1. Танысу. Кіріспе. Практиканың мақсат – міндеттерімен таныстыру. Практика базасымен танысу. Машықкерлерді топ жетекшісінің басшылығымен нысандарға бөлу



Дата21.02.2023
өлшемі16,58 Kb.
#69846
түріЛекция
Байланысты:
1 такырып(2)


1.Танысу. Кіріспе. Практиканың мақсат – міндеттерімен таныстыру. Практика базасымен танысу.Машықкерлерді топ жетекшісінің басшылығымен нысандарға бөлу.

Болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінің ең негізгі бір бөлігі – оқу практикасы. Оқу практикасы кезінде студенттердің жыл бойы лекцияларда, семинарларда алған білімдері тиянақталады.


Оқу-танысу практикасы оқу орнында оқыту барысында алған студенттердің білімдерін бекітуге, тәжірибелік дағдыларды үйрену және алдыңғы тәжірибені иеленуге бағытталған.
Педагогикалық іс-тәжірибенің мақсаты:
1.Мұғалім мамандығына деген сүйіспеншілікке және тұрақты қызығушылыққа тәрбиелеу;
2. Өзін-өзі тұтас педагогикалық процестің субъектісі ретінде сезініп, үздіксіз кәсіби-тұлғасын дамытуға деген қажеттілігін қалыптастыру;
3. Теориялық білімін тереңдету және бекіту;
4. Мектептің тұтас педагогикалық процесінде пайдалана отырып әлеуметтік психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерін тереңдету;
5. Тұтас педагогикалық процесті құзырлылық әдіспен іске асыруға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімнің кәсіби іскерлігін және дағдысын қалыптастыру;
6. Педагогикалық іс-әрекеттің, шығармашылық, зерттеушілік әдісін дамыту;
7. мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру.
Педагогикалық практика мына шарттар арқылы өткізіледі:
-мұғалімнің кәсіби іс - әрекетінің объектісі – тұтас педагогикалық процесті түсіндіруге бағытталған, теориялық және практикалық дайындықтың өзара байланысы;
-Студент оқу іс - әрекетінің біртіндеп күрделенуіне байланысты бірінші курстан бітіруші курсқа дейін педагогикалық пратиканы ұйымдастырудың жүйелілігі кезеңдері. Кәсіби дайындаудың әрбір кезеңінде оқыту міндеттерінің тереңдетілуі теориялық жағынан қамтамаыз етілуі, студенттердің өз бетінше жұмыс істей білу деңгейі және олардың дара ерекшеліктерін ескеру негізі болып табылады.
-Педагогикалық практиканың болашақ мұғалімнің нақты мамандығына қарай бағытталады;
Педагогикалық іс-тәжірибенің міндеті:
-Теориялық сабақтарда алған жалпы педагогикалық шеберліктері мен дағдыларын одан әрі қарай дамыту және жетілдіру;
- Сабақтарда алған алғашқы білімдерін толықтыру;
-Мектеп ұжымымен, бастауыш кабинетімен және ондағы құрал-жабдықтармен таныстыру
- Мұғалімнің тұлғалық-кәсіби сапасын қалыптастыру

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет