1. Агрессия дегеніміз не?



Дата21.02.2023
өлшемі299,81 Kb.
#69858
Байланысты:
Бала агрессиясының алдын алу


Бала бойындағы агрессия

1. Агрессия дегеніміз не?


К. Изард бойынша агрессия – қатыгездікке толы әрекет және мінез- құлық. Бұл кей кездері түрлі эмоцияларда көрінуі мүмкін бұрқ етпе әрекет және қатыгездіктің құрам бөлігі. Ол біреуге нұқсан келтіруге, қорқыныш, үрей тудыруға бағытталған.
Басс бойынша агрессия- бұл басқа адамдарға нұқсан келтіретін жəне үрей туғызатын кез-келген əрекет
Берковицтің айтуы бойынша агрессия өзіне реніш пен намыстануды да кіргізеді
Зильманн бойынша агрессия-бұл басқа адамға дене жəне физиологиялық нұқсан келтіру əрекеті.
Басқа адамдарды өзіне бағындыруға ұмтылуды немесе басқа объектілерге үстемдік етуді агрессия деп түсінеміз.
Осы агрессияның барлық түрлерін бүкіл жастағы адам бойынан табуға болады, ал кей жағдайда бұл ерте жастан-ақ көрініс бере бастайды. Агрессиялы мінездің әртүрлі формасы мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда да кездеседі.

2. Баладағы агрессия


Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол баланы қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай (ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер, құрбылары), баланың өзіне және қоршаған ортамен қарым- қатынасында елеулі қиыншылықтар тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеліп соқтырады. Лонгитюдің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай мүмкіндіктері мол, бала кезіндегі агрессия біртіндеп орта буындағы жасөспірім кезінде бекем әлеуметтік немесе антиәлеуметтік әрекетке ауысуы мүмкін.

3. Пайда болуы мен себептері


 Баланың өзін агрессивті ұстауының көптеген себептері бар. Олар:
  • Баланы ұрғанда;
  • Мазақ еткенде;
  • Жағымсыз ойнағанда;
  • Ата-ананың алдауы;
  • Ата-аналар баланы екі түрлі моральмен өсіргенде;
  • Ата-аналардың өз баласы алдында беделі болмағанда;
  • Ата-аналар балаларының бәрін бірдей жақсы көрмеген жағдайда;
  • Ата-аналар тарапынан балаға сенім болмағанда;
  • Ата-аналар балаларымен әңгімелеспегенде;
  • Достарына үйінің есегі жабық болғанда;
  • Бала қамқорлықты сезінбегенде т.б.

Кейбір балалардың өзін бақылауда ұстауға мүмкіндіктері жоқ немесе өзін бақылауда ұстауды білмейді. Нәтижесінде олардың сезімі агрессивті мінез-құлық түрінде көрінеді.
Кішкентай баланың агрессиясы қолмен, аяқпен, баспен соғу, тістеу, заттарды лақтыру, затты немесе ойыншықты жою түрінде көрінеді. Баланың темперамент типі немесе генетикалық жағдайы және қоршаған ортадағы ахуал (отбасындағы ахуал немесе стресс! баладағы агрессивтілікті жоғарылатуы әбден ықтимал.
Бала агрессиясындағы көптеген себептердің бірі – ата-ананың қателігі: балаға көңіл бөлмеуінен немесе аз көңіл бөлуінен, баламен сөйлескісі келмеуінен, балаға уақыт таппаудан т.б.

4. Жасерекшеліктері

  • Үш жасқа дейінгі балаларда агрессивті мінез-құлық көбіне ойыншықтар үшін пайда болады. Балалар тістеуі, түкіруі, итеруі, басқаларды ұруы, түрлі заттарды лақтыруы, айқай-шу шығаруы мүмкін. Осы жаста олардың басқа балалармен қалай қарым-қатынасқа түсуге болады, қалай сабырлық танытиуға болады екенін үйрене бастайтын уақыты.


  • Үш жастан бес жасқа дейінгі балаларда әдетте физикалық агрессия төмендейді, олар сөздік агрессияны қолдана бастайды. Бұл жаста оларға басқаның пікірін қабылдау қиынға соғады. Олар үшін не нәрсенің болсын жақсы немесе жаман деген нюанстары болмайды. Балалардың ойлауға, жоспарлауға қабілеті жоқ, оларды не істеу керек екендігінің нақты құрылымымен басқару керек. Бұл жаста олар фантазия мен шынайы өмірдің айырмашылығын ажырата білмейді. Олар басқа балалардың қалауын дұрыс түсінбеуі мүмкін және басқа баланың ойынына қосылар уақытта шекараны көріп, ашуға берілуі әбден ықтимал. Бұл дегеніміз оның іс-әрекеті агрессиялық мінез-құлықпен көрінеді деген сөз.

5. Не істеуге болады?

  • Көпшілдігі үшін балаңызды мақтаңыз, оның мектептегі барлық жаңа таныстықтарына қуанышты екендігіңізді айтып білдіріңіз.
  • Онымен құрдастарымен араласу ережелері туралы сөйлесіңіз, балаңызға басқалар үшін қызықты болуға көмектесіңіз.
  • Оған жаңа ойындар үйретіңіз, оны жаңа достарына көрсете алады.
  • Балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз — қарапайым шай ішу, ал кішкентай үй иесі қонақ күтуді үйренеді.
  • Балаңыздың мектептегі жолдастарының көңілін қымбат ойыншықтармен немесе киіммен «сатып алу» дұрыс емес. Бұлай сіздің балаңыз өзінен өзі басқаларға қажет болуды үйренбейді. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз сыныптастарының іштарлығына, құптамауына ұшырауы мүмкін.

  •  Өзіне сенімді, көпшіл бала кез келген жағдайға тезірек әрі байсалдырақ бейімделеді.

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет