1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Өкпенің құрылысы және қызметі



бет34/72
Дата24.04.2023
өлшемі0,49 Mb.
#86134
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Байланысты:
1. Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері-melimde.com

36.Өкпенің құрылысы және қызметі.
Өкпе (pnevmo) көкірек қуысын алып жатқан конус тәрізді ағза, оның пішіні мен көлемі көкірек клеткасына байланысты. Адамның жасы мен атқаратын жұмысы өкпе көлемі мен пішініне әсер етеді. Өкпе жаңа туған кезде көкірек қуысының 2/3 бөлігін алып жатады. Оның өсуі алғашқы үш айда, ал толық жетілуі жеті жаста аяқталады. Өкпенің түсі ұрықта қызғылт, ал ересек адамда үнемі шаң-тозаң қонуы нәтижесінде көкшіл қоңыр болады. Терең тыныс алғанда өкпеге 4500-5000см³ дейін ауа сияды. Бұл өкпенің өмірлік сыйымдылығы деп аталады. 3500см³ шамасындағы ауа өкпеде қалады. Мұны қалдық ауа деп атайды. Өкпе салмағы жаңа туған кезде 80-90г, ересектерде 1кг болады. Сол өкпеге қарағанда оң өкпе сәл үлкендеу келеді.
Өкпенің бұғана сүйегінің тұсына 2-3см шығып тұратын жерін ұшы, ал көкетке тие жатқан жерін негізі деп атайды. Өкпенің қабырғаларға жанасып жатқан беті дөңес, жүрекке жанасып жатқан жері ойыс келеді. Өкпенің ішкі бетіндегі бронхылар мен артериялар кіретін, веналар мен лимфа тамырларының шығатын жерін өкпе қақпасы деп атайды. Өкпе бетінде көрші жатқан ағзалардың таңбасы бар.
Өкпе терең жатқан сайлары арқылы бірнеше бөліктерге бөлініп жатады. Оң өкпе жоғарғы, ортаңғы, төменгі, ал сол өкпе жоғарғы және төменгі бөліктерге бөлінеді.
Өкпе өзінің құрылысы жөнінен күрделі безге ұқсас. Әрбір өкпе бөліміне брохтар енгеннен кейін, олар майда бронхтарға бөлініп, өкпенің майда бөліктеріне дейін таралады.
Өкпеге екі қан айналу шеңберінің екеуі де келеді. Кіші қан айналу шеңберінің қан тамырлары газ алмасу қызметін, ал үлкен қан айналу шеңберінің қан тамырлары бронхтар мен альвеолдар қабырғасын қоректендіреді.
Өкпені жауып жатқан сірі өкпеқап деп аталады. Ол осы ағзаларды орап жатқан жұқа, жылтыр қабықша. Егер өкпеқап өкпенің сыртын жауып жатса, оны өкпе өкпеқап, ал егер көкірек қуысының қабырғасын астарлап жатса, оны қабырға өкпеқап деп атайды. Екі қабықшаның арасындағы саңылау кеңістікті өкпеқапаралық қуыс дейді. Осы қуыс қысымы сыртқы атмосфера қысымнан төмен. Өкпеқап қуысында сероздық ылғал болады. Ол өкпеқап аралық үйкелісті азайтады. Екі өкпе арасындағы қуысты аралық дейді. Ол екі жағынан өкпемен, алдыңғы жағынан төс сүйегімен, артқы жағынан омыртқа жотасымен шектесіп жатады. Оның өзін алдыңғы және артқы аралық қуыс деп екіге бөледі. Екеуінің шекарасы кеңірдек пен негізгі бронхтар. Алдыңғы көкірек қуысында кеңірдек, бронхтар, өңеш, кезеген жүйке, қолқаның төмен түсер бөлігі және лимфа кеуде ағысы жайғасқан. Осы аталған ағзалар өзара болбыр тіндермен байланыста.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет