Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс



бет1/2
Дата20.10.2023
өлшемі134,7 Kb.
#119844
  1   2

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Механика математика факультеті



Дене шынықтыру пәні бойынша
Тақырыбы: «Олимпиада ойындарының шығу тарихы»


Орындаған: Айтуған М.М.
Астана қаласы, 2022 жыл

Олимпиада ойындары немесе Олимпиада (гр. Ολυμπιακοί Αγώνες) төрт жылда бір рет өткізілетін ең ірі халықаралық кешенді спорттық жарыс.


Ежелгі Грекияда болған дәстүр, XIX ғасырдың соңында француздық қоғам қайраткері барон Пьер де Кубертенмен жаңартылды. Алғашқы кезде тек қана жазғы Олимпиада ойындары, төрт жылда бір рет өткізіліп отыратын, дүниежүзілік соғыстар болған жылдарды қоспағанда. 1924 жылы жазғы ойындарымен қатар қысқы Олимпиада ойындары да өткізіле бастады. Бірақ 1994 жылдан бастап жазғы және қысқы ойындар екі жылдық айырмашылықпен өтіп тұрады.

Олимпиада ойындарының ұраны — Citius, altius, fortius немесе "тезірек, жоғарырақ, күштірек".


Шығу тарихы


Ежелгі Олимпиядағы стадион


Олимпиада ойындары ежелгі адамзат баласының өткен тарихының дамуымен байланыстырады. Осы күнге дейін ойынның пайда болу мерзімі нақты айтылмаған. Олимпиада ойындарының пайда болу себебі нақты болмаса да, олимпиада ойындарының пайда болуы жайында эллиндерде бірнеше қызықты аңыздар бар. Алғашқы ойындар Зевс құдайының құрметіне б.з.д. 776 жылдан бастап төрт жылда бір рет Олимпия қаласында өткізілетін. Кейін б.з. 394 жылы Византия императоры Федосий І-нің бұйрығы бойынша тоқтатылды. Бұл ойындарда әскери дайындық, дене шынықтыру өнерін көрсету байқаулары, дәстүрге айналған ақындар мен шешендер айтысы, әр түрлі өнер көрмелері ұйымдастырылған. Олимпиада ойындары кезінде соғыстар тоқтатылып, қасиетті тыныштық орнайтын дәстүр қалыптасқан. Осы кезде бір айдан үш айға дейін бүкіл Эллада жерінде қару жұмсауға, тіпті ойынды тамашалаушыларға қару-жарақпен келуге тыйым салынған. Ол кезде олимпиада ойындары бес күн өткізілген, бағдарламасына жүгіру, күрес, ат жарысы, қоссайыс, бессайыс сияқты спорт түрлері кірген. Жеңімпаздарға зәйтүн ағашының жапырағынан өрілген алқа кигізіліп, құрмет көрсетілген.

Даму барысы


19 ғасырдың орта кезінде Грекияда олимпиада ойындарды қайта жандандыру мақсатында біраз әрекеттер жасалды. Сөйтіп, 1859, 1870, 1875 және 1889 жылдары Афинада грек спортшыларының қатысуымен секіру, жүгіру, диск, найза лақтыру, гимнастика сияқты спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олимпиада ойындары бүкіл Грекияны біріктіретін, жалпы ұлттық оқиғаға айналды. Біраз уақыттан кейін гректерге олимпиада ойындардың бірыңғай күнтізбесін бекіту идеясы келді. Алғашында ойын өтуі бір күнге созылса, кейінірек ойынның ұзықтығы бір айға дейін жетті. Ойынды әр төрт жылда астық пен жүзім жинау арасында үнемі өткізіп тұру туралы шешім шығарды. Қоғам қайраткері - Пьер де Кубертеннің олимпиялық ойындар өткізу жөніндегі ұсынысын қабыл алған Францияның оқу ағарту министрі оған дене тәрбиесін дамыту жөніндегі халықаралық конгресс шақыруды табыстады. Содан 1894 жылы маусым айында 12 елдің қатысуымен конгресс өз жұмысын өткізді. Оған қатысушылар Пьер де Кубертэннің баяндамасын талқылап, 1896 жылы 1-олимпиялық ойындарын Афина қаласында өткізу жөнінде шешім қабылдады. Халықаралық олимпиада комитетінің тұңғыш басшысы болып грек Деметриус Викелас сайланды. Сонымен қазіргі заманғы алғашқы олимпиада ойындары 1896 жылы сәуір айының 6 – 15 аралығында Афинада өтіп, оған 13 елден 311 спортшы қатысты.


Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері

Алғашқы үш орынға орналасқан спортшылар немесе командалар, медальдарға иеленеді. Жеңімпаздар алтын медальға (шынында күмістен жасалып, алтын жалатылған), екінші орынға орналасқандар күміс медальға, ал үшінші орындағылар қола медальға ие болады.


Бүл дәстүр, Лондонда өткен 1908 жылғы жазғы Олимпиада ойындарынан басталады. Афина қаласындағы алғашқы Олимпиада ойындарында тек қана бірінші және екінші орындарға ие болғандар ғана медальдармен марапатталатын, ал 1900 жылы Парижде және 1904 жылы Сент-Луисте медальдардың орнына кубоктар мен басқа сыйлықтар сыйлаған болатын.


Бұл Олимпиада ойындарының алтын медальдарына ең көп ие болған спортшылар тізімі.







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет