1 сәуір Күлкі күні. Әзілге толы бұл күннің шыққан жылы мен тегі әлі күнге дейін беймәлім. Алайда, шығу тарихының бірнеше нұсқалары бар



бет1/2
Дата14.06.2023
өлшемі0,69 Mb.
#101394
  1   2
Байланысты:
1 СӘУІР КҮЛКІ КҮНІ


1 сәуір - Күлкі күні.

1 сәуір - Күлкі күні. Әзілге толы бұл күннің шыққан жылы мен тегі әлі күнге дейін беймәлім. Алайда, шығу тарихының бірнеше нұсқалары бар. Көптеген христиан дінін ұстанатын елдер 1 сәуірде күн мен түн теңелуі мен Пасха мерекесін атап өткен. Мереке күні күллі жамағат ойын-сауық құрып, әзіл-қалжыңға толы әрекеттермен көңілдерін көтеретін. Бұл дәстүр әлі күнге дейін жалғасуда.


Күлкі күнінің шығу тарихы туралы келесі әңгіме 1582 жылы Рим папасы Григорий енгізген григориан күнтізбесіне көшумен тығыз байланысты.
Орта ғасырларда Жаңа Жыл мерекесі 1 қаңтарда емес, наурыз айының соңғы күндері тойланатын. Жаңа Жылды тойлау 25 наурыздан бастау алып, 1 сәуірге дейін жалғасатын. Мерекелік апта бойы әзіл-қалжыңға толы әрекеттер жасалып, көңіл көтерілетін. Жаңа күнтізбеге көшкен соң, бұл дәстүр өз күшін жоғалтқан жоқ. Жаңа Жылды тойламаса да, әзілге жақын жамағат ойын-сауықты жалғастыруды тоқтатпады.
Кейбір деректерде күлкі күні Ежелгі Үнді елінен шыққан делінеді. Үндістанда 31 наурызда әзіл-оспақ күні атап өтіледі. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, Ежелгі Рим күлкі күнінің шығуына себеп болды. Ақпан айының ортасында "Зердесіздер мерекесі" тойлана бастады. Күлкіге толы мереке сәуір айына дейін жалғасатын. Бұл мереке Күлкі құдайының құрметіне орай атап өтілетін.
18 ғасырда күлкі күні кеңінен танылып, ауқымды әзілге толы шараға айналды. Күлкі күнінде міндетті түрде өзгелермен әзілдесіп, барлығын алдау керек. Еуропадан бастау алған бұл шара уақыт өте келе әлемнің басқа да мемлекеттеріне кеңінен таралды.
1 сәуір күні әзілге толы іс-әрекеттер мен ойындарға жол беру керек. «Әзілің жарасса, атаңмен ойна» дегендей, бұл күні үлкен-кіші, жас-кәріні бір алдап қоюды ұмытпаңыз.
1 сәуір – күлкі, әзіл - қалжыңға толы сонымен қоса өзгелерді алдау күні деп есептеледі. Бұл күні алданғаны үшін ешкім қабақ шытпайды.
Италияда бұл күнді «Ақымақтар» күні, Англияда «Көңілді алдаушылар күні», Шотландияда «Көкек күні», Жапонияда «Қуыршақтар күні», АҚШ - та «Ақымақтар күні» деп аталады екен.
Бұл мереке әлемдегі бірде - бір елдің діни немесе тарихи дәстүрімен байланысы жоқ. Баяғыда күнтізбе бойынша 1 сәуір күні ерекше күн болды ма, болмады ма бізге беймәлім?
Болжам бойынша бұл мерекенің тарихы көне заманнан бастау алады, ертеде тойланатын көктем мерекесімен байланысты болуы мүмкін делінеді.
Ежелгі гректер ерте көктемде Күлкі құдайының құрметіне арнап құрбан шалып, әдемі ән - күй шырқап, би билеп көңіл көтеріп, ерекше тойлайтын болған.
Ежелгі Грек жазбаларында адам міндетті түрде көңіл көтеріп, күлуі қажет деп есептейді. Күлкі адамды емдейді және жағымсыз қасиеттерден тазартады деп түсінген. Бұны «рухани тазару» (катарсис) яғни күлкі арқылы тазару деп атаған.
Қысқа әзілдер мен сықақ өлең, өткір тілмен жазылған қысқа сөйлемдер ең алғаш осы кезеңде пайда болған делінеді. Әзіл әңгімелер алғашында қабір тастарында жазылған, сонан соң әдеби шығарма болып енген.
Қазіргі кезде 1 сәуір күні ешкім демалмайды, бір - біріне сыйлық ұсынып, мерекелік дастарқан жайылмайды. Тек ел бір - бірімен қалжыңдасып, көңіл көтереді.
1 сәуір – бұл ресми емес, бірақ ерекше мереке: Халықаралық күлкі күні. Дәстүр бойынша бұл күні достар, жақын адамдар, әріптестермен және т.б. әзілдесуге болады деп қабылданған. Бұл әзілдер әдетте адам бүгін қай күн екенін ұмытқан жағдайда іске асады. Осы күннің әйгілі және ескі әзілдердің бірі – «Сіздің арқаңыз ақ па...».


1 сәуір – Күлкі күні. Бұл күнді тойлау Францияда бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер де ақпанның он жетісінде «ақымақтар мерекесін» атап өткен. Шығыс Үндістанда наурыздың отыз бірінде «қалжыңдау салты» ежелден етек алған екен. Бірде таңертең Петербор тұрғындары әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдың даусынан оянады.
Әзілкештердің бұл әрекеті сәуірдің біріне тап келді. Сол кезден бастап, бұл ойын халық қолдауына ие болды. Әзіл қалжыңға бір иығын беріп тұратын қазақта да бұл күнге байланысты неше түрлі қызық әңгімелер бар. Ерте көктемнің ала құйын мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні жақындарын алдауға барын салады.
Деректерге жүгінер болсақ, күлкі күнін тойлау алғаш Франциядан бастау алған деседі. Ежелгі римдіктер «ақымақтар мерекесін»17 ақпанда атап өткен болса, наурыздың 31-інде «қалжыңдау салты» Шығыс Үндістанда ежелден етек алған екен.
Ал Ресейдің Петербор қаласының тұрғындары бірде әдетте өрт шыққанда ұрылатын қатты дабылдан оянады. Әбігерге түскен халық өрт ошағын көре алмайды. Сөйтсе, бұл әзілкештердің ойыны екен. Бұл оқиға 1 сәуір күні орын алған. Сол кезден бастап бұл ойын халық қолдауына ие болып, күлкі күніне айналады.
Күлкі күнінің аталуы мен ерекшелігіне келер болсақ, Франция, Англия, Америкада бұл – ақымақтар күні, Испанияда – дөкірлер, Үндістанда – тоқылдақ, Жапонияда – қуыршақтар, Шотландияда тепкі күні деп аталады екен. Бұл күні әркім таныстарының арқасына сездірмей «мені теп» деген жазу іледі де, оны сырттай күлкіге айналдырады. Бірақ атаулар әртүрлі болғанымен, бұл күн күлкі күні болып саналған соң, бұл күнгі қалжыңға ешкім ренжімейді.
1 сәуір ресми мереке емес. Бұл күні ешкім демалмайды, бір-біріне сыйлық ұсынып, мерекелік дастарқан жайылмайды. Тек ел бір-бірімен қалжыңдасып, көңіл көтеріп, күлкіге қарық болады. Әзіл-қалжыңға қашанда теріс қарамайтын қазақ халқы да бұл күнді ескерусіз қалдырмаған. Қыстың қыспағын, ерте көктемнің алай-дүлей мінезін қалжыңмен жуып-шайғысы келген халық бұл күні бір-бірінің көңілін қалжыңмен көтеруге тырысады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет