1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет83/202
Дата07.12.2022
өлшемі0,58 Mb.
#55509
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   202
Сыртқы топ бұлшықеттеріне:
1) Үлкен бөкселік бұлшықет- m.gluteus maximus.Өте мықты сыртқы пішіні ромб тәрізді келген ірі талшықты бұлшықет. Ол мықын сүйегінің сыртқы бетіндегі бөкселік артқы сызықшадан,linea glutea posterior, сегізкөз сүйегі мен құйымшақомыртқалардың бүйір бетінен және сегізкөз-бұдырлық байламнан, lig. sacrotuberaleбасталады.Бұлшықетталшықтары қигаш бағытта алға және төменқарай бағытталынып, жоғарғы бөлігінің жалпақтау келген апоневроздық сіңіршелерімықын-асықтыжіліктік трактқа, tractus
iliotibialisұласса, төменгі бөлігінің бұлшықетталшықтары ортан жілік сүйегінің шоңданайлық бұдырына, tuberiositasgluteaбарып бекиді.Қызметі: жамбас буынын жазып, аяқты аздап артқа қарай бұрады. Аяқты мықтап ұстаған жағдайда, алға қарай еңкейген тұлғаны, артқа қарайшалқайтады. Тік тұрған жағдайдажамбас пен аяқты бір-біріне жақындатып, сыртқа қарайбұрып, әскери тұрысқа келтіреді.
2) Кіші бел бөкселік бұлшықет- m.gluteus minimus.Мықын сүйгенің сыртқы бетінің алдыңғы бөкселік сызықшасы мен төменгі бөкселік сызықшасының аралығындағы жазықтықтан басталып,одан әрі бұлшықет талшықтарыжинақталып ортан жіліктің үлкен ұршығының алдыңғы бетіне барып бекиді.Қызметі: ортаңғы бөкселік бұлшықеттің қызметіне ұқсас келіп, аяқтыалшақтатып иілген тұлғаны тіктеп ұстауға ықпал етеді.
3) Бөкселік ортаңғы бұлшықет- m.gluteus medius.Бөксенің үлкенбұлшықетінің астында орналасқан. Сыртқы пішіні үшбұрыш тәрізді келген. Бұлшықет талшықтары желпуіш тәрізденіп,мықын сүйегінің сыртқыбетіндегі артқыбөкселік сызықша, linae glutea posteriorмен алдыңғыбөкселік сызықшаның, linae gluteaanteriorаралығындағы жазықтықтан басталып,одан әрі бұліпықет талшықтары жинақталынып,алға және латералды бағытта өтіп, ортан жіліктіңүлкен ұршығына барып бекиді.Қызметі: бұлшықеттердің беткей бұлшықеттер талшықтары жиырылған кезде ортан жілікті ішке қарай бұрса, тереңде орналасқан бұлшықетталшықтары, алға қарай иілген тұлғаны тік ұстауға ықпал етеді.
4) Санның шаршы бұлшықет- m.guadratus femoris.Сыртқы пішінітөртбұрышты текше тәрізді болып келетіндіктен , санның текше тәріздібұлшықеті деп аталуы сол себепті.Бұл бұлшықет бөксенің үлкен бұлшықетінің астыңғы қапталында орналасқан. Ол,шоңданай сүйегі бұдырының латералды бетіненбасталып, алға және төмен бағытта өтіп, ортанжіліктің ұршық аралық қырқасына cristaintertrochanterica барып бекиді.Қызметі: санды сыртқа қарай бұру.
5) Жоғарғы егіз бұлшықеті- m.gemellus superior, шағын сүйір келген бұлшықет.Ол шонданай сүйегініңқылтанағынан, spina ischiadica басталып, алғажәне латералды бағытта өтіп, одан әрі ішкі жапқыш бұлшықеттің, т. obturations internus жоғарғы жиегінің бойымен алға және латералды
бағытта өтіп, ортан жіліктің ұршықтық ойысына, fossa trochanterica, барып бекиді.Қызметі: санды сыртқа қарай бұру.
6) Төменгі егіз бұлшықеті- m.gemellus inferior.Бұлбұлшықеттің бұлшықеттік талшықтары шонданайсүйегінің бұдырынан, tuber ischiadicumбасталып,ортан жіліктің ұршықтық ойысына,fossa trochanterica барып бекиді. Қызметі: санды сыртқа қарай бұру.
7)Сыртқы жапқыш бұлшықеті- m.obturatorius externus, сыртқы пішіні үшбұрыштәрізді бұлшықет. Бұлбұлшықеттіңталшықтары жамбас сүйегінің
жапқыш жарғағының, membrana obturatoria,сыртқы бетінен және жапқыш тесіктің сүйектікжиегінен басталып, одан әрі бұлшықеттердіңталшықтары жинақталып, жамбас буыныныңқапшығын сырттай жанай өтіп, ортан жіліктіңұршықтық ойысына, fossa trochanterica барыпбекиді.Қызметі:санды сыртқа қарай бұру.
8) Жалпақ шандырды керуші бұлшықеті- m.tensor fasciae latae.Жамбастың латералды қапталында орналасып, сыртқы пішіні жалпақтау және сәл ұзыншалау болып келген.Бұлшықеттер талшықтары, мықын сүйегінің алдыңғы төменгіқылқанынан, spina iliaca anterior inferior басталып,вертикалді бағытта төмен қарай өтіп, санның жалпақ фасциясын құраушы мықын-асықтыжіліктік шандырына, tuberiliotibialis ұласып,одан әрі асықты жіліктің бұдырына, tuberositastibiae барып бекиді.Қызметі:санның жалпақ фасциялық шандырын керіп, ию қызметін атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   202




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет