30. CorelDRAW редакторының құралдар панелі Corel Draw бағдарламасындағы құрал–саймандар панелі деп бір жерде топтастырылған (негізгі және бірнеше қосымша панелдері) және құжаттағы объектіні қалыптыстыруға және өңдеуге өте қажетті амалдарды орындауға мүмкіндік беретін басқару батырмаларының жиынтығын айтады. Мұндай батырмалар қызметші құрал–саймандар деп аталады.
Негізгі құрал–саймандар панелі әлбетте экранда бейнеленеді, ал қосымша панелдері негізгі панелдерінің құрал–саймандарының орнын ауыстырған кезде ғана ашылады.
Егер кейбір панелдердің ұяшықтарында бірнеше құрал–саймандар орналасқан болса, онда оның оң жағындағы төменгі бұрышында кіштентай қара белгісі бар белгі тұрады. Егер көрсеткішті осындай белгіге орналастырып және тышқанның батырмасын шертсек немесе көрсеткішті ұяшықтың кез–келген жеріне орналастырып, тышқанның батырмасын басып тұрған күйде бірнеше уақыт ұстап тұрсақ, онда экранда берілген ұяшыққа байланысты, қосымша құрал–саймандар панелі бейнеленеді. Таңдалынған құралды негізгі панелге орналастыру үшін, онда оған көрсеткішті орналастырғаннан кейін тышқанның батырмасын басу керек. Нәтижесінде көрсетілген құрал негізгі құралдар блогының ұяшығында орын алады және оның батырмасы белсенді күйде болады, ал қосымша панелі жабылады.
Corel Draw бағдарламасының құрал-саймандар блогымен жұмыс жасау үшін келесі ерекшеліктерін қарастыру керек: егер қандай да бір осы панелдердің біреуі ашық болса және қара белгісі бар негізгі панель блогының ағымдағы ұяшықтан басқа ұяшыққа көрсеткіштің орынын ауыстыратын болсақ, онда осы ұяшыққа байланысты қосымша панелі ашылады, ал алдында ашылған панель жабылады.
Бағдарламада құрал–саймандар блогының орналасу ретімен Corel Draw X4 бағдарламасының қызметші құрал–сайманын қарастырайық (негізгі панель үшін жоғарыдан төмен және қосымша панель үшін солдан оңға қарай), құралдардың батырма бейнесін және жылдам іске қосу пернелеріне тоқталайық:
Мысал ретінде қарастырсақ; - (Указатель - Таңдау, меңзер) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бірінші ұяшығында тұрады. Жылдам пернесі жоқ. Бұл құрал келесі 3 амалды орындау үшін арналған: Бір немесе бірнеше объектіні ерекшелеу үшін; Таңдалынған объектіні құжат аймағына қатысты орнын ауыстыру; Объектіні трансформациялау (масштабтау, бұрылыс және иілгіші). Объекті тобын ерекшелеу үшін, әрбір объектіні «Shift» пернесін басып тұрып бір рет шертуді орындау керек немесе осы объектінің барлығы ерекшелеп тұратын төртбұрышты аймақты (тышқан батырмасын басқанда) құру керек. Объектінің орнын ауыстыру үшін тышқанның батырмасын басу арқылы орындалады, ал осы трансформация ерекшеленген маркер көмегімен орындалады. - (Форма - Пішім) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының екінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ғ10». Бұл құрал екі функцияны орындайды. Бірінші функциясы, түйіндер көмегімен Безье векторлық контурларын және бақылау нүктелерін бақылауы болып табылады. Екінші функциясы мәтіндік блоктағы кез–келген мәтіндік символдарды бірдей уақытта форматтау үшін ерекшелейді. - (Нож - Пышақ) құралы құрал–саймандар блогының үшінші ұяшығында тұрады. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құралды векторлық объектіге қатысты үш функцияны орындау үшін қолданылады: Тұйық контурлы объектіні қолданушы құратын кез–келген сызықтарымен бөлікке бөлуге болады; Кез–келген контур арқылы объект формасын өзгертеді (тұйық немесе тұйық емес); Кездейсоқ қисық сызықтарымен расторлы бейнені бөліктерге бөлуге мүмкіндік береді. - (Ластик - Өшіргіш) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының үшінші ұяшығында тұрады. Жылдам пернесі «Х». Құрал векторлық және расторлық объектіні ерекшеленген аймағын толығымен көрінбеуін қамтамасыз етеді. Егер берілген аймақты өңделініп отырған объектіден кейбір бөлімдері бір-бірінен бөлінген болса, онда бөлінген бөліктерді жеке объектіге айналдыру. - (Удаление виртуального сегмента – белгіленген бөлікті өшіру ) құралы құрал–саймандар блогының үшінші ұяшығында тұрады. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Белгіленген объекті аймағын өшіреді. - (Рука - Қол) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының үшінші ұяшығында орналасқан (бір құрал бар). Жылдам іске қосу пернесі «Н». Құрал құжатты жұмыс терезесінде (тышқанның батырмасын басқанда) орнын ауыстыруға мүмкіндік береді. Жұмысты құжат терезесіндегі айналдырғыш жолағымен басқаруға болады. - (Свободная форма – еркін форма ) - жұмыс құралы құрал–саймандар блогінің бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «F5». Еркін түрде сызықтар мен фигураларды салуға арналған. - (Безье) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Бұл құрал пішімдегі берілген түйінге қатысты, бақылау нүктелерінде орналасқан түйіндерін тышқанның көмегімен жылжытып орын ауыстыру арқылы, объекті контурын түзу сызықтар арқылы салу үшін қолданылады. - (художественное офформление –көркем безендіру) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «I». Бұл құрал еркін түрде көркемделген сызбалар жасауға пайдаланылады. - (Перо - Қаламұш) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал түйіндермен және басқару нүктелерінің көмегімен объекті контурын өңдеуде қолданылады. - (Ломаная линия - Сынған сызықтар) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал тік сызықты және қисық сызықты бөліктерден тұратын, комбинирленген сызықтарын салуға мүмкіндік береді. Тік сызықтар тышқанның шертпесімен өңделінеді, ал қисық сызықтар – тышқанның батырмасын басқан кезде көрсеткіш арқылы орындалады. - (Кривая через 3 точки – 3 нүкте арқылы қисықтар салу) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Берілген құрал үш нүкте арқылы қисықтарды салу үшін арналған. Тышқанның батырмасын басқанда өңделеді және тышқанның батырмасының көрсеткішін басқанда және жібергенде кезде, осы қисықтың соңғы қисығының орны анықталады. Қисықтың үшінші нүктесін тышқан көрсеткішін қажетті орнын апарғаннан шерткеннен кейін ғана беріледі. - (Соединительная линия - Интерактивті біріктіру) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Параметрлері интерактивті режимінде өңделінетін, сызықтардың қиықтарынан, параллель координат осьтерінен тұратын көрсетілген құрал-сайманының біріншісі сызықтарды біріктіруге мүмкіндік береді. Олар әртүрлі блок схема кестесін салу үшін қолданылады. Екінші құралдың біріншіден айырмашылығы таңдалынған екі объектілердің түйіндері, олардың әрқайсысы түзу сызықтардың қиықтары болып табылатын, біріктіргіш сызықтарды салу үшін қолданылады. - (Размер - Өлшем) жұмыс құралы құрал – саймандар блогының бесінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал автоматты түрде есептелінетін (берілген бірлік өлшемінің масштабымен) әртүрлі типті көлемі мен өлшемі сәйкес бейнеленетін сызықтарды салу үшін қолданылады. - (интеллектуальная заливка – интеллектуальды құю) жұмыс құралы құралдар блогының алтыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Шекаралары бөлінген объектілерді бөлектеп түс беруге арналған. - (интеллектуальное рисование – интеллектуальды сурет салу) жұмыс құралы құралдар блогының алтыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Shift+S». Еркін түрде сурет салуға арналған. - (Прямоугольник - тіктөртбұрыш) жұмыс құралы құралдар блогының жетінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ғ6». Құралдың көмегімен (тышқанның батырмасын баса отырып) тіктөртбұрыш түріндегі геометриялық фигураны салуға болады, онда тіктөртбұрыштың бұрыштарын дөңгелетуге мүмкіндік береді. Егер салу процессі «Shift» пернесін басып тұрсақ, онда фигура оның ортасынан бастап құрылады. Ал, «Ctrl» пернесін басқанда дұрыс фигура құрылады (бұл жағдайда квадрат). - (Эллипс) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының сегізінші ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ғ7». Құрал эллипс сектор және доға түріндегі фигураларды салуға арналған. - (Многоугольник - Көпбұрыш) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының тоғызыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі «Ү». Құрал дөңгелектелінген және көпбұрыштар түріндегі фигураны салуға мүмкіндік береді. - (звезда - жұлдыз) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының тоғызыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал жұлдыздар түріндегі фигураны салуға мүмкіндік береді. - (сложная звезда – күрделі жұлдыз) жұмыс құралы құрал–саймандар блогының тоғызыншы ұяшығында орналасқан. Жылдам іске қосу пернесі жоқ. Құрал күрделі қабаттасқан жұлдыздар түріндегі фигураны салуға мүмкіндік береді.