|
1. Ана бір жыл Қарқаралыда сенің ажарыңды ұнатып,мейірі түсіп кетіп,Бөжікең бата берді
|
Дата | 24.11.2022 | өлшемі | 13,4 Kb. | | #52392 |
|
1.Ана бір жыл Қарқаралыда сенің ажарыңды ұнатып,мейірі түсіп кетіп,Бөжікең бата берді.
1) Ана- сілтеу есімдігі;
2)бір-есептік сан есім;
3) жыл-зат есім;
4)Қарқаралыда-Қарқаралы зат есім; -да –жатыс септік;
5)сенің-септелген жіктеу есімдігі;
6)ажарыңды-ажар зат есім; -ың –тәуелдік жалғауының 2 жағы; -ды –Табыс септігі;
7)ұнатып-ұнат етістік; -ып – көсемшенің жұрнағы;
8)мейірі-мейір зат есім; -і – тауелдік жалғауының 3 жағы;
9)түсіп-түс етістік; -іп – көсемшенің жұрнағы;
10)кетіп-кет етістік; -іп – көсемшенің жұрнағы;
11)Бөжікең- зат есім;
12) бата- зат есім;
13) берді- бер етістік; -ді жедел өткен шақ жұрнағы;
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|