Байланысты: Болатбек Меруерт 22ш тобы есеп(практика)
№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық педагогтік колледжінің 22Ш топ білім алушысы Болатбек Меруерттің
«сыныптан тыс жұмыс технологиясына
дайындық» практикасы
Есебі
Мен 14.02.2022. – 25.02.2022. жыл аралығында өтілген «сыныптан
тыс жұмыс технологиясына дайындық» практикасында болдым.
Практика Әбдіхан Айдана Полатханқызының жетекшілігімен өтті.
Практика барысында "Кәсіптік практика түрімен, мақсат-міндеттерімен, талаптарымен таныстыру.Тәрбие үдерісі, оның ерекшеліктері. Мектептегі тәрбие жұмысының мәні" , "Сынып сағатын ұйымдастыру жолдары және оған қойылатын талаптар. Тәрбие сағаттарының маңыздылығы.","Мұғалімнің сыртқы келбеті, өзін-өзі ұстау және сөйлеу мәдениеті және қарым-қатынас стилі.","Сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.","Ұжым. Оқушылар ұжымын қалыптастыру.","Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлі.Отбасымен жүргізілетін жұмыс түрлері.","Тәрбие түрлері.","Оқушылар ұжымының өзін-өзі басқару жұмыстары.","Мектеп жағыдайында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.","Балалардың ойын әрекеті.".Атты тақырыптарды өткен болатынбыз. Және де биз жұптық тәрбие сағатын өттік . Бізге Отбасы-тәрбие бастауы деген тақырыпты алдық. Біздің мақсатымыз оқушыларға отбасы – әр адамның жанына жақын, ең қымбат байлық екенін түсіндіре отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу. Және де біз ол мақсатымызға жеттік деген ойдамын . 24.02.2022. Күні біз интелектуалды сайыс өткізген болатынбыз. Жәнеде ол жақтағы біздің мақсатымыз Оқушылардың білім, білік дағдыларын байқау,өздерін еркін ұстай білуге үйрету, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту.Интелектуалды сайыс өте қызықты әрі көңілді болды.Балалардың қызығушылықтарын ескеру керектігін түсіндім. Сонымен қатар басқа студенттердің тәрбие сағаттарына талдау жасай алдым. Тәрбие жұмыстарын талдау сұрақтары
арқылы талдап, жетістігі мен қателерін анықтадым. Өз
ұсынысымды айта білдім. Практика барысында жауапкершілік,
байқағыштық қабілеттерімді көрсетуге тырыстым. Тақырыптарды
өз бетімше игеруге тырыстым. Болашақ педагог ретінде сырт
келбетіме мән бердім. Өзімді ұстау және сөйлеу мәдениетіммен
жұмыс істедім. Практика барысында барлық жұмыстар мен
міндеттерімді сапалы орындауға тырыстым.