық 
құжаттар  Тәуелсіз  Қазақстанның  негізін  салып,  оның  болашақ  даму  қырларын  анықтап, 
елдегі іргелі өзгерістерге жол ашты. 
Мемлекеттік  стратегияны  талдауда  Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш 
Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  еңбектері  маңызды  болып  табылады.  Өйткені,  Елбасы 
еңбектерінде  мемлекет  пен  азаматтық  қоғамның  дамуы,  ішкі  және  сыртқы  саяси 
жағдайлар  туралы,  тәуелсіздіктің  қалыптасу  үрдісіндегі  мәселелер,  табыстар  мен 
қиыншылықтар  туралы  толық  ақпарат  беріледі.  Президент  еңбектерінің  өзектілігі,  оның 
тарихи  үрдістің  қарапайым  ғана  қатысушы  емес,  КСРО  –  ның  ыдырауы  және 
тәуелсіздіктің  қалыптасуы  кезінде,  қазіргі  уақытта  да  маңызды  шешім  қабылдаған 
саясаткер  екендігімен  түйінделеді.  Елбасы  еңбектері  тарихи  фактілерге  толы  ғана  емес, 
сонымен  бірге  талдау  негізінде  әрі  жан-жақты  сипатта  жазылған.  Оларда  1980 
жылдардағы  кеңестік  қоғамның  дағдарысы,  Қазақстан  Республикасының  тәуелсіздік  алу 
үрдісі,  экономикалық  реформалардың  жүргізілуі  мен  мемлекеттік-саяси  жүйенің  дамуы 
зерделенеді.  
Қазақстан  экономикасын  жаңғырту  (модернизация)  бойынша  берілген  деректер 
ішінен  заң  күші  бар  және  экономикалық  дамуды  жандандырған  Елбасының  жарғылары, 
Қазақстан халқына Жолдауы және мемлекет басшысының ірі халықаралық форумдар мен 
кеңестерде  сөйлеген  сөздерін  атауымыз  қажет.  Сонымен  бірге  Республикада  мемлекет 
иелігінен алу және жекешелендіру сияқты аса күрделі, қарама – қайшылығы мол мәселеге 
қатысты кейбір оқиғалар мен үрдістер құжаттық деректерде жеткіліксіз берілген, сонымен 
қатар  аналитикалық  материалдар  мен  публицистикалық  мақалалар  саны  да  мардымсыз. 
Осыдан  келіп  реформалар  барысын,  елдің  әлеуметтік  –  экономикалық  даму  көрсеткіші 
ретіндегі статистикалық мәліметтерді талдаудың маңыздылығын айта кетуіміз де керек.  



 
Тәуелсіз  Қазақстан  тарихын  зерттеуде  Қазақстан  тарихын  зерттеудің  бай  дәстүрі 
бар. М.Х. Дулати, Қ.Жалайыр, Қ. Халиди, Ш. Уәлиханов, Г. Потанин, Ә. Бөкейханов және 
т.б.  ғалымдар  мен  ойшылдар  Отан  тарихының  күрделі  мәселелерін  шешуге  сүбелі  үлес 
қосты.  Кеңестік  жылдарда  ұлттық  тарихнама  С.Асфендиаровтың,  М.  Тынышбаевтың,  Х. 
Досмұхамедовтың,  Е.Бекмахановтың,  Ә.  Марғұланның,  Г.  Дахшлейгердің,  Р. 
Сүлейменовтың  қаламынан  шыққан  толымды  еңбектермен  байыды.  Ел  тарихының 
жарқын  беттері  тәуелсіздік  тұсында  жазылғаны  күмәнсіз.  М.Қозыбаев,  М.Асылбеков, 
К.Нұрпейісов,  К.Байпақов,  Т.Омарбеков,  М.Қойгелдиев,  Қ.Атабаев,  В.Зайберт  т.б. 
танымал ғалымдардың еңбектері ұлттық тарихтың ақтаңдақтарын жоя бастады. 
Тарихнаманың 
маңызды 
арқауы 
Қазақстан 
республикасының 
Тұңғыш 
Президентінің мемлекеттік қызметі, әсіресе жаңа Қазақстанның жаңа астанасы Астананы 
салдыруы  болып  табылады.  Қазақстанның  жаңа  астанасы  туралы  Елбасының  «Еуразия 
жүрегінде»  (Алматы,  2005)  еңбегінде  астананы  ауыстырудың  негіздері,  мемлекеттің 
дамуындағы  ел  астанасының  мәні  терең  ашылып  көрсетіледі.  Осы  орайда  ғылыми, 
публицистикалық  және  құжаттық  шығармалар  қатарындағы  төмендегідей  кітаптарды 
айтуға  болады:  Н.  Ә.Назарбаевтың  «Халыққа  арнау»  (2007),  «Ел  басы  мәртебесі  –  ел 
мәртебесі»(2007),  «Қазақстан.  Жаңа  асулар  жылы  2002»  (2003),  М.  Касымбеков 
«Становление института президентства в Республике Казахстан» (2000), «Елін сүйген, елі 
сүйген Елбасы» (2005), Ж. Сааданбеков «Нурсултан Назарбаев. Законы лидерства» (2005), 
«Қазақстан.  Тәуелсіздіктің  15  жылы»(2006),  «Қазақстан  әлемнің  тоғызыншы 
мекені»(2007),  О.Видова  «Нурсултан  Назарбаев:  портрет  человека  и  политика»  (1998), 
«Бәйтерек» (2003), А. Джаксыбеков «Так начиналась Астана» (2008) т.б. 
Халықаралық қатынастар тарихнамасында Қ. Тоқаевтың «Беласу. Дипломатиялық 
очерктер»  (2003),  «Под  стягом  независимости.  Очерки  о  внешней  политике»  (1997); 
«Дипломатия  Республики  Казахстан»  (2002),  «Нұр  мен  көлеңке»  (2008),  Т.Мансұровтың 
«Казахстанско-российские  отношения  в  эпоху  перемен»  (2001)  зерттеулері  ерекше 
орынды  иеленеді.  Саяси  тарих  бойынша  әдебиеттер  қатарынан  -  К.  Бұрхановтың,  Б. 
Сұлтановтың,  Б.  Аяғанның  «Современная  политическая  история  Казахстана  1985-2006 
гг.» (2006) еңбектерін атауға болады.  
Қазіргі уақытта аталған тақырып төңірегінде салмақты және іргелі зерттеулер қолға 
алынуда. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет