1 АҒЫМДЫҚ БАҚЫЛАУ ТАПСЫРМАЛАРЫ
Бастауыш мектепте дүниетануды оқып үйрену міндеттерін жазыңыз.
«Дүниетану» оқу пәнін оқыту мақсаты мен міндеттері
«Дүниетану» пәнін оқыту:
- оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді, адамгершілікті қалыптастырады;
- оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;
- Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;
- әлемнің бүгінгісі мен болашағына өткен замандағы оқиғалардың тигізетін әсері туралы түсінуін тереңдетеді;
- оқушылардың бойында өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады,
- оқушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді түсінуіне жағдай жасайды;
- қоғамдық әдеп нормаларын ұстану қажеттілігін және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білуін қамтамасыз етеді;
«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты
«Дүниетану» оқу пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан оқушылардың бойында адамның табиғи және әлеуметтік ортасы, табиғат пен қоғамның байланысы мен өзара тәуелділігі туралы білімдер жүйесін қалыптастыру.
Пәннің міндеттері:
- оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен объектілерінің өзара байланысы мен тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру;
- оқушыларда табиғи, әлеуметтік пен технологиялық ортадағы өзін ұстау және өмір қауіпсіздігі нормаларын қалыптастыру;
- оқушылардың бойында табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, эксперимент, сауал және т.б. тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету;
- оқушылардың танымдық әректеін дамытуды қамтамасыз ету;
- оқушылар бойына қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін дарыту;
- оқу пәні арқылы оқушының бойында өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени құндылықтарына адамгершілік, ізгілікті тұрғыдағы қатынастарды қалыптастыру.
https://youtu.be/afQ6shQ1fkE берілген видеоны тамашалап, ой қорытыңыз.
-Жеті ата ұғыммен таныстық
- Әке мен жағынан ата-әжелеріміздің атауларындағы өзгешелікті түсіндіру
- Жеті атаға қатысты туыстық атаулармен танысытық
Әр отбасындағы балалар өздерінің туған ата-әжесін, нағашы ата-әжесін, жеті атасын білу міндетті деп санаймын. Бала өзінің ата-тегін толық білсе, толық қанды отбасынан шыққан, ақылды, санасы бар бала өсіп келе жатқанның белгісі. Сондықтан ата-ана ретінде өз балаларымызға үйретуіміз керек. Ал біз үйретпесек балалар ата-тегін, жеті атасын білмей өседі. Балаларымызға үйретуден жалықпайық.
3. Қазіргі қоғам дамуындағы білім беру мазмұнына қойылатын талаптарды анықтаңыз.
Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыруға, оның жеке қабілеттерін, оқу ісіндегі оң мотивациясы мен іскерлігін: негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын кейіннен меңгеру үшін оқудың, жазудың, есептеудің, тілдік қатынастың, шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетудің, мінез-құлық мәдениетінің берік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Бастауыш білім беру баланың жеке тұлға ретінде адамгершілік қасиеттерінің, оның қоршаған ортаға эмоционалдық-құндылық қатынысының, оқу процесіне оң мотивациясының қалыптасуын және таным әрекетіндегі жеке қабілеттері мен шеберліктерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Бастауыш білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика», «Жаратылыстану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шынықтыру».
Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдар- ламалары білім алушылардың ғылым жүйесінің базалық негізде- рін меңгеруге, олардың бойында тұлғааралық және этносаралық қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, жеке тұлға ре- тінде өзін-өзі билеуіне және кәсіптік бағдарлануына бағытта- лады.
Негізгі орта білім білім алушының базистік ғылым негізде- рін меңгеруін, жоғары рухани – адамгершілік және тұлғааралық, этносаралық қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуын, тұлға- ның өмірде өз орнын табуын және өзін-өзі билеуін, функцио- налдық сауаттылығының қалыптасуын, бейіналды дайындықтың іске асырылуын қамтамасыз етеді.
Негізгі орта білім мазмұнын жеті білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Жаратылыс- тану», «Адам және қоғам», «Өнер», «Технология», «Дене шы- нықтыру».
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдар- ламалары жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гума- нитарлық бағыттар бойынша бейіндік оқытуды енгізе отырып , саралау, кіріктіру және білім беру мазмұнын кәсіптік бағдарлау негізінде әзірленеді.
Жалпы орта білім білім алушының табиғат, қоғам және адам туралы біртұтас, аяқталған білім жүйесін меңгеруін, функционалдық сауаттылығының дамуын, тұлғаның интеллектуалдық, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын, білім мазмұнын саралау, кіріктіру және бейіндеу негізінде болашақ мамандығы- ның бағытын таңдау жағдайын қамтамасыз етеді.
Жалпы орта білім мазмұнын алты білім саласы құрайды: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика», «Адам және қо- ғам», «Жаратылыстану», «Технология», «Дене шынықтыру».
Стандартта ұсынылған орта білімнің базалық мазмұны Қазақстан Республикасындағы білім беру кеңестігінің біртұтастығын, орта білім беру деңгейлері және білім салалары бойынша орта білім мазмұны жүйелілігін, сабақтастығын және үздіксіздігін, барлық білім алушылар үшін білімнің тең мүмкіндігі мен тең қолжетімділігін, жалпы орта білім беретін ұйымдардың типіне, оқыту нысанына және түріне қарамастан, орта білім мазмұнының бірыңғай талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді.
Орта білім мазмұнының инварианттық компоненті типтік оқу жоспарларында, ал вариативтік компоненті оқу жұмыс жоспарларында жүзеге асырылады.
Орта білімнің іргелілігін сақтау және орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын мемлекеттік талаптарды орындау мақсатында инварианттық компонент жалпы сағат көлемінен бастауыш білім деңгейінде 90 %-дан, негізгі орта білім деңгейінде 85 %-дан, жалпы орта білім деңгейінде 75 %-дан төмен болмай- тын мөлшерде белгіленеді.
Міндетті оқу бағдарламалары орта білімнің базалық мазмұнын іске асырады және орта білім беру деңгейлеріне сәйкес білім алушылардың дайындығына қойылатын талаптарды анықтайды. Вариативті оқу бағдарламалары вариативті компонентке кіретін оқу пәндері мен курстарының мазмұнын іске асырады.
Жалпы орта білім екі қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математика бағыттары бойынша бейінді оқыту негізінде жүзеге асырылады. Саралап оқыту және білім алушылардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оқытудың осы екі бағыты аясында жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытуға арналған үлгілік оқу жоспарына (бұдан әрі – ҮОЖ) сәйкес аралас (ұқсас) пәндер бойынша бейіндендіру енгізіледі.
Барлық ҮОЖ-да инварианттық компоненттің оқу пәндері өзгермейді, бұл жалпы білім беретін ұйымдардың барлық типтері мен түрлері үшін орта білімнің базалық мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз етеді.
Негізгі орта білім мен техникалық және кәсіптік білім маз- мұндарының сабақтастығы жекелеген және аралас пәндерді, оның ішінде технологиялық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейіналды оқыту аясында іске асырылады. Жалпы орта білім мен жоғары білім беру мазмұндарының сабақтастығы жекелеген және аралас пәндерді тереңдетіп оқыту арқылы бейін- ді оқыту аясында іске асырылады.
Білім алушылардың негізгі орта білім деңгейінде бейін алды жалпы орта білім деңгейінде бейіндік оқытудың бағыттарын таңдауы олардың ата-аналары мен қамқоршылар кеңе- сінің қатысуымен жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |