1. Adobe PhotoShop редакторына түсінік



бет28/39
Дата20.12.2022
өлшемі276,05 Kb.
#58392
түріБағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39
Байланысты:
ком гр сессия

34. Үш өлшемді графика
Үшӛлшемді графика.
Үшӛлшемді графика ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объекттерді компьютерлік модельдеуде кеңінен орын алады. Мысал ретінде үшӛлшемді модельдеудің күрделі вариантын – физикалық дененің қозғалыстағы кескіндерін құрастыру. Объектіні кеңістік модельдеу үшін келесі қадамдарды орындау керек:
- объектінің нақты формасына барынша сәйкес виртуалдық каркасын
«скелетін» жобалау және жасау;
- физикалық қасиеттері объектінің нақты материалдарына ұқсас болатын
виртуалды материалдарды жобалау және жасау;
- объектінің беттерінің бӛліктеріне тиісті материалдарды тағайындау
(кәсіби жаргонда оны «текстураларды объектіге проекциялау» дейді);
- объект орналасқан кеңістіктің физикалық параметрлерін келтіру керек –
жарықты, графитацияны, атмосфера қасиеттерін, ӛзара байланысты
объектілер мен беттердің қасиеттерін беру;
- объектілер қозғалысының траекториясын беру;
- кадрлардың қорытынды реттілігін есептеу;
- анимациялық роликке қажетті эффекттерді беру.
Объектінің реалистік моделін құру үшін геометриялық примитивтер (тік
тӛртбұрыш, куб, шар, конус және т.б.) және онлайндық деп аталатын жатық
беттер қолданылады.
Үш өлшемді графика. Графиканың бұл түрі ғылыми есептеулерде, инженерлік жобалауда, физикалық объектілерді компьютерлік модельдеуде қолданылады. Объектілерді кеңістікте модельдеу үшін:
1) объектінің табиғи пішіміне неғұрлым толық сәйкес келетін виртуальдық каркасын жобалап және құру қажет;
2) көнекілеудің физикалық қасиеттері бойынша табиғиға ұқсас виртуалдық материалдарды жобалап және жасау қажет;
3) материалдарды объекті беттерінің бөліктеріне меншіктеу қажет;
4) кеңістіктіктің физикалық параметрлерін құру қажет – жарықты, гравитацияны, атмосфера қасиеттерін беру керек;
5) объектілердің қөзғалыс траекторияларын беру қажет;
6) кадрлардың қорытындыға жету тізбегін есептеу қажет;
7) беттік эффектілерді қорытынды анимациялық білікке салу керек;
Табиғиға ұқсас кескіндерді есептеу үрдісін рендеринг деп атайды. Күрделі математикалық модельдерді қолдану физикалық эффектілерді жүзеге асырауға мүмкіндік жасайды (жарылыстар, жаңбыр, от, түтін, тұман). Әртүрлі процедуралық эффектілер мен бөлшектер жүйелерінің байланысын есептеудің әдістері бар.
Қолданылуы. Нақты уақыт режімінде үш өлшемді моделдеудің ерекше қолдану облысын техникалық құралдардың жаттықтырғыштары құрайды – автомобильдердің, кемелердің, ұшу және космостық аппараттардың. Оларда объектілердің техникалық параметрлері мен қоршаған ортаның физикалық қасиеттерін дәл жүзеге асыру қажет. Дәл осы уақытта ең жетілдірілген мұндай құрылғылар космостық кемелер мен әскери ұшу аппараттарын басқаруға үйрету үшін жасалған.
Үш өлшемді графикалы өңдеудің программалық жабдықтары. Ондай жабдықтарды үш десте құрады. Олар үлкен қуатты ДК-да Windows NT операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейді.
a) 3D Studio MAX - Kinetix фирмасының жартылай мамандаедырылған программасы, бірақ оның жабдықтары өлі дүниенің сапалы үш өлшемді кескіндерін жасауға мүмкіндік береді;
b) Softimage 3D – Microsoft фирмасының жабдығы. Программаның ерекшелігі - модельдеудің кең мүмкіндіктері, басқарылатын физикалық және кинематографиялық параметрлердің көптігі;
c) Maya – Alias, Wavefroht, TDI компанияларының консорциумы жасаған. Әртүрлі операциялық жүйелер үшін нұсқалары бар, модульдық құрылымды және төмендегідей блоктардан тұрады:
1) BASE, программаның ядросын құрайды, негізгі моделдеу құралдарын басқарады;
2) Maya F/X, қосымша модулдер жиынтығы, бөлшектер жүйелерін өңдеу эффектілерін және жұмсақ денелердің әсерлесуін моделдеуді басқарады;
3) Maya Power Modeler, полигондық және сплайндық моделдеудің қуатты құралдары;
4) Maya Cloth, киімдерді моделдеуге арналған және т.б.
Қазіргі заманда үш өлшемді графиканы құру мен өңдеудегі ең алдыңғы қатарлы десте болып Maya саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет