«Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ-нің
10-сынып оқушысы Хасенова Нұрай
Эссе
Мен-мамандықтар әлемінде
Мамандық - ол сенің болашағың, сенің өміріңнің бір бөлігі, сенің сүйіп жасайтын ісің. Адам өмірде мамандық таңдаудан қателеспеуі керек. Себебі мамандық сол адамның өмірінде маңызды орын алады және де жауапкершілікті талап етеді.
Мектеп бітірген соң түлектер болашаққа үлкен қадам басады. Әр түлек жауапкершілікті сезіне отырып, өз қалаған мамандығын таңдап, жоғарғы оқу орнына түседі.
Әр адам өз жүрек қалауын тыңдап, жанына жақын мамандықты таңдайды. Елімізде сан алуан мамандық түрлері бар, қай мамандықты таңдасаң соған сай оқу орындары бар.
Егер маған мамандық таңдау уақыты келсе, мен жаныма жақын мамандықты таңдар едім. Ол мамандық - банк қызметкері. Бұл мамандықты таңдайтын себебім, мен халыққа қызмет көрсетіп, оларға өз көмегімді көрсеткім келеді. Бұл сала бағытында да әр түрлі мамандықтар бар, мысалы, есепші, менеджер, финансист, т.б. Мені осы бағыттағы мамандықтар қызықтырады. Егер де сен халыққа қызмет көрсетуді ұнатсаң, бірақ бұл саланы ұнатпасаң, онда басқа да саладағы мамандықтарды көруге болады. Мысалы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, психолог, фельдшер, т.б. мамандықтар.
Қазір көптеген адамдар өз мамандығы бойынша қызмет етпейді, оның себебі өзі қаламаған мамандықты таңдағандықтан немесе таңдаған мамандығы бойынша жұмыс таба алмаған. Оның кесірінен көптеген адамдар қара жұмыс істеуге мәжбүр. Тағы ескеретін нәрсе, мамандық таңдарда заман ағымына сай тыңдау керек. Себебі көптеген мамандықтар қазіргі кезде жарамсыз. Заман дамыған сайын мамандық түрлері де артып келеді. Мысалға, жұмысты үйде отырып та атқаруға да болады. Интернет желісі арқылы саудаңды жүргізуге болады. Одан бөлек, блогер, таргетолог, менеджер сияқты жұмыстарда танымал.
Егер сіз таңдаған мамандық бойынша жұмыс табылмаса немесе өзіңізге ұнамаса, өзіңіз қалаған мамандықты сырттай оқуға да болады: аспаздық, тырнақ, шаш әрлеу секілді мамандықтар. Ең бастысы өзіңіздің жүрегіңізді тыңдап, қателеспей шешім қабылдауға тырысыңыз. Маңыздысы, ол мамандық сіздің көңіліңізден шығып, оны құштарлықпен орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |