1 аналитикалық БӨлім



бет2/7
Дата19.04.2023
өлшемі0,59 Mb.
#84183
1   2   3   4   5   6   7
КІРІСПЕ


Мен Әлішер Дәулет Әбдіғалиұлы Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ, Ақпараттық технологиялар және энергетика жоғары мектебінің 3 - курс студенті 31.05.2021-04.07.2021 жыл аралығында Ордабасы ауданы Төрткүл ауылдық округтық әкімдігінен өндірістік практикадан өттім. Өндірістік тәжірибеден өту мақсатым: тәжірибден өтетін кәсіпорынның құрылымымен, құрылысымен, сол кәсіпорынның-мекеменің ішкі-сыртқы бөлімдерімен, атқаратын әртүрлі қызметімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты ереже-заңдарымен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы көптеген технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солар арқылы жұмыс жасап көру, түрлі тәжірибелер жүргізу. Кәсіпорынның желілік байланыстарымен танысу, мүмкіндік болып жатса, оқып білген теориялық білімімді іс-жүзінде жасап көру. Осы мақсаттармен қоса, кәсіпорынның өзіне тән бағдарламасымен танысып, олармен жұмыс жасау. Мен кәсіпорында Файлдық жүйелермен және Visual Studio бағдарламасымен жұмыс жасадым.
Өндірістік практика мақсаты: операциялық жүйелермен жұмысты меңгеру; Ақпараттық жүйелер құру, қазіргі ЭЕМ-де операциялық жүйелерді орнату, қалып күйге келтіру секілді тапсырмаларды орындау бойынша практикалық дағдыларды бекіту, сонымен қатар өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына дағдыларды алу.
Жергілікті атқарушы органдар 2001 жылы 23 қаңтарда "Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы" ҚазақстанРеспубликасының Заңы қабылданды.
Аталған Заң жергілікті басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіретін,қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, сондай-ақ мәслихаттар депутаттарының құқықтық жағдайын белгілейді.
Қабылданған заңға сәйкес жергілікті атқарушы орган (әкімшілік) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың,астананың) немесе ауданның(облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзіреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган болып табылады.
Әкім Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жергілікті атқарушы органды (ол құрылған жағдайда) басқаратын және өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясаттың жүргізілуін, Қазақстан Республикасы Орталық атқарушы органдарының барлық аумақтық бөлімшелерінің үйлесімді қызмет істеуін,тиісті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға басшылықты қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес мемлекеттік басқару өкілеттігі берілген, тиісті аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты өкілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет