№1 Алматы қазақ мемлекеттік



Дата12.11.2022
өлшемі15,1 Kb.
#49643
Байланысты:
Қанат Арайлым Есеп


№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық педагогтік колледжінің
16 «Б» топ білім алушысы
Қанат Арайлымның
«Сыныптан тыс жұмыс технологиясына
дайындық » практикасының

Есебі
Мен 16-Б топ білім алушысы Қанат Арайлым 16.05.2022-28.05.2022 аралығында өткен «Сыныптан тыс жұмыс технологиясына дайындық» практикасына қатыстым. Практика А.Т. Айтбаеваның жетекшілігімен өтті. Практика барысында біз тәрбие процесі ұғымымен, тәрбие процесінің мақсат, маңызы мен міндеттерімен, мектептегі тәрбие жұмысы, тәрбие процесінің ерекшеліктерімен , тәрбиенің жалпы түрлерімен таныстық. Тәрбиенің ана құрсағынан басталып, оған тек өлген соң ғана мүмкіндігіміз болмайтынын түсіндім. Тәрбиенің әдістері мен тәсілдері болатынын білдім. Тәрбие жүйесі ұғымымен таныстым.Мектептерде тәрбие сағаты қалай өтетінін білдім. Тәрбие сағатына қандай талаптар мен міндеттер қойылатынын байқадым. Сынып сағатына айлық және жылдық жоспар құруды үйрендім.Сынып жетекшінің сынып сағатынан кейінгі талдамасы болатынын білдім. Сынып жетекшіге қойылатын талаптар мен сынып жетекшінің құжаттары және құралдарымен танысып оны есіме сақтап алдым. Сынып жетекшінің атаанамен қарым қатынасын, ата-анамен сөйлесу әдебін, ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынастың қандай болу керек екенін түсіндім. Атааналар жиналысының жоспарын қалай құруды үйрендім. Ата-аналар жиналысының қандай формада болатынын, ата-аналар жиналысы нәтижесі неге байланысты болатынын түсіндім. Ата-аналар жиналысының жылына екі рет ал, сыныптарда төрт рет, әр тоқсан соңында өткізілетінін біліп есіме сақтап қойдым. Сынып жетекшінің ата-анаға жылына неше рет консультация беретінін, неліктен ата-анаға педагогикалық білімдер қажет болатынын ұқтым. Педагогтің сыртқы келбетінің қандай болатынын, өзін-өзі ұстауын, қарым-қатынас стилінің қандай болатынын көрдім. Қазіргі кезде ата-аналар жиналысының тақырыптары мен өткізілетін түрлерін, бұл жаналысқа кім жауапты болатынын білдім. Ата-аналар жиналысы атаанамен сынып жетекші арасындағы басты жол екенін білдім. Сыныптан тыс тәрбие тәрбие жұмысымен таныстым. Ұжым мен топ дегеннің не екенін білдім. Кез келген ұжым топ бола алатынын, ал кез келген топ ұжым бола алмайды деген сөздің мағынасын түсіндім. Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың мақсаты не екенін білдім. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстармен танысып,ата-ананың жұмыс құжаттарының қандай болатынын бақадым. Ұжымдардың түрлерімен танысытым. Оқушылар ұжымын қалыптастыру күрделі педагогикалық процесс екенін білдім. Тәрбие түрлерімен таныстым. Олардың нақты мақсаттарын байқадым. Баланың әлеуметтік жағдайын жалпылама көрсеткішін анықтайтын матрицаны қолданып, оның маңыздылығын түсіндім. Сабақ барысында біз Эдвард де Бононың «Алты ойлау қалпағы”, Джоджо Моренаның «Социометрия» әдістерімен таныстық және оны сабақ барысында орындап көрдік. Тәрбие жоспарын құруды үйрендік. Тәрбе сағатын ұйымдастырудың өзіндік жолдары болатынын білдім.Тәрбие сағаты пікірталас, әңгіме, саяси хабарлама, үйрмелер мен конференция түрінде өтетінін түсіндік.«Педагог имиджі» тақырыбына байланысты жүретін ісшаралармен таныстық. Тәрбие сағатының жоспарын құрдық. Тәрбие сағаты жоспарында керекті мәліметтер болатынын және сабақ көрнекілігі, әдістәсілдермен өтетінін біліп, жасап үйрендік. Осы практика барысында барлық тапсырмаларды тиянақты орындап, өз міндеттерімді орындауға тырыстым.

Практика жетекшісі _________ Айтбаева А.Т


Білім алушы_________ Қанат Арайлым

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет