Өкпенің негізгі қызметі – газ алмасу процесінсіз адам тіршілік ете алмайды. 37. Өкпе қабының құрылысы және қызметі. Өкпеқап (плевра); (гр. pleura - «сірлі қабық») — өкпенің сыртқы сірлі қабығы. Өкпеқап бірқабатты жалпақ эпителийден(мезотелийден) және оның астындағы жұқа борпылдақ дәнекер ұлпасы қабатынан тұрады. Өкпеқаптың құрамында эластин талшықтары және жекеленген бірыңғай салалы ет жасушалары — миоциттер болады. Өкпеқап 2 жапырақшадан тұрады: висцералды өкпеқап және раиеталды, қабырғалық өкпеқап. Висцералды немесе өкпе өкпеқабы өкренің өзін жауып, өкпе затымен тығыз тұтасатындығы соншалық, тінді зақымдамай оны айырып алуға болмайды; ол өкпе саңылауларына еніп өкпе үлестерін бір-бірінен бөледі. Өкпенің үшкір жиектерінде өкпеқаптың бүртәрізді томпақтары кездеседі. Өкпені барлық жағынан қаусыра, өкпе қабы өкпенің түбірінде тікелей париеталды өкпеқапта жалғасады. Өкпе түбірінің төменгі жиегімен түбірдің алдыңғы және артқы беттерінің сірлі жапырақшалары бір қатпарға,өкпе байламына жиналады,ол қатпар өкпенің ішкі бетімен тік төмен түсіп, көкетке бекиді. Өкпеқап транссудация (шығару) және резорбция (сіңіру) үрдістерінде аса маңызды рөл атқарады. Олардың арасындағы қалыпты арақатынас кеуде қуысы ағзалары ауырған кезде күрт бұзылады. Макроскопиялық жағынан біртегіс және гистологиялық құрылымы жағынан ұқсас бола тұра,париеталды және висцералды қабықшалар әртүрлі болуына байланысты. Лимфа тамырларына қарағанда қантамырлары тым басым болатын висцералды жапырақша негізінен шығару қызметін атқарады. Қабырғалық бөлімінде сірлі қуыстардан сіңіріп алатын арнаулы аппараттары бар және лимфа тамырлары қантамырлардан басым келетін париеталды жапырақша зезорбция қызметін атқарады. Тыныштық жағдайда өкпеқап қуысында 1-2 мл сұйықтық болады, ол капиллярлық қабатпен өкпеқап жапырақшарларының жанасатын беттерін бөледі.Осы сұйықтық арасында қарама-қарсы күштердің, кеуде тоының инспираторлық керілуі мен өкпе тінінің серпімді тартылуы әсеріндегі 2 бет ілінісіп ұстасады. Қабырғаралық өкпеқап өкпені қоршайтын тұтас бір қап болып табылады, бірақ сипаттау мақсатында мынадай бөлімдерге бөлінеді: лат. pleura costalis,лат. diaphragmaticaжәне лат. mediastinalis. Өкпеқап күмбезі сәйкес өкпенің деген атпен бөліп көрсетеді. Өкпеқап күмбезі сәйкес өкпенің ұшын жауып, мойын аймағындағы кеуде торынан I қабырғаның алдыңғы шетінен 3-4 см жоғары шығып тұрады. Өкпеқап күмбезін латералды жағынан шектеледі, медиаоды және алдында материалды және артқы жағында кеңірдек пен өңеш жатады. Өкпеқап қуысы (плевральная полость); (лат.cavum pleuralis, лат. cavum — «қуыс», гр. pleura— «сірлі қабық») — өкпе орналасқан сірлі қабық қуысы. Өкпеқап қуысы—өкпеқап пен қабырғалық сірлі қабық аралығында орналасады, ішінде сірлі сұйық болады. Организмде оң және сол өкпеқап қуыстары болып бөлінеді.